Реферат Тақырып:Қола дәуіріндегі тастан,сүйектен жасалған еңбек құралдары Орындаған: Тексерген



бет1/3
Дата11.12.2023
өлшемі65,39 Kb.
#137806
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Реферат Нурбол


Қазақстан Республикасының Жоғары Білім және ғылым министірлігі
Е.A.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Тарих факультеті

Археология,этнология және
Отан тарихы кафедрасы


Реферат
Тақырып:Қола дәуіріндегі тастан,сүйектен жасалған еңбек құралдары

Орындаған:


Тексерген:

Қарағанды-2023


Жоспар:
I.Кіріспе
1.2 Қола дәуіріндегі тастан,сүйектен жасалған еңбек құралдары
II. Негізгі бөлім
2.1 Қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстаннан табылған еңбек құралдары
2.2 Қола дәуіріндегі Жетісу археологиялық табылған еңбек құралдары
2.3 Қола дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстаннан табылған еңбек құралдары
III.Қорытынды

Кіріспе
Қола дәуіріндегі тастан,сүйектен жасалған еңбек құралдары


Неолит дәуірінде-ақ байқала бастаған шаруашылық өзгерістері б.з.б. II мыңжылдықта малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургияның қалыптасуына жеткізді.Өндіруші тұрпаттағы экономикаға кешу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер құрды; бұлардың қалыптасуында соғыс қақтығыстары едәуір рөл атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес,сонымен қатар тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиі пайдаланылатын болды.Қару жасау бірте-бірте металл өндеудің дербес саласына айналды.Қола дәуіріндегі қоғамның ілгері басуы екі факторға байланысты. Олардың бірі-жаңа дәуірді белгілеген фактор-палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды.Қола дәуірінің негізгі ерекшеліктері Б.з.б. II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін меңгерді.Қоланың өзі бұйымның неге арналуына қарай,әр түрлі пропорцияда мыс пен қалайының кейде сүрменің, күшаланың,қорғасынның қорытпасы болып табылады.Мыспен салыстырғанда қоланың бірсыпыра артықшылықтары бар: оның өзгешілігі -өзі катты, балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі.Қола еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат бола бастады.Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың,ең алдымен калайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл аумақта металлургияның мықты ошағы шығуының бір себебі болды.Б.з.б. II мыңжылдықтың басында-ақ Еділ бойы,Орал өңірінің,Қазақстан мен Алтайдың далалық тайпаларында кешенді малшылық-егіншілік шаруашылық қалыптасады.
Ал б.з.б. II мыңжылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің ерлеуі байқалады,мал шаруашылығы жедел дамиды.Осы уақыттан бастап далалық Евразия тұрғындарының шаруашылығында мал шаруашылығы неғұрлым көбірек орын ала бастайды.Б.з.б. II мыңжылдықтың аяғында I мыңжылдықтың басында далалық өңірлердегі тұрғындардың көпшілігі шаруашылығын маманданған жаңа түріне-көшпелі мал шаруашылығына көшеді.Батыс Азия мен Шығыс Европаның далалық аймағында бақташы тайпаларының бөлініп шығуы, шынында, б.з.б. II мыңжылдықтың басында болды деуге келеді,алайда әр қилы табиғи ортадағы даму қарқынының әр түрлі болғанын ескеру керек.
1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы жүйесінде Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих,археология,этнография Институты құрылған соң Республика аумағындағы археологиялық зерттеулер қарқындады.Академик Ә.Х. Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (әрі қарай ОҚАЭ) осы өңірдің археологиялық тұрғыдан зерттелуіне жол ашты.Экспедиция Орталық Қазақстан,Қаратаудың солтүстік беткейі,Павлодар облысының оңтүстік-батыс бөлігінде барлау жұмыстарын атқарып қола дәуірінің қоныстарын,қорымдарын және обаларын зерттеді.
1950 жылдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрамында үш топ болды.А.М.Оразбаев басқарған бірінші топ Ботақара, Қанаттас,Елпібек,Егіз Қойтас,Жамбай-Қарасу,Басбалдақ,Алтынсу,Жанайдар және Беласар сынды андрон қорымдарын зерттеумен айналысты Ә.Х.Марғұлан жетекшілік еткен екінші топ кейінгі қола дәуірі мен қоладан ерте темір дәуіріне өтпелі кезең ескерткіштерін зерттеді,М.Қ.Қадырбаев басшылық еткен үшінші топ Саңғұр II қорымын зерттеді.Ә.Х.Марғұлан анықталған материалдар негізінде жариялаған «Горное дело в Центральном Казахстане в древние и средние века» мақаласында түсті және қара металды өндіру орындарының сипаттамасын берді 1961-1963 жж. ОҚАЭ-ның барлау жұмыстары нәтижесінде 30 шақты қоныс ашылды: Атасу, Ортасу (Жаман-Өзен өзенінің алабы), Бұғылы I (Құсмұрын), II (Шопа), III (Қарсақбай), Ақсу-Аюлы, Ақбауыр, Байбала және Шортанды бұлақ, Қарашоқы және Жамантас, ҚараТомар (Далба таулары), Тағыбай бұлақ (Әулие-Қызылтау таулары). Осы ескерткіштердің материалы ҚР МОМ-ның қор коллекциясында қыш ыдыс, еңбек құралы, ат әбзелдері ретінде сақталған. 1961 жылы Ә.Х. Марғұлан және А.М. Оразбаев Ұлытау қонысына, 1962 жылы Суық Бұлақ және Қарқаралы (II) қоныстарына ауқымды зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды. 1963 жылы А.М. Оразбаев Бұғылы II қонысындағы қазба жұмыстарын жалғастырды. 1962 орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы осы қонысты зерттеуге бір маусымын арнады. Алқаптық маусымда үш жартылай жер үсті тұрғын-жай қазылды. А.М.Оразбаев жасаған № 1 және 2 тұрғын жайларын қалпына келтірген диорамасы ҚР МОМ-ның Палеонтология және археология залының экспозициясында қойылған. Ә.Х.Марғұланның алғашқы қазба жұмыстарынан 20 жыл кейін,1975 ж. М.К.Қадырбаевтың жетекшілігімен Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы Атасу қонысындағы қазба жұмыстарын жалғастырды. Бұл ежелгі кен ісі,металлургиямен байланысты мәселелерді зерттеудегі Атасу қонысының мәнділігімен түсіндіріледі.Атасу археологиялық кешенінің басты нысандары:Атасу I,Атасу II (Ақмұстафа),Мыржық қоныстары,(Саңғұр I-ІІІ, Атасу I-III, Ақмұстафа, Мыржық) қорымдар шоғыры, (Сарыбұлақ,Дарат,Босаға,Оғызтау,Кенқазған) кен өндіріс орындары деуге болады.Экспедицияның басты зерттеу нысаны Жезқазған облысы,Ағадыр ауданы,К.Мыңбаев атындағы кенттен оңтүстік-батысқа қарай 35 км тұстағы Атасу I қонысы болды.Далалық жұмыстар барысында тұрғын, шаруашылық жайларының 12 орны толық зерттелді.Атасу I қонысында балқыту,құю жұмыстарына қажетті металлургия өндірісі пештерінің құрылымын,қосалқы жайларды қамтыған 25 кешені анықталды.Осыны ескерсек,Атасу I қонысы материалдарының сипаттамасын жазып жариялаудың ғылыми маңыздылығы зор.Мыржық,Атасу II (Ақмұстафа) қоныстарымен Мыржық қорымында кең көлемді қазба жұмыстары жүргізілді.Бұл нысандардан табылған материалдар Атасу I қонысынан анықталған: жертөле,қыш фрагменттері,мал сүйектері, кен қалдықтары,тотықты жез,сүйек,тас еңбек құралдарына өте жақын ұқсас екенін айтуға болады. Ә.Х.Марғұлан «Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана» атты еңбегінде орта қола кезеңінен XIII-XI ғғ. соңғы қола кезеңі X-VIII ғғ. – Беғазы-дәндібай мәдениетіне өтпелі аралық саты және бұдан кейінгі ерте темір VIII-VII ғғ. ескерткіштерін бөле келіп,соңғы қола кезеңіндегі мәдени дәстүрлердің сақталуын,әрі ерте темір ғасыры мәдениетінің қалыптаса бастағанын көрсетеді.Ә.Х.Марғұлан бір мәдениет шеңберіне екі мәдениет Беғазы-дәндібай (қорымдар материалдары) және сарғара-алексеев (қоныстар материалдары) ескерткіштерін біріктірді. Ескерткіштерді тиістілі кезеңдерге жіктеумен қатар,бұл еңбекте суландыру, шаруашылық дағдысы,құрылыс,зергерлік кәсіп т.б. мәселелерге көңіл бөлінген. М.Қ.Қадырбаев пен Ж.Қ. Құрманқұлов «Культура древних скотоводов и металлургов Сары-Арки» монографиясында материалдарды жүйелеу,талдаумен қатар Атасу І,Мыржық,Ақмұстафа,Ақмая ескерткіштерінің сипаттамасы беріліп, қыш ыдыстар, қыш фрагменттері пішініне, жасалу техникасына, көркемдік шешімі мен техникасына, өрнек түріне, орналасуына қарай алакөл-атасу (б.з.д. XV-XIV ғғ.), федоров-нұра (б.з.д. XIV-XIII ғғ.), алексеев-сарғара және беғазы-дәндібай (б.з.д. XII-IX ғғ.) мәдениеттеріне бөледі.Жиналған материалдар негізінде авторлар б.з.д. ІІ мыңж. Орталық Қазақстан Евразиядағы металлургия орталығының бірі болды деп тұжырымдайды.Солтүстік Бетпақдала қоныстары мен қорымдарындағы зерттеу материалдарының басым бөлігі ҚР МОМ қорында сақталуда.
А.Е.Ержанова «Каменные орудия и изделия поселения Атасу (результаты трасологического анализа)» атты мақаласында Атасу қонысынан табылған ҚР МОМ қорындағы тас еңбек құралдарын трасологиялық тұрғыдан талдаудың сипаттамасын берген.Қазақстан Республикасы МОМ-ның археология қорындағы Орталық Қазақстанның қола дәуірі коллекциядағы тас,сүйек, балшықтан жасалған металлургия,кен ісінде қолданылған еңбек құралдарына әсіресе,кен өндіру,байыту және оны балқытуға дайындауда негізгі құрал – тас еңбек құралдары болып табылады.Қоныстарда кенді уатуға,үгуге қолданылатын тас балға,қайла сынды құралдар жиі ұшырасады.Орталық Қазақстан қола дәуірі коллекциясының зерделенген артефактілері еді.
Ә.Х. Марғұлан және Ж.Қ.Құрманқұлов әзірлеген жіктелім негізінде Сарыарқа халқының шаруашылығы қызметінің түрлері бойынша топтастырылды.Олар өздерінің ғылыми еңбектерінде егін шаруашылығы болғанын жанама растайтын құралдардың саны аз және көп қызметті болғанын атап көрсетеді.Егін шаруашылығы мал шаруашылығымен үйлесе отырып қосалқы қызметтер атқарды.Үй кәсібінен қыш-құмыра өнеркәсібі, былғары және тері өңдеу,иіру мен тігіншілік,сүйек кесу ісі және тас өңдеу жақсы дамыды.Мыс және қалайы кен орындарына негізделген тау-кен ісі мен металлургия жеке кәсіп саласы ретінде қалыптасты.Мамандандырылған өндіріске бөлініп шыққан сүйек пен мүйіз кесу кәсібиліктің жоғарғы деңгейіне жетті.Қола дәуірінің материалдық мәдениетін зерделеуде тау-кен ісінде, егіншілікте, үй кәсіпшілігінде қолданылатын тас еңбек құралдарының маңызы өте зор.Тас еңбек құралдары ежелгі тайпалардың шаруашылық-тіршілік қам-қаракетінің басты салаларының бірден-бір көрсеткіші болып табылады. Еңбек құралдарының түрі,пішіні, сапасы сол қоғамның даму деңгейін аңғартатын басты фактор екендігі сөзсіз.Жалпы адамзаттың ең алғаш іске жаратқан дүниесінің бірі тас.Археологиялық зерттеулер нәтижесінде мыс кенін игерудің бастапқы сатысында (б.з.д. XXII-XVII ғғ.) Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалар тастан түрлі еңбек құралдарын жасап тұтынғаны анықталды. Тастан жасалған еңбек құралдары тарихи дерек ретінде көптеген зерттеушілер назарына іліккені белгілі.Жезқазған геологиялық музейінің негізін қалаушылардың бірі Н.В.Валукинский 1945-1948 жж. Жезқазған аумағындағы кен орындарын барлау-зерттеу барысында ежелгі кеншілер жұртынан тастан жасалған қару түрлері – кен уататын шой балға, құйма қалып, шүмек, тісшелі қалыппен өрнектелген қыш фрагменттері, мыс,күміс және қоладан жасалған жиырма мыңға жуық түрлі заттарды жинаған. Осы материалдардың өзі археология ғылымын Жезқазған сынды кенді аумақтың ежелгі кеніштері, мыс кенін өндірумыс балқыту орындары жайлы мәнді деректермен толықтырғаны сөзсіз (Валукинский, 1948, 33-39).
Тау-кен ісі, металлургия ескертіштерінің тарихы, тас өңдеу кәсібі және еңбек құралдары жайлы бай мәлімет Орталық Қазақстан ескерткіштерін зерттеу, далалық және сараптамалық жұмыстар нәтижелері қамтылған іргелі ғылыми еңбекте (14,2015,532) және Ә.Х.Марғұланның «Орудия труда древних горняков» деген мақаласында (Маргулан, 2001,55-58) баяндалады. аяндалады.Ә.X.Марғұлан «Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана» атты монографиялық еңбегінде Орталық Қазақстанның көпсалалы шаруашылығындағы металлургия мен қыш кәсіпшілігінің маңызын екшеп,тастан жасалған еңбек құралдары,өндірістік қалдықтар көптеп табылған Атасу мысбалқыту кешені, Милықұдық,Сорқұдық,Златоуст,Шортандыбұлақ қоныстардағы өндірістік шеберханалар жайлы нақты археологиялық мәліметтер,Атасу I қонысынан табылған үш мысбалқыту пешінің жоба сызбасын, сипаттамасын келтіреді, мәдени қабаттары, Милықұдық сынды өндірістік нысындарға тоқталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет