Кадрларды іріктеу, іріктеу, қабылдау және босату
Серіктестіктегі қызметкерлерді басқару саясатының
болашағына бағытталған ұзақ мерзімді тұжырымдаманы
персоналды жоспарлаудың көмегімен орындауға болады.
Персоналды басқарудың бұл әдісі жұмыс берушілер
мен жұмыс
алушылардың мүдделерін келістіруге және теңестіруге мүмкіндік
береді.
Персоналды жоспарлаудың мақсаты адамдарға керек уақытында
қажетті көлемде, олардың қабілеттілігі мен бейім-ділігіне сәйкес
және өндірістің талаптарына сай жұмыс орындарын ұсынумен
анықталады.
Жұмыс орындары өнімділігі мен уәждеме (мотивация)
тұрғысынан қарағанда жұмыс істейтіндерге ұтымды түрде өз
мүмкіндіктерін дамытуға, еңбектің тиімділігін
қамтамасыздандыруға және адам үшін қажетгі жағдайлар
жасау
талаптарына жауап беретіндей және жұмыспен қамтитындай
мүмкіндіктер беруге тиісті
Қызметкерлерді жоспарлаудың басқа қағидасы болып, ұйымның
шаруашьшық іс- әрекетінің сипатына сәйкес және персоналдың
өзі де үнемі қозғалыста болатындықган,
осыған негізделген оньщ
үздіксіздігі саналады
Үздіксіздік қағидасы барлық жоспарлар келешекті ескере
отырьш жасалынуын, сонымен қатар олар келешекте құрылатын
жоспарларға негіз болатындай, ал
кезекгі жоспарлар
алдыңғысьша негізделінгендей, олардың орындалу нәтижелелері
ескерілетіндей, яғни белгілі бір кезектілік сақталатындай болуын
талап етеді. Қызметкерлерді жоспарлау
қағидаттары сурет
10 көрсетілген.
Жоспарлаудың үздіксіздігі оның икемділік сияқгы қағидасын,
яғни бүрын қабылданған персоналдық шешімдерге үнемі
түзетулер енгізуге немесе өзгермелі жағдайларға сәйкес кез
келген сәгге қайта қарауға мүмкіндік беретіндей қағиданы
орындауға мүмкіндік береді.
¥йымның жеке бөлімдерінің бірлігі мен өзара байланыстары
жоспарлауда үйлестіру және интеграциялау түрінде персоналдар
жөніндегі жоспарлардың келісушілігі сияқты қағидасын
сақгауды талап етеді. Үйлестіру «көлденеңінен» — бір
деңгейдің
бөлімдер арасында, ал интеграция — «тігінен», жоғары және
төмен тұратындар арасында орындалады.Жоспарлаудың ең
маңызды қағидасы үнемділік, яғни
жоспарларды құруға жұмсалған шығындар
оның орындалу
нәтижесінен төмен болуға тиісті деп саналады. Жоспарлаудың
тағы да бір қағидасы жоспарлардың орындалуына қажеггі
жағдайларды жасау болып табылады.
Тактикалық жоспар құрамына арадағы келешек 3 жылдыққа
тапсырмаларды анықтау, мамандардың кәсіби деңгейін
жоғарылату мен стратегиялық жоспар
мақсаттарын нақты
орындау. Оперативтік жоспар шеңберінде күнделікті кадр бөлімі
мәселелері, қызметкерлер қажеттіліктері,өндірістегі үздіксіз
өзгерістерге бейімделу, төтенше жағдайларға байланысты
кадрлықшешімдер қабылдау т.б. жатады.