Министерство Образования и Науки Республики Казахстан
Алматинский технологический университет
Кафедра:
Реферат
Такырыбы:Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы.
Орындаған: Ерсайын Қарақат
Тексерген:Досекеева Кульмира
Алматы 2023 ж
Жоспар:
1.Түркі өркениеті
2.Ұлы Жібек жолы
3.Қорытынды
1.VII-VIIII ғасырларда өздері тудырған жазба ескерткіштері арқылы (Орхон-Енисей немесе Өтүкен түркі ескерткіштері) өздерінің шыққан тегінің тарихын құжаттандырған түркілер («түрк бұдын») барлық түркі текті халықтардың (оғыз, қыпшақ, қырғыз, ұйғыр т.б.) одағын құруға үлкен мән-маңыз берген. Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасыр қытай деректерінде және одан кейінгі деректерде «ту-у», «тукю», «тукюе», «түркіт», «төрүк», «түрүк» және нақты атауымен «түркі» деп аталған түркі халықтары Еуразияның, әсіресе, соңғы 1500 жылдық тарихында архаикалық сипаттағы мемлекеттілікті заманауи мемлекеттілік деңгейіне дейін дамытқан, әрі өз тағдырын ежелгі дүниенің бүкіл халықтарының тағдырымен бірге байланыстырған халық болған. «Түркі» этнонимінің этимологиясы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылса да, XIX-ғасырдың танымал мажар түрктанушысы Арминий Вамбери мен профессор Фарук Сумер оның «төремек» (сөздің түбірі - «төрә»; «төрү», яғни туындау, пайда болу) етістігінен пайда болғанын шындыққа жақындау жорамал деп санаған. IX ғасырдың ұлы түркі ойшылы, энциклопедист тіл маманы Махмұд Қашқари «Диуан-и лұғат-ит түрк» атты классикалық еңбегінде «түркі» атауын түркілерге Тәңірдің бергенін айта келе, аталмыш сөзді «жастық, жетілушілік, құдірет пен күш-қуат» деген мағыналармен байланыстырған. Х ғасырдағы ұйғыр мәтіндерінде де «түрк» сөзінің «күш, қуат» деген мағына бергені бұл пікірді күшейте түседі.
XX ғасырдың басында өмір сүрген неміс археолог, түрколог Альберт фон Лекок да осы пікірді қолдайды. Түркі саяси мәдениетінің ықпалында жазылған Иран деректерінде «түркі» сөзінің мағынасы «сұлу адам» деп түсіндіріледі. Тарихи фактілер бойынша, түркі әулеттік бірлестіктерінде «түркі» тектілік, ақсүйектікті білдірген сөз ретінде де қолданылған, түркі аристократиясының жоғары шенді өкілдеріне, әскер қолбасшыларына қатысты болған. Мысалы, еуразиятанушы Лев Гумилевтің түсіндіруі бойынша, «Көктүрк» (немесе Ұлы Түрк) қағанатының (552-745) құрушы қолбасшыларының бірінің «Қара Чурин Түрк» деп аталуы кездейсоқ емес. Орхон-Енисей ескерткіштерінде бұл семантика ерекше назар аудартады. «Түркі» сөзінің басқа тілдерден енбегендігі, сондай-ақ басқа тілдерде ешқандай мағына білдірмейтіндігі де анық мәлім. Түркілер бұл атауды өздеріне өздері берген. Кейін әлем де мұны қабылдаған. VI-VIII ғасырлардан бастап, «түркі» сөзі этникалық, культурологиялық және саяси мағынада түркілердің өздерінің және басқа халықтардың деректерінеь(көбіне қытай, араб, кейіннен Иран, Византия, Рим, Сирия, Тибет, санскрит және т.б.) мықтап, өшпестей қашалып жазылған. «Түркі» этнонимі жалпы түркі этноқұрамдалудың барлық тарихи сатыларында осы процестің жетекші өркениеті, әрі мәдени, саяси дамуының алға итермелеуші күші ретінде қызмет атқарған. «Түркі» этнонимінің бұдан да негізді түрде зерттелуіне сеп боларлық, бірақ әлі де жеткілікті деңгейде қарастырылмаған сенімді дереккөздер де баршылық. Мысалы, «тарихтың атасы» Геродоттың (б.з.д. 484-425 ) «Тарихитас» атты еңбегі, біздің заманымыздың I ғасырында өмір сүрген ежелгі Римнің тарихшысы, әрі географы Помпоний Меланың «Сипаттамалы география» және Гай Плиний Секундтың «Табиғи тарих» атты еңбектері. Соңғы екі автор «Turcae» немесе «Tyrcae» деп, ал жинақтап айтқанда «түркілер» деп атаған этнобірлестіктің Азак аймағында, яғни қазіргі Азов маңайында, Қара теңіздің солтүстік аймақтарында өмір сүргенін білдірген. Енді сөзімізді түркі өркениетіне қарай бұрсақ. Түркі өркениеті - әлемнің іргелі құндылықтарға ие ең белгілі өркениеттерінің бірі. Біздің дәуірімізге дейінгі мыңжылдықтарда Еуразияның ортасында пайда болған бұл өркениет шығыс пен батыс, солтүстік пен оңтүстік бағыттарда үнемі кеңейіп, жаңа ерекшеліктермен толығып отырған. Жалпы түркі мәдениетінің өзегінде қалыптасқан түркі өркениеті мыңдаған жылдар бойы барлық негізгі өркениеттермен (қытай, жапон, үнді, араб, иран, еуропа, славян) үнемі қарым-қатынаста болып, Еуразияның трансконтиненттік архитектоникасы мен мультикультурализм кеңістігін қалыптастыру қызметін жоғары деңгейде жүзеге асырып, көп нәсілді, көп тілді, көп мәдениетті және көп дінді түркі қалаларының мультикультуралист дүниетанымының нақты көрінісі ретінде дамыған. Тарих сахнасынан кеткен ежелгі дәуір өркениеттерінің (Мысыр, шумер, майя т.б.) жаңа өркениеттермен түрленіп, өзгергені мәлім. Ал түркі өркениеті болса, көне дәуірден қазіргі дәуірге дейін жалғасып келе жатқан бірегей өркениеттердің бірі. Алайда өркениет проблемаларына қатысты бірқатар теория мен тұжырымдамаларда әлем өркениеттері жіктелген кезде түркі өркениеті феноменінің белгілі бір саяси көзқарастар мен мүдделерге байланысты ғылыми назардан әдейі шетқақпайланғанын да ескеру керек. Көптеген жағдайда, осы өркениеттің әлемнің саяси-мәдени тарихындағы рөлін азайтып, не болмаса толықтай жоқ етіп көрсетуге тырысу әрекетін байқауға болады. Адамзат тарихы тудырған ең тамаша өркениеттердің бірі болып саналатын түркі өркениетінің ескерілмей қалуының нақты бір себебі бар. Түркі өркениетінің тарихы, бүгіні мен келешек бағдарларының бұдан да қарқынды түрде ғылыми зерттеулерге арқау болуы оның жаһандық мәдени-гуманитарлық кеңістік тұтастығын қазіргі кезеңде де қорғап, сақтап қалғанын көрсетеді және бұл кеңістіктің саяси
біртұтастығының қалыптасуы оның жаңа күш орталығына айналу мүмкіндігін арттырады. Ал негізінде жаһандану үдерістері үдей түскен қазіргі заманда бүкіл әлемдік өркениеттің құрамдас бөлшегі ретінде түркі өркениетінің оқытылып, үйретілуі жаһандану тенденциялары мен оның даму келешегіне баға беру тұрғысынан аса өзекті мәселе. Түркі өркениетінің өмір сүруін қамтамасыз еткен ең маңызды фактор оның әлемдік тілдік семьялардан өзгеше лингвистикалық жүйеге кіретін, яғни Алтай тілдері бұтағында түркі тілдері тобына кіретін суперэтностың өркениеті ретінде дамып, қалыптасуы. Барлық ірі тілдік семьяларға кіретін халықтар (үнді-еуропа, семит, қытай-тибет, т.б.) негізінде дәл осы тілдердің этномәдени саласында өзінің өркениет кеңістігін құрған. Бұл заңдылық жалпы түркі тарихында өркениеттің гүлденуі үдерісінде де сақталған.
Түркі өркениеті тарихта жеке-жеке емес, бір жүйе, бір процесс түрінде пайда болған. Ол әртүрлі өркениеттердің Еуразия бойынша ұрпақ өзгерістерінің генераторы (қуат көзі) қызметінде осы өзгерістерден нәр алған, жаңадан пайда болған өркениеттерге тың серпін берген. Осы орайда, түркі өркениеті тек өзін ғана тудырған бір жүйе емес, сонымен қатар әлем өркениетін құраушы басты детерминаттардың (айқындауыштардың) бірі екенін айтып өту керек. Түркі өркениетін жоққа шығарушылардың пікірінше, түркілердің тек мәдениеті ғана қалыптасқан, ал өркениет тудыру деңгейіне жете алмаған. Бұл толықтай жаңсақ көзқарас. Себебі мәдениет ішінде мәдениеттердің болу фактісін растау, жалпы алғанда, мүмкін емес. Белгілі бір өркениет жүйесінің өз ішінде оның даму сатылары секілді жеке-жеке мәдениеттер қалыптасады. Түркі өркениеті де тарихи даму заңдылығына сәйкес бір-бірімен генетикалық байланысы бар әртүрлі мәдениеттер тудырған. Бұл ұлттық мәдениеттер (түрк, әзербайжан, қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, ұйғыр, башқұрт,татар және т.б.) ғасырлар бойы өзіне тән ерекшеліктер алуына қарамастан, ұқсас сипаттарын да жоғалтпаған. Сонымен қатар, олар түркі өркениетінің ішінде әмбебап құндылықтарға ие мәдениеттер секілді тармақтала түскен.
Әлемдегі барлық мәдениеттер мен өркениеттердің өзара қарым-қатынасы үдерісінде «түркі өркениеті» ұғымының өзінде жинақтаған ерекшеліктері төмендегідей: Мәдениет мәселесінде табиғаттың архетиптік сипат алуы: табиғат түркілер үшін барлық жерде отан болып саналған. Тілдің даму үдерісінде оның өз лингвистикалық «өзегін» және даму заңдылықтарын қорғап қалуы: өзара өркениет қарым-қатынастарында түркі тіліне қаншалықты кірме сөздер енсе де, олардың мөлшерінің артуы оның құрылымдық ерекшелігін бұзбай, керісінше, тілдің сапалық көрсеткішіне айналып отырған. Мифтік дүниетанымы түркі өркениетінің қалыптасу үдерісінде оның «поэтикалық архитектурасын» тудырады. Түркі эпос мәдениетінің архетиптері көркемдік-эстетикалық дамуының кейінгі сатыларында да жаңаша мазмұндау формаларында көрініп отырады.
Халық өзі дүниеге әкелген өркениеттің барлық кезеңдерінде өзін мемлекеттің ажырамас бөлігі ретінде көрсетеді: түркі тарихында да ұлыс-мемлекет синтезі түркі саяси-мәдени құрылымының синергиялық зандылыққа сәйкестігі секілді пайда болады. Түркі халықтарының мәдени, әлеуметтік және саяси мағынада жаңғыруы олардың өз тамырынан айырылуына әкеліп соқпайды, керісінше, дәстүр мен жаңашылдық түркі өркениетінің өмірлік принципі ретінде өзін дұрыстап, әрдайым қатар адымдайды. Түркі өркениеті өз ішінде де, басқа өркениеттермен қарым-қатынасында да әрдайым үндестік пен үйлесім тудыруға тырысады. Өзара алмасу мәдениетіндегі толеранттылық осы өркениеттің ішкі тепе-теңдігі мен тұрақтылығын сақтайды. Түркілер кең-байтақ Еуразия кеңістігінде қаншама мемлекет пен империялар құрса да, әрі осы саяси құрылымдарда тарих бойы жеке-жеке ұлттық мәдениеттер қалыптасса да, бұл тарихи-этникалық, саяси-мәдени тармақталу түркі өркениетінің өзегін ыдыратып, жоймаған. Түркі өркениеті тарихтың барлық кезеңдерінде түркі ұлттық мәдениеттерінің бірлестіруші базасы ретінде сақталып қалған, әрі осы «ағымдардан» келген қуатпен әрдайым күшею, мызғымас іргетас болу мүмкіндіктеріне қол жеткізген. Бұл тұрғыда түрікі әлемінің бірлігі – түркі өркениетінің бірлігі, біртұтастығы деген сөз. Түркі өркениеті өзінің барлық қызмет ерекшеліктері арқылы Еуразияның бай табиғатын, этносфераның алуан түрлілігін, фольклор архетиптерін өзінің өзегінде тарих бойы сақтап, олардың бірлігін рухани қуатқа, әскери-саяси ұйымдасушылық құдіретке айналдыра білгендіктен, сөздің нақты мағынасында айтар болсақ, пассионар өркениет болып табылады. Түркілер үнемі әлем мәдениетінде әмбебаптандырушы үдерістерді ілгерілетіп, мәдениеттер арасындағы байланыстардың көп тілділік негізін тудырған. Гуманизм философиясын, теологияның рационалдылығын, жалпы адамзат құндылықтарының барлық адамзатқа тән болу идеясын, саяси биліктің, қоғамдық заңдардың әділеттілігін, рухани және материалдық сұлулықты,отбасы құндылықтарын, Тәңірлік махаббаттың тартымдылығын ең жоғары көркемдік шеберлікпен және ғылыми логикамен аша білген жалпы түркі поэзиясының, ғылымы мен философиясының классиктері әлем мәдениетінің дамуында қайта өркендеу дәуіріне тың серпін берген.Түркі ислам мемлекеттерінің Таяу Шығыс пен Орта Шығыс саясатын басқаруы осы аймақта өмір сүрген халықтар мен олардың мәдениеттерінің тек түркі және ислам өркениеттері негізінде интеграциялануына жол ашқан.
Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал, елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.
2. «Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 км асады.
Ерте кездегі «Жібек жолы» Шыңжаңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады.
Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды:Юймынның батыс солтүстігінен басталып, қазіргі Құмыл, Тұрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек «солтүстік жол» деп аталды. Тұрпаннан шығып, Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері «Орта жол» деп аталды. «Оңтүстік жол» бұрынғысымен ұқсас.
3.Қорытынды
Түркі жазбалары мен мәдениеті - тұрақты дамуға ұмтылған түрік этностарынын бай мәдениетінің көрінісі. Түркі халықтарының өркениеті, мәдениеті мен жазбалары бүгін әлем мәдениетінің ажырамас бір бөлшегі болып табылады. Осылайша, 2015 жылғы 15 мамырда түркі халықтарының жазбаларын мерекелеу карсанында Достық үйінің «Достык» онцерттік залында түркі халықтарының жазбалары күніне орай концерттік бағдарлама болып өтті. Көрермендердің назарына түркі жазбаларының пайда болуы туралы деректі фильм, түркі тілдес этномәдени бірлестіктерінің бірегей кітап көрмесі шығармашылық ұжымдардың концертттік бағдарламасы ұсынылды. Аталмыш іс-шара этномәдени бірлестіктердің басшылары, жоғары оку орындарының ғалымдары, мәдени және білім беру саласынын өкілдері қатысты. Қазақстанның басты байлығы елімізді
Отаным деп таныган - этникалык үндестікті, азаматтық бірлік пен ынтымастыкты қалыптастырған қоғам болып отыр. Қазақстандағы Түркі халықтары жазбалары күні түркі халқының дәстүрлі мерекесiнiн бiрiне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |