Реферат тақырып: Ұйымның қадрлық саясаты



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата07.12.2022
өлшемі226,3 Kb.
#55477
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Кадрлық Саясат Реферат

Персоналды жоспарлау
Персоналды жоспарлау ұйымының да ондағы 
жұмысшылардың да мүдделерін орындау үшін іске асырылады. 
Жұмысшыларды бірінші кезекте өздерінің 
қабілеттіліктеріне қарай жағдай жасап, жоғары және тұрақты 
еңбекақы төлеп жұмысқа деген қызығушылықты қамтамасыз ету 
керек.
Персоналды басқару барысында менеджер келесі сұрақтарға 
жауап беруі тиіс:
1.Қанша жұмыскерлер, олардың қандай біліктілігі бар, қашан 
және қайда қажет болады?
2.Персоналға әлеуметтік нұқсан келтірмей олардың артығын 
қалай қысқартып, қажеттісін қалай жұмылдыруға болады?
3.Персоналды оның мүмкіндіктеріне сәйкес қалай тиімді 
пайдалануға болады?
4.Біліктілігі жоғары жұмыс орындарын жаңа жұмыс күштерімен 
қамту үшін және персоналды көтермелеу үшін не қажет?
5.Жоспарланған персонал біздің ұйымға қандай шығындарды 
талап етеді?
Персоналды жоспарлауға келесі үш әдіс қолданылады:
1.Теңгерімдік ( теңестірмелі) бұл әдіс бойынша ұйымдағы бар 
ресурстар және жоспарлы мерзімдегі оларға деген қажеттілік 
өзара байланысты болады. Жұмыс істеп жатқан адаммен 
жоспардағы адам саны тең болуы керек.
2. Нормативтік әдіс - мұнда белгілі мерзімдегі жоспарлы 
тапсырыстың өнім бірлігіне шаққандағы әртүрлі ресурстардың 
шығындары өлшенедіде нормамен салыстырылады.


 3.математика статистикалық әдіс – әртүрлі үлгілер негізінде 
персоналды жоспарлау әрекетіін бағлардарламалау, 
программалау ( жазып есептеп жүру )

Персонал маркетингі
Персонал маркетингі - бұл ұйымды ұзақ мерзімде адам 
ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық ic-
әрекеттің түpi.
Персонал маркетингі - персоналды басқару саласындағы 
өндірістік маркетинг функциясының ұлғаюы және кeлeci 
базистік негіздерді қамтиды:
- маркетинг нарыққа бағытталған басқарудың негізгі қағидасы 
ретінде;
- маркетинг басқарушылық шешімдерді іздеудің 
жүйелендірілген әдісі ретінде;
- маркетинг өз ұйымының бәсекелік артықшылығына жету 
құралы ретінде;
- персонал маркетингі жұмыс орнын ұйымға сатылатын өнім 
ретінде сипаттайды.
Қaзipгi шетелдік ұйымдарда персонал маркетингі мәселелерінің 
мазмұны мен құрамын түсіну үшін екі негізгі қағиданы беліп 
қарастыру қажет.
Бірінші қағида персонал маркетингі түсіндірмесін кең 
мағынадақарастыруды көздейді. Персонал маркетингі түсінігі 
адам ресурстарын басқару стратегиясы мен белгілі бір 
философия ретінде беріледі. Бұл жерде персонал ұйымның ішкі 
және сыртқы клиенттері мағынасы ретінде қарастырылады, шын 
мәнінде бұл кәсіпорынды меншікті қызметкерлеріне «сатуы». 
Мұндай маркетингтің мақсаты еңбек етудің тиімділігін 
жоғарылатуға септігін тигізетін барынша қолайлы еңбек 
жағдайларын жасау жолымен кадрлық ресурстарды ұтымды 
пайдалану болып табылады.
Екінші қағида персонал түсіндірмесін қысқа мағынада 
талқылауды ұйғарады - бұл кәсіпорынның кадрлық ресурстарға 
деген қажеттіліктерін анықтап, оны қанағаттандыруға 
бағытталған персоналды басқару қызметінің ерекше функциясы.


Персонал маркетингінің мазмұнын анықтайтын сыртқы 
факторларға келесілер жатады:
- жалпы экономикалық жағдай және салалық іс-әрекетінің халі;
- кәсіпорын мен салалардағы технология деңгейі;
- еңбек заңдарының талаптары;
- қоғамдық өндірістік қарым-қатынастың өзгешілігіне тән 
әлеуметтік қажеттіліктердің және ұйым қызметкерлері 
мотивациясының ерекшіліктері;
- бәсекелес ұйымның кадрлық саясатының ерекшеліктерін 
зерттеп, дербес кадрлық саясаттың стратегиясын жасау.
Персонал маркетингінің ішкі факторлары:
- ұйым мақсаттары;
- қаржылық ресурстар;
- кадрлық қажеттіліктерді қанағаттандыру көздері: шеттен кадр 
«сатып алу» немесе іштен өз кадрларын өсіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет