Қола дәуіріндегі Жетісу археологиялық табылған еңбек құралдары
Жетісу жеріндегі қола дәуірі ұзақ жылдар бойы нақты зерттеліне қойған жоқ.Мұны ескерткіштердің жүйелі түрде зерттелмеуімен түсіндіруге болады. Әйтсе де қолдағы мағлұматтар қола дәуірінде Жетісу жері де ірі мәдени ошақтардың бірі болғандығын дәлелдеп отыр.Әсіресе соңғы 20 жылдай уақыттан бері атқарылған далалық ізденістер мұнда бірнеше археологиялық мәдениеттердің орнын анықтауға мүмкіндік берген болатын.Кейбір тұжырымдар бойынша б.з.б. XV ғасырдан бастап андроновтық тайпалар оңтүстікке қарай жылжи бастады.
Дегенмен бұл кездерде орын алған дала тұрғындарының миграциясы туралы ғалымдар арасында біркелкі байлам жоқ. Кейбір мамандар осы уақыттарда халық саны артты,олардың оңтүстікке және оңтүстік-шығысқа жылжуы жайылым жерлердің жетіспеушілігінен туындады деп есептейді.Басқа зерттеушілер андроновтықтардың қоныс аударуының негізгі себебін б.з.б.II-мыңжылдық ортасындағы құрғақшылықпен байланыстырады.Табиғатта орын алған өзгерістер андроновтықтарды Жетісудан жаңа жайылымдар іздестіруге мәжбүрледі.Бұл кезеңде жылқыны көлік ретінде мініп жүру кеңінен таралған болатын, мұның өзі алысқа қарай миграция жасауға да мол мүмкіндік берген. Дегенмен,бұл көзқарас археологиялық материалдар бойынша нақтылана қоймаған,себебі көпшілік мамандардың пікірінше:жылқыны мініп жүру кеңінен таралған уақыт андроновтықтардың қоныс аударуынан кейін орын алған.Расын айтқанда, табиғаттағы өзгерістер, халық санының артуы және жаңа жерлерді игеру андронов тайпаларының Жетісуға қоныс аударуына себепкер болған деуге болады.Жоңғар Алатауындағы тау алдында,Іле Алатауының шығыс бөктерлерінде және Күнгей Алатауында сібірлік андронов мәдениетінің дәстүрі анық байқалады.Қорымдардан алынған әйел адамның әшекейлері арасынан кең ауызды сырғалар көптеп кездеседі,жерлеу ғұрпында мүрдені өртеу салты басымдық танытады.Десе де бірқатар ескерткіштердің өзіндік өзгешеліктері байқалады.Мысалы,Көлсайдан және Шелек өзенінің жоғарғы ағысындағы Ұзынбұлақ,Алғабас қорымдарынан ағаштан жасалған жерлеу камералары кездеседі.Ал Жетісудың оңтүстік-батысында мұндай белгілер сиректеу ұшырасады.Жетісудың батыс бөлігінде андроновтықтар б.з.б. II мыңжылдық ортасында пайда болса керек,өйткені Тамғалы шатқалындағы,Аңырақай мен Кіндіктас тауларындағы ең ежелгі ескерткіштер осы уақытпен мерзімделінеді.
Шамамен осы кездері қоныстанушылардың бір бөлігі Көксу өзенінің аңғарына жылжыды,бірақ Жоңғар Алатауындағы тау алды жазығын қоныстанудың мерзімі б.з.б. XII-X ғасырларды қамтиды.Б.з.б. XI-X ғасырларда Түрген,Асы,Шелек,Кеген өзендерінің аңғарларындағы биік таулы жайылымдар игерілді.Кейінгі қола дәуірінде Көксу өзеніндегі Талапты,қазіргі Алматы қаласының аумағындағы Тереңқара,Баянжүрек тауларындағы Тасбас қоныстарында адам баласы тіршілік етіп жатты. Олардан басқа көптеген ескерткіштердің материалдары Жетісу жеріндегі қола дәуірі жайлы мол мәлімет береді.Сөйтіп,Жетісу аумағын қола дәуірі тайпаларының игеруі бірнеше жүз жылдықтарға,соның ішінде б.з.б. VIII ғасырға дейін созылды.Жетісу аумағынан қола дәуірінің қорым, қоныс және жартас суреттерінен тұратын көптеген ескерткіштер ашылған. Жетісудың оңтүстік-батыс бөлігінде қорымдар Құлжабасы мен Шу-Іле тауларының жоталары аралығында;Ой-Жайлауда және Аңырақай тауларында орналасты.Жетісудың солтүстік-шығыс ескерткіштері Көксу өзені аңғары мен Жоңғар Алатауындағы биіктаулы үстірттен,Баянжүрек тауларынан,Көлсай мен Шелек өзендері алабынан табылған. Ал Жетісудың орталығындағы ескерткіштер Алматы маңындағы Майбұлақтан, Ақсай ауылы жанынан,Алматы қаласының аумағынан және де биік таулы аудандардан, Асы, Саты,Кеген өзендері алабтарынан ашылған. Алғашқыда андроновтықтар даланың шағын өзендері жағалауын қоныстанды. Жетісудағы қоныстар баспаналар мен шаруашылық құрылыстардан тұрады. Б.з.б. XII-X ғасырларда халық тау алды аймақтарға жылжыды.Б.з.б. II-I мыңжылдық шегінде Іленің сыртындағы Алатау, Күнгей Алатау мен Жоңғар Алатауы игерілді. Бірнеше ондаған баспаналардан тұратын қоныстар пайда бола бастайды. Солардың бірі - Мұздыбұлақ. Құрылыс салу техникалық тәсілдері де бұл кездері түрлене түседі. Егер алғашқы кездері андроновтықтар жартылай жертөле түріндегі баспаналар тұрғызса, кейінгі қола дәуірі кезеңінде баспаналарды тау баурайларын пайдалана отырып тұрғызды, яғни жартас жыныстарын табиғи қабырға ретінде қолданды.Қоныстар жылы әрі қысты күні температура мейлінше жоғары оңтүстік баурайларда орналасты. Жетісу жерінде Орталық Қазақстанға тән малға арналған шаруашылық құрылысы мен жататын орны қатар тұрғызылған баспаналар өте сирек ұшырасады. Мұнда тас плиталарынан тұрғызылған құрылыстар да жоқтың қасы. Дөңгелек және тікбұрышты пішіндегі жартылай жертөлелер бұл өңірдегі кең таралған баспана еді. Кей жағдайларда бағана шұңқырларының орналасуы, бөренелер мен қамыстардың қалдығы бойынша баспана шатыры екі құламалы (двухскатный) болған деп анықтауға болады.Үлкен үйлерде кейде төрт құламалы шатырлар кездеседі. Көптеген баспаналарда біртіндеп үйдің ішіне түсетін дәліз болды.Әдетте, бүйірінен жерге қазылып қойылған тас плиталардан соғылған ошақ үйдің ортасында орналасты, оның күлін қырнап алуға арналған ойығы болған еді.Кейбір қоныстардан саз балшықтан жасалған сопақша пішінді ошақтар ұшырасқан.Бір бөлмеден тұратын баспаналарда кейде екі-үш ошақ орны кездеседі, мұның өзі баспана әлденеше рет қайта жабдықталып отырғандығын аңартады.Ендігі кезекте археологтар тауып, зерттеген кейбір қоныстарға сипаттамa жасап кетелік.Асы қонысы. Асы өзенінің жағалауында,теңіз деңгейінен 2400 м биік жерде орналасқан. Қонысты А.Н.Марьяшев зерттеген. Қазбаға дейін жер үстінен қоныс аумағын қоршап тұрған қаз-қатар тізілген тас қаландылары анықталған.Қазба барысында үлкен бір баспананың үш қабырғасының негізі аршылған. Баспана қабырғасының қалыңдығы 0,5 м-дей болған.Бұл баспана жерге 1,2-1,3 м кіріп тұрған, қабырғалары таспен қаланған жартылай жертөле іспеттес. Кеспелтекпен көтерілген шатыры екі құламалы болса керек.Шатыр тіреулік ағаш бағаналарға тірелген.Саз балшықпен сыланған еденнен де осындай бағаналардан қалған шұқыр іздері анықталған.Үй далдамен (қалқамен) бөлінген бірнеше бөлек жайлардан тұрды.Баспанадан табылған қыш құмыра оны кейінгі қола дәуіріне жатқызуға мүмкіндік береді.
Жануарлардың сүйектеріне жасалған радикөміртекті талдау ескерткішті бұдан 3040 жыл бұрын игерілгендігін көрсетеді,яғни ол бұл ескеткіштің жас мөлшерін б.з.б. XI ғасырға жатқызады.Қоныстан ірі қара мен қойдың сүйегі көп шыққан, есесіне жылқы сүйегі өте аз.Қоныстың орналасқан жері бұдан 3 мың жылдай уақыт бұрын андроновтықтар Жетісудың биік таулы жайылымдарын игергендігін дәлелдейді.Талапты қонысы.Аталмыш қоныс Көксу өзенінің биік жағалауында,теңіз деңгейінен 800 м биіктікте, Ешкіөлмес жотасының төменгі жағында орналасқан. Оны А.Н.Марьяшев пен А.А.горячев зерттеген.Көксу алабы ежелден өмір сүруге қолайлы аймақ болды. Мұнда қыс далаға қарағанда жылы болды, өйткені тау жотасы аңғарды солтүстіктен келетін суық желдерден қорғады,сондай-ақ таудың оңтүстік беткейлерінде келетін суық желдерден қорғады,сондай-ақ таудың оңтүстік беткейлерінде қар бола қойған жоқ, мұның өзі қыста малдың жайылуына біршама қолайлы жағдай туғызды.Өзен жайылмасын тоғай алып жатты.Өзеннің оң жағалауынан зерттеушілер 15 км-ге дейін созылып жатқан жерден көптеген көне қоныстар, қорымдар мен ғибадатханалар тапқан.Бұл өңір б.з.б. II-мыңжылдық соңғы ширегінде адамзат тығыз қоныстанған экологиялық аймақ болды.Қонысты қазуға дейін оның үстінен тікбұрышты тұрпаттағы (пішіндегі) тас қаландылары анықталған, дәнүккіш пен тас келсап сынықтары жинастырылған. Қоныстың негізгі бөлігін өзен суы шайып кеткен. Қоныстың сақталған бөлігінен бірнеше тастан қаланған жертөлелер мен көлемі 16х18 м, жерге табаны 1 м-дей кіріп тұрған бір «үлкен» үй орны аршылған.Оның кірер есігі «Г» пішіндес.Баспананың ортасында ауданы 2,4х2,2 м,тас плиталары бүйірінен қаланған, күлі тола ошақ орналасқан.Ошақтан шығысқа қарай шұңқырлар орны анықталған. Шұңқырлардың бірі таспен қаланған,олалдын ала-ақ сақтау қоймасы деп мамандар тарапынан анықталған.Екінші шұңқыр мал сүйектеріне, сынған ыдыс қалдықтарына толы,ол қоқыс салатын орын деп белгіленген.Баспана еденінен қайрақ, пышақ тәрізді тас тілік,тас пышақ, жонғы,кетпен,ыдыс қақпағы,ұршықбас секілді тұрмыстық заттар алынған.Баспанаға шығыстан кірер ауыздағы қабырғадан жасалған шағын қуыстан екі бүтін құмыра табылған.Бұл ыдыстардың кішісі үлкен құмыраға салынған.Құмыраларға салынған заттар үйді бәле-жаладан қорғауға арналса керек.Талапты қонысында адамдар ұзақ уақыт өмір сүрді (б.з.б. II мыңжылдық соңы мен б.з.б. I мыңжылдық бас кезі),ал оның тұрғындары мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысып, кешенді шаруашылық жүргізді. Түз тағыларын да аулады.Тұрғындары негізінен қой өсірді,олардың үлес салмағы 75%, өсірілген сиырлар 20%, жылқы 5%.Ой-жайлау қорымы. А.Н.Марьяшев зерттеген бұл қорым Кіндіктас тауларындағы үстіртте орналасқан ең үлкен ескерткіштердің бірі.Ол жыра шетінде орналасқан,2500 шаршы м жерді алып жатыр және де шаршы,трапеция пішінді тас қоршаулардан тұрады. Қоршау ішінде бүйірінен қойылған тас плиталарынан тұратын жәшіктер орналасты.Олардың беті жалпақ плиталармен жабылды. Жәшік ішінде ересек адам жерленді.Осындай үш моладан адамдардың қосарланып жерленгендігі анықталған.Бір-бірімен жапсарласқан жәшіктер конструкциясы да ұшырасады.Жас балалар шағын жәшіктерге және қабір шұңқырларына жерленді.Қайтыс болған адамдардың денесі бүгіліп,басы батысқа қаратылды.Мүрдені өртеу ғұрпы да кездеседі.
Мұндай жағдайда өртенген сүйектер мен күл секілді мүрде қалдықтары молаға қойылды.Осыған ұқсас конструкциялар мен қабірге қойылған заттар Қарақұдықтан, Таңбалыдан,Құлжабасы,Аңырақай мен Қордай тауларынан да кездеседі.Жетісудағы кеңінен танымал ескерткіштердің бірі кезінде А.Г.Максимова зерттеген Қарақұдық қорымы болып табылады.Ол Шу-Іле тауларының солтүстік-шығыс беткейлерінде орналасқан.Қорымдағы тас плиталарымен жабылған жәшіктерге балалар мен жасөспірімдер жерленген.Ересек адамдар тас плиталармен жалпағынан қаланған және беті жабылған цистада жерленген.Дөңгелек,сопақ және тікбұрышты келген қоршауларда балалардың, ересек адамдардың кейбір жәшіктері орналасқан. Сүйек қаңқаларының аяқ-қолы бүгілген, бастары батысқа, солтүстік-батысқа бағытталған.Балалар қабірінің (кейбірі тас плиталармен жабылған) бас жағында бір-бірден ою-өрнексіз саз балшықтан жасалған ыдыс қойылған. Ересек адамдардың қабірінен үлкен ыдыстардың сынықтары,қола моншақтар мен сыртқы жағынан ілмек секілді ұстағышы бар қола айналар табылған.Жетісудың шығыс өңіріндегі таулы аудандарда басқаша жерлеу ғұрпы мен өзгеше конструкциялар кеңінен таралған болатын.Шелек өзені алабында тас плиталарынан тұратын тікбұрышты үлкен қоршаулар анықталған.Мұндағы қоршаудың ортасында, тереңдігі 2 м-ге жететін шұңқырда бірнеше тянь-шаньдық шыршадан тұратын ағаш құрылысы орналасқан.Осындай жәшіктерден міндетті түрде кремация ғұрпы бойынша жерленген бірнеше адам қалдықтары, қыш құмыра мен қола әшекейлері кездеседі.Мұндай типтегі қорымдар Көлсайдан,Алғабас,Ұзынбұлақ,Жылысай ауылдары маңынандағы қорымдардан зерттелінген.Алматы қаласы аумағында ескерткіштер.Іле Алатауының тау алды аймағында орналасқан Алматы қаласын бірқатар тау өзендері кесіп өтеді.Ертеден-ақ бұл жерлер адам баласының тіршілігіне қолайлы өңір ретінде белгілі.Тау алды аймағы қоныстан 2 күндік жол жүрумен-ақ малды тез арада тауға немесе далалы аймақтарға жаюға мүмкіндік берді.Мұнда егіншілік те дамыды.Орман,тас және саз балшықтың мол болуы қоныс құрылыстарын салуды жеңілдетті және тез арада баспана тұрғызуға мүмкіндік берді,нәтижесінде Алматы аумағын б.з.б.II-мыңжылдықта андроновтықтар қоныстанды.Өңірдегі және қала аумағындағы археологиялық ескерткіштер өкінішке орай қазіргі замандағы құрылыстарға байланысты қатты қираған.Бірақ Алматы қаласы аумағындағы қойма-олжалар (көмбелер) мен бірнеше сақталып қалған қоныстар тұрғындар тыныс-тіршілігі жайлы қызықты ақпараттар легін берді.Алматының түрлі аудандарынан құрылыс жұмыстары кезінде қола дәуірінің кездейсоқ олжалары көптеп табылған.Аса қызығушылық туғызатындары «Каменский» мен «Түрксіб» қоймалары.Алғашқысы «Каменское плато», кейінгісі «Түрксіб» санаториялары маңынан табылған болатын.Біріншісі 1 м тереңдіктен,екіншісі 3 м тереңдіктен анықталған.Бұл қоймалардан қола дәуіріне жататын тұрмыстық-шаруашылық заттар (қашау, қыш құмыра, балта, найза ұшы, пышақ, орақ,келсап, т.б.) заттар алынған.Қоймалардың ең ерте кезге жататын уақыты - б.з.б. XIV-XII ғасырлар,ал кейінгілері б.з.б. XII-Х ғасырларға жатады.
Тереңқара қонысы.Алматы қаласының солтүстік шетінде орналасқан бұл қоныс зерттеуші Ф.П.Григорьевтің пікірінше уақытша және маусымдық болған.Оның тұрғындары дөңгелек, аздап жерге еніп тұрған баспаналарда өмір сүрді.Жүргізілген қазба жұмыстары қоныс тұрғындары мал өсірумен және егіншілікпен айналысып, кешенді шаруашылық жүргізгендігін анықтап берді. Соның ішінде мал шаруашылығы басымдық танытқандығы анықталды. Мұны маусымдық баспаналардың салынуынан да көруге болады.Қоныстан ернеуі мен мойын тұсында ою-өрнегі бар қыш құмыра, дәнүккіш пен тас келсап табылан. Ыдыстың бір бөлігі шарықта дайындалған.Үшбұрыш түрінде қызыл бояумен түсірілген көркем суреттері бар ыдыстар да ұшырасады. Мұндай көркем суретті қыш құмыралардың ұшырасуы,сол кездің өзінде-ақ жергілікті тұрғындар Орта Азиямен,соның ішінде осы техника орталықтарының бірі болған Ферғанамен тығыз байланыс орнатқандығын көрсетеді. Қоныс б.з.б. IX-VIII ғасырлармен мерзімделінеді.Бұтақты-1 қонысы. Алматы қаласының оңтүстік-шығыс шетінде,Көктөбе тауларының баурайларында орналасқан бұл қонысты А.А.Горячев басқарған отряд зерттеген.Қоныс Жарбұлақ (Казачка) өзенінің жарлы оң жағалауындағы биік жотада орналасқан. Ескерткіш аумағы өзеннің оң жағалауындағы ұзындығы 1,5-2 км, ені 1 км-дей тегіс террасаны алып жатыр. Археологиялық кешеннің негізгі бөлігі қазіргі уақыттардағы құрылыстар әсерінен қираған,оның тек батыс бөлігі ғана аздап сақталып қалған.Археологиялық зерттеулер нәтижесінде сақталып қалған осы телімнен бірнеше баспана орны анықталған. Олардың арасынан шаршы түріндегі,ауданы 120 шаршы метрге жуық жартылай жертөле аршылған. Оның оңтүстік-шығыс бөлігіндебіртіндеп еденге түсетін пандус түрінде кірер есік болған.Құрылысты салу үшін алдымен тереңдігі 1,2 м қазаншұңқыр қазылған. Қазаншұңқыр қабырғасын айналдыра бағана-тіреуіштер орнатылған.Баспана қабырғасы жіңішке бөренелермен және кесінді ағаштармен тұрғызылып,іші-сырты қызғыш келген жоса қосылған саз балшықпен сыланған. Орталық бөліктегі ошақтың айналасынан төрт ірі ағаш бөренелер орны анықталған, олар шатыр конструкциясындағы тіреулер болса керек. Шатыры төрт құймалы, онда түтін шығатын тесіктің де болуы ықтимал. Тіреу бағаналарының барлығы таспен бекітілген.Баспана құрылысына тяньшаньдық шырша пайдаланылған.Баспананы аршу барысында тұрмыста және шаруашылықта қолданылған заттар (қыш құмыра,келсап, дәнүккіш, болас, қайрақтас, сүйектен жасалған бойтұмар, тескіштер,т.б.), мал сүйектері (қой, жылқы),қола бұйымдар (ине, тескіш, сақина, т.б.) алынған.Қыш құмыралар жасалуына және сипатына қарағанда Орталық Қазақстанның алакөл мәдениетінің ыдыстарына ұқсас болып келеді,бірақ жекелеген пішіндер мен ою-өрнектер Шығыс Қазақстандағы федоровтық кешендерге де келіңкірейді. Радиокөміртекті талдау мәліметтері ескерткіштің б.з.б. XII-XI ғасырларда қирғандығын нақты көрсетіп берді.Егер қола дәуірінде ескерткіштер ұзақ уақыт пайдаланылғандығын ескерсек,онда оның қалыптасуы б.з.б. XIV-XIII ғасырларда орын алғандығын жорамалдауға болады.Жетісу жеріндегі жарқын ескерткіштердің бірі жартас суреттері болып табылады.Тасқа қашап салынған мұндай суреттер сол кездері өмір сүрген адамдардың дүниетанымы,жосын-жоралғылары мен шаруашылығы жайлы молынан хабар береді. Андронов тайпаларының кеңінен танымал болған мұндай «ашық аспан астындағы ғибадатханалары» Таңбалыдан,Ешкіөлмес, Құлжабасы және Баянжүрек тауларынан табылған.Таңбалы ғибадатханасы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 км жерде орналасқан.Ондағы қола дәуіріне жататын петроглифтер шатқалдың төменгі бөлігінде шоғырланған, тас плиталарына, ірі жартас блоктарына және де баруға болатын қолайлы жерлерге салынған. Бұл ескерткішті,А.Г.Максимова,A.Н.Марьяшев, A. С.Ермолаева,А.Рогожинский, т.б. зерттеген.
Таңбалыдағы ғибадатхана (мінәжат орнында) орталығындағы жартастар өзіндік амфитеатрды құрайды.Сірә,осы жерде күн мен құнарлылық культтарына байланысты жосын-жоралғылар атқарылған болса керек.Құз жартастардың жоғарғы ярустарының бірінде басы күн шуағын шашып тұрған фигура бедерленген.Төменде айнала қол ұстасып әндетіп билеп жүрген адамдар бейнеленген. Олардың арасында қару-жарақ ұстаған,бас киім немесе маска киген адамдардың,босанып жатқан әйелдің бейнелері секілді түрлі топтарды бақылауға болатындықтан, орталық көріністе қола дәуірінің адамдары пайымдаған әлемнің құрылымы,үйлесімділігі бейнеленген деуге болады.
«Күн басты» кейіпкерлердің жоғарыда орналасуы жоғарғы әлем туралы түсінікті білдірген, ал одан төменде қасиетті аңдар мен адамдар бедерленген.Таңбалыдан күн басты құдайлардың барлығы 25 бейнесі табылған, олардың басым бөлігі б.з.б. XIV-XI ғасырлармен мерзімделінеді.Бұл жерден құрбандыққа шалынған немесе шалынып жатқан өгіздіңбірнеше айқын көріністері белгілі болған.Қола дәуіріндегі басқа да қызықты ескерткіштердің бірі Ешкіөлмес тауларындағы Көксу өзені алабындағы петроглифтер шоғыры болып табылады.
Ескерткішті А.Н.Марьяшев,А.А.Горячев,С.А.Потапов зерттеген.Ешкіөлмес петроглифтері 15 шатқалда орналасқан және де батыстан шығысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр.
Қола дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстаннан табылған еңбек құралдары
Мұндағы ортаңғы қола дәуірін Қаратаудың солтүстік беткейлеріндегі Таутары қорымы сипаттайды. Оны А.Г.Максимова зерттеген. Бейіт үсті ескерткіштері – бүйірінен қазылып қойылған тақта тастардан (тас плиталарынан) немесе жер бетіне қойылған тастардан тұратын тікбұрышты, шаршы түріндегі,сопақша,дөңгелек келген қоршаулар. Жерлеу кейде тақта таспен жабылған топырақ шұңқырларда атқарылды.Мүрдені өртеу ғұрпы басым болған. Өртелген сҥйектерді көбіне қабір шұңқырының батыс жағына 134 бір немесе бірнеше жерге үйіп қойды немесе түбіне шашып тастады. Қабірге бірден беске дейін тағам салынған ыдыстар қойылды.Ыдыстардың түбі жалпақ, олар екі тұрпатты: банка мен иық тұсы дөңгеленген немесе мойынынан денесіне үтер тұсы аздап кертпіштелген қыш ыдыс.Олардың өрнегі, негізінен, тарақты штамппен көмкерілген. Әдетте ыдыстың мойын тұсы, денесінің жоғарғы бөлігі, кейде түп жағы және де түбі өрнектелген. Тең бүйірлі кескінді үшбұрыш,үзілген сызық,меандр, басылған үшбұрыш түріндегі ою-өрнектер кеңінен таралған.Банка түріндегі ыдыстардың ою-үрнегі жоқ немесе тең бүйірлі үшбұрыштармен өрнектелген.Қоладан және алтыннан жасалған ұсақ бұйымдардың дені әшекейлер болып табылады.Олардың арасында «табанды» және тесігі бар сопақша алқалар, сауытшалар, жүзіктер, тескіштер, моншақтар, алтынмен қапталған сымнан жасалған самай сырғалар, пастадан, шыны тәрізді массадан жасалған моншақ, киімге тағылатын қола қапсырмалар бар. 1976 жылы жҥргізілген жүйелі де жоспарлы археологиялық жұмыстар Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан да қола дәуірінің ескерткіштерін табуға септігін тигізген болатын.Мұнда Оңтҥстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының бағыттық-іздестіру (обалық) отряды Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында далалық жұмыстар жҥргізеді де,аудан жерінен бірнеше археологиялық кешендер табады. Отряд Бесарық өзені жағасындағы қола дәуіріне жататын Күйікті қорымынан бірнеше тік бҧрышты қоршауларды қазады.Зираттағы кӛлемі әрқилы алты секциядан тұратын қоршаудан Таутары кешенінің материалдарына ұқсас сан алуан заттар алынады.Зерттеушілер (Ә.К.Ақышев) Күйікті зиратын андронов мәдениетінің кейінгі кезеңіне жатқызады да,онда жерленген тайпа ӛкілдері Орталық Қазақстан тайпаларымен мәдени байланыс орнатқан деп жорамал жасайды. Оны ең алдымен қыш ыдыстары,қабір құрылыстары айқындап берген еді.Жалпы алғанда,Оңтҥстік Қазақстаннан 1970-1990 жылдар аралығында табылған қола дәуірі ескерткіштерінің зерттелу тарихы А.А. Рүстемовтың «К вопросу изучения эпохи бронзы Южного Казахстана» мақаласында бір жүйеге түсірілген.Онда автор республиканың оңтүстігінде зерттеулер жүргізген ғалымдардың (А.Г. Максимова, Ә.К. Ақышев, т.б.) жұмыстарын қорытындылай келе 1980 жылдары ашылған бірқатар ескерткіштердің материалдарын ғылыми сараптамадан өткізеді.Автор ең алдымен қола дәуірі ескерткіштері шоғырланған аудандар қатарына Арыс, Келес өзендері алабын, Қаржантау, Қазығұрт,Боралдай тауларын қосады.Ол әсіресе қазіргі Бәйдебек ауданындағы (бұрынғы Алғабас – авт.) Жамбыл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан Ақтөбе атты қорым обаларына ерекше көңіл бөлген. Мұнда №43 обаны қазған кезде тас плиталы қабірден (100х60 см, тереңдігі 70 см) түбі жалпақ андроновтық типтегі өрнексіз құмыра сынықтары шыққан.А.А.Рҥстемов мұндай құмыралар Таутары ыдыстарына ұқсас дейді де,ескерткішті жас баланың бейіті болған деген пікірге келіп,хронологиялық мерзімін б.з.б. ХІ-ІХ ғасырлармен белгілейді.135 1982 жылы Шымкент педагогикалық институты жабдықтаған археологиялық экспедицияның іздестіру отряды қазіргі Ордабасы ауданындағы Бөген су қоймасы (оған құятын Бөген өзенінің сол жақ жағасындағы су шайған жалдан) аймағынан андроновтық типтегі өрнегі әлсіз байқалатын екі құмыра (бірінің биіктігі 20 см, дене тҧрқы 20 см, ернеуінің дм 18 см,түбінің дм 11 см; екіншісі одан кішілеу) аршып алады.Бұл қыш ыдыстарды мамандар Орталық Қазақстандағы беғазы-дәндібай мәдениетіне жақын және б.з.б. ХІ-ІХ ғасырларға жатады деп есептейді. 2000 жылы сәуір айында Түркістан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Е.А.Смағұлов) Түркістан қаласынан оңтҥстікке қарай 5 км жерден қола дәуірінің Шербай қорымын тапты. Қорымның аумағы 1800 шаршы м, одан әр дәуірге жататын 20-дан астам жерлеу құрылыстары анықталған. Олар үш топқа (Шербай-1-3) бөлінеді. Қазба кезінде ерте темір дәуірінің бастапқы кезіне жататын 1 қабір (ерте сақ заманы, Шербай-1, №7-қабір), одан кейінгі уақытқа жататын 2 мола (қауыншы мәдениетіне тән; Шербай-1, №4, 13 қабір) аршылған. Қола дәуірінің ескерткіштерінен (Шербай-1, №1-3 қабірлер; Шербай-3, №1 қабір) андроновтық мәдени-тарихи қауымдастыққа тән мал ӛсірушілердің материалдары алынған. Қабір шҧңқырларынан (беті ағашпен жабылса керек, ҥсті топырақпен ҥйілуі де мҥмкін) 1-5 дана қыш ыдыстар,кремацияланған адам сүйектері (Шербай-1, №11 моладан ғана басы батысқа қаратылған, аяқ-қолы бҥгіліп, сол жағымен жерленген мәйіт қалдықтары шыққан), металл бұйымдар алынған.Металл бұйымдар арасында қоладан,күмістен жасалған білезік, кеудеге тағылатын тоғалар,моншақтар да кездеседі. Зираттағы қола дәуіріне жататын ескерткіштер материалдары Оңтүстік Қазақстандағы Таутары қорымына өте ұқсас екендігі анықталған.Археологтар Шербай қорымын андронов мәдени-тарихи қауымдастығына енетін федоров мәдениетіне жатқызады
Қорытынды
Қола дәуірі-адамзат тарихындағы құрал-саймандар мен қару-жарақ жасаудың негізгі материалы қола,мыс пен қалайы қорытпасы болған кезең. Қола дәуірі әлемнің әр түрлі аймақтарында әр уақытта басталды,бірақ жалпы б.з.д. 3500-1200 жылдар аралығын қамтиды.Қола дәуіріндегі құралдар тас дәуіріндегі құралдарға қарағанда әлдеқайда жетілдірілген.Олар берік,өткір және берік болды.
Бұл адамдарға егіншілікпен,мал шаруашылығымен,құрылыспен және аңшылықпен тиімді айналысуға мүмкіндік берді.Металл балқытуымен адамзат өз дамуында келесі кезеңге өтті. Бұл кезеңнің негізгі материалы мыс пен қалайының қоспасы болғандықтан археологтар оны қола ғасыры деп атады. Қоладан әртүрлі еңбек құралдары жасалды – орақ, кетпен, әшекейлер т.б. құралдар. Қола ғасырының өзіне тән ерекшелігі – металлургия мен дамыған жер және мал шаруашылығының кешенді дамуы. Қазақстан жерінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуымен жаңа өзіндік мәдениет қауымдастықтары пайда болды, олар неолит дәстүрін жалғастырды.Осы жергілікті мәдениеттердің бәрі көп жағдайда ұқсас болды, сондықтан оларды жаңа археологиялық мәдениетке – Андронов мәдениетіне біріктірді. Бұл мәдениет Минусинк ойпатында табылған жердің атымен аталды. Ол екі кезеңге ерте және орта қола ғасыры болып бөлінеді. Жабайы жануарларды қолға үйретуге көшу адам қоғамы дамуының заңды кезеңі болды. Жабайы жануарларды қолға үйрету сонау неолит дәуірінде басталды. Неолиттен кейінгі қола дәуірінде қолға үйретілген жануарлардың саны көбейді. Малдың түр құрамы да көбейді. Қола дәуірі шаруашылық нысаны ретіндегі мал шаруашылығының үздіксіз дамыған уақыты болды.
Қола дәуіріндегі құралдардың негізгі түрлері:
Қылыш - қола дәуірінің негізгі қаруы. Қылыштардың өлшемдері мен пішіндері әртүрлі болды, бірақ олар әдетте тік, өткір жүзі бар.
Балта-ағаш кесу, құрылыс, ағаш және тасты өңдеу үшін қолданылатын көп функциялы құрал.
Қанжар-белбеуінде қынаппен алып жүретін қысқа пышақтайтын қару.
Білік-аң аулау және соғыс үшін пайдаланылған ұзын пышақтау немесе кесу құралы.
Садақ пен жебе аң аулаудың негізгі қаруы.
Жебе ұштары-жебе ұштары үшін пайдаланылды.
Орақ-дәнді дақылдарды кесу үшін қолданылатын ауылшаруашылық құралы.
Таяқша-жерді жырту үшін қолданылатын ауылшаруашылық құралы.
Соқа-жерді жырту үшін қолданылатын ауылшаруашылық құралы.
Доңғалақ-қоғамның дамуына үлкен әсер еткен қола дәуірінің өнертабысы.
Сонымен қатар, қола дәуірінде қыш жасау, тоқу, былғары және ағаш өңдеу сияқты қолөнер дамыды.
Қола дәуіріндегі құралдар әртүрлі қола сорттарынан жасалған. Қоланың сапасы оның құрамындағы мыс пен қалайыға байланысты болды. Қолада мыс неғұрлым көп болса, соғұрлым ол қаттырақ, бірақ сонымен бірге аз иілгіш болды. Қолада қалайы неғұрлым көп болса,соғұрлым ол жұмсақ, бірақ сонымен бірге икемді болды.
Қазақ жеріндегі қола дәуірінің мекендері.Қола дәуірі-адамзат тарихындағы аса маңызды мәдени-тарихи кезең. Ол қоладан жасалған еңбек құралдарының, қару-жарақтардың, әшекей бұйымдардың және түрлі тұтыну заттарының кең таралуымен сипатталады. Бұл дәуір б.з.б. IV мыңжылдықтың соңынан б.з.б. I мыңыншы жылдықтың басына дейінгі уақытты қамтиды.Неолит дәуірінде-ақ орын алған шаруашылық өзгерістер б.з.б. II мыңжылдықта малшылық-егіншілік экономика мен едәуір дамыған металлургияның қалыптасуына алып келді. Өндіруші экономикаға көшу бүкіл Қазақстан аумағындағы жағдайды түбегейлі өзгертті. Археологиялық материалдар бойынша, Андронов ескерткіштері қалдырған далалық малшы-егінші тайпалардың мәдениеттерінің ортақтығы баршаға мәлім болып отыр. Барлық жергілікті ерекшеліктеріне қарамастан, ұлан-байтақ аумаққа тараған бұл тайпалар өзара жақын мәдени біркелкілікте өмір кешті.
Адамзаттың жаңа дәуірге аяқ басқанын көрсететін негізгі фактор өндірістік жолмен палеометалдарды игеру болды. Б.з.б. II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін игеріп алды. Қоланың құрамына ерітілген мыс пен қалайы, кейде сүрме, күшала, қорғасын әр түрлі мөлшерде араласып кете беретін еді. Дегенмен де жаңа заманда қола қару-жарақ пен еңбек құралдарын жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат бола бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы мен мыс рудаларының барынша молдығы осы аумақта мықты металлургия ошақтарының пайда болуының бір себебі болды.
Ертеден-ақ Қазақстан аумағында мыстың, қалайының, алтынның бай кен ошақтары белгілі болған. Көптеген мыстан (Жезқазған, Зыряновск, Қаршыға, Жалтыр, Ашылы), қалайыдан (Атасу таулары, Қалбынды және Нарымды жоталары), алтыннан жасалған көне бұйымдар (Степняк,Қазаншұңқыр, Балажал, Ақжал) осы аумақтың ежелден бері металлургияның орталығы екенін дәлелдейді. Көне заманда тотыққан кенді өндіру мен балқыту ісі айтарлықтай үлкен көлемге дейін жеткен.
Метал өндіруге машықтанған адамдар құрамында мыс пен қалайыға бай тотыққан руданы (малахит, лазурит, касситерит) өндіретін болды. Өндірудің түрі мен әдісі рудалы қабаттың орналасқан жеріне байланысты болды. Үңгіп алу жұмысы тек рудалы өзектердің бойымен жүргізілді, ал бос топырақ қозғалмай қала берді. Қазуға көнбейтін тығыз рудаларға отпен қыздырып уату әдісі қолданылды.
Ал б.з.б. II мыңжылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпалар өмірінде түбірлі өзгерістер байқалады, мал шаруашылығы жедел дамыды. Б.з.б. II мыңжылдықтың соңы мен I мыңжылдықтың басында далалық өңірлердегі тұрғындардың көпшілігі шаруашылықтың жаңа маманданған түріне мал шаруашылығына көше бастады.Алғашқы дәстүрлі шаруашылыққа бейімделген экономиканың өркендеуіне бәрінен бұрын табиғи-климаттық өзгерістер себепші болды. Климат ылғалы аз, таза құрғақшылыққа қарай ауысты. Ұзақ уақыт бойы бір жерде тұрақтаған Батыс және Орталық Қазақстанның тайпалары су жинаудың жаңа әдісін – құдықты ойлап табады.Тұрғындардың қоғамдық құрылысы мен отбасылық-некелік қатынастарында да елеулі өзгерістер көрініс бере бастады. Қола дәуірінде экономиканың басты екі бағытының, мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы өндіргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, әлеуметтік өмірдегі ірі өзгерістерге жетеледі. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде теңсіздік орнады.
Айта кетер бір маңызды мәселе,қола дәуірінде Сібірдің, Оралдың, Қазақстанның және Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын шығу тегі және тарихи тағдырлары ортақ болып келетін туыстас тайпалар мекендеді және бұлар өздерінен кейін қайталанбас үлгідегі төл мәдениеттерін қалдырды. Осындай ерекше мәдениеттің ошағы Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андронов ауылынан табылғандықтан ғылымда шартты түрде «Андронов мәдениеті» деп аталады. Мұндағы қазба жұмыстарды 1913 жылы Б.Г. Андриянов жүргізді.Ал 1927 жылы археолог М.П. Грязнов Батыс Қазақстанда осыған ұқсас обаларды тауып,андронов мәдениетінің ескерткіштері шығыста Минусинсктен бастап батыстағы Оралға дейін таралғанын анықтады.Кейінірек андронов ескерткіштері Оңтүстік Қазақстанда да, Жетісуда және Орта Азияда табылды.
Андронов мәдениетінің белгілері және Қазақстандағы этномәдени ерекшеліктері. Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі Қазақтан аумағында болды. Археологиялық деректер андроновтық тұрғындардың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүргенін байқатты. Олардың қоныс-мекендері кең жайылымды шалғынды өзендердің жағалауларында орналасқан. Патриархаттық отбасылардың тұрғын үйлері үлкен жертөлелердің жанында шаруашылыққа қолайлы құрылыстар мен мал қамайтын қашалар салынған жерде болды. Андронов кезеңімен байланысты металдардан жасалған еңбек құралдары, тұрмыстық заттар, қару-жарақтар мен сәнді бұйымдар: ұңғысы бар, дүмі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға-шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және түрлі ілмешектер адамдардың тұрмысында көп таралды.
Андронов тұрақтарын басқа тайпалардан айыратын мәдениеттің ең басты этнографиялық белгілері жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнегі бар қыш ыдыстардың өзіндік жиынтығы, формасы бар металл бұйымдар болып табылады. Андронов тайпалары тұрқы әр түрлі тас қоршаулар түрінде зираттар тұрғызды: олар тік бұрышты, дөңгелек, және сопақша болып келеді. Кейде, мысалы, Орал өңірінде бұлардың орнына обалар түріндегі қорғандар үйілді. Өлген тайпалас адамдар не өртелді, немесе ерекше әдіспен бір қырынан жатқызылып, қол-аяғы жинақталып, тас тақталардан жасалған «жәшікке» немесе қазылған төрт бұрышты шұңқырға жерленді.
Ыдыстар қолдан жасалынды. Бұдан бұрын жасалынған түбі шығыңқы домаланып келетін ыдыстардың орнына,енді түбі тайпақ ыдыстар жасалына бастады. Олардың сыртқы беті тарақ тәрізді немесе басқадай күрделі геометриялық өрнектермен сәнделді. Өндіріс техникасының дамығандығы және қола заттар мен қыш ыдыстардың түрлерінің әдемілігі андронов мәдениетінің деңгейі жоғары болғанын көрсетеді. Бүгінгі зерттеулер қола дәуірінде өмір сүрген және андронов мәдениетін жасаған тайпалардың антропологиялық кескін-келбеттерінде еуропойдтық белгілер басым екендігін дәлелдеген.Қола құралдарын жасау күрделі технологияны қажет етті. Алдымен мыс пен қалайы бөлек ериді,содан кейін араласады. Жалпы Орталық Қазақстан қола дәуірі коллекциясындағы тастан жасалған еңбек құралдары кен өндіру, сұрыптау,минералдарды үгу, кенді балқытуға дайындау және 4424 металлдан,саз балшықтан жасалған түрлі заттарды өңдеуге,ал кішігірім келсаптар,тегістеуіш, жылтыратқыш,қайрақ, т.б. құралдардың сыртқы бетін тегістеу,жылтырату,балта,кетпеннің жүзін өткірлеуге лайықталған.
Қорытындылай келе,Орталық Қазақстан аумағында қола дәуірінде кен ісі, металлургия өндірісі дамып,тұрмысқа металдан жасалған құралдар дендеп енгенімен де өндірістің жаңа,барынша қуатты түрі тасты өңдеу,іске жарату деңгейінің жандануына игі ықпал етті деп тұжырымдауға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Агеева Е. И., Заднепровская Т. Н. Библиография по археологии и древней истории Сырдарьи и Семиречья // Труды Института истории, археологии и этнографии АН КазССР. Алма-Ата, 1960. Т.7. С.271-307.
2.Акишев К. А. Археологические исследования в Казахстане // Историческая наука Советского Казахстана. Алма-Ата, 1990. – С.231-246. Актуальные проблемы историографии древнего Казахстана: Обзор. АлмаАта, 1989. Археологические исследования в Южном Казахстане (1970-1980-е гг.): Обзор. Алма-Ата, 1984.
3.Байпаков К.М. Проблемы археологических исследований позднесредневековых городов Казахстана: Обзор. Алма-Ата, 1990.
4.Байпаков К.М. Археологические исследования в Казахстане (1991-1995). Российская археология. №1. М., 1996. С.232-248. Байпаков К. М. Историография древнего и средневекового Казахстана (из истории изучения археологических памятников в Казахстане). Проблемы археологии и их разработки. История исследований культуры Казахстана. А., 1997. С.19-46.
5.Байпаков К. М., Петенева Г. Г. Институту археологии 10 лет // Известия МО и НАН РК. Серия общественная. № 1. 2001. С.3-31. Байпаков К. М., Воякин Д. А. Тенденции и перспективы развития археологии Казахстана // Известия НАН РК. Серия общественная. № 1, 2005. С. 3-28.
6.Әбдәкімов А. Қазақстан тарихы. Астана, 1999.
7.Артықбаев Ж.О. Казахское общество: традиции и инновации. Қарағанды, 1993.
8.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Астана, 2006.
9.Асфендияров С., Кунте П. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Т.1. Алматы, 1935; Алматы, 1998.
10. Қазақстан тарихы ежелгі дәуірден бүгінгі уақытқа дейін. Очерк. Алматы, 1993
11.Қазақстан тарихы ежелгі дәуірден бүгінгі уақытқа дейін. Бес томдық. Алматы, 2000. Т.3. Бөлім II. Тарау 1,2,4.
Достарыңызбен бөлісу: |