Реферат «Вирустардың инфекциялық қасиеттері, вирустық инфекциялардың ерекшеліктері»


Инфекция және инфекциялық процесс туралы түсінік



бет3/5
Дата17.11.2022
өлшемі68,9 Kb.
#50889
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат «Вирустарды инфекциялы асиеттері, вирусты инфекцияла (1)

Инфекция және инфекциялық процесс туралы түсінік
Инфекция (іnfectio-жұғу, жұңіқтыру) - сыртқы және әлеуметтік ортаның тиісті жағдайында патологиялық, қорғаны сбейімделу және компенсаторлық реакциялардың дамуын қамтитын қоздырғыш пен макроорганизм арасындағы күрделі кешенді комплекс.
Инфекциялык процесс-организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын және физиологиялық қызметін бұзатын патогенді микробтар макроорганизмге енгенде пайда болатын және дамитын физиологиялық және патологиялық, адаптациялық және репарациялық реакциялардың жиынтық көрінісі.
Қарапайымдар қоздырған осындай процесті – инвазия дейді.

  • Инфекция пайда болып дамуы үшін 3 фактор керек;

  • Патогенді микроорганизм. Макро- және микроорганизмнің өзара әсерлесуі болатын қоршаған орта.

  • Қабылдаушы макроорганизм.

  • Жұқпалы аурулардың соматикалық аурулардан ерекшелігі; қоздырғыштың болуы жұқпалылығы аурудың кезеңдері мен өтуі (4 кезеңі болады)арнайы иммунитет пайда болуы

  • Патогенділік – микроорганизмнің инфекциялық процесс қоздыру қабілеттілігі, ол микробтың түрлік қасиеті, микроорганизмнің патоморфологиялық, патофизиологиялық және клиникалық көріністермен сипатталады. Ол микробтардың әртүрлі патогенділік белгілеріне (капсула түзу, ферменттер және токсиндер бөлу т.б.) жауап беретін гендермен байланысты (tox-ген т.б.)

Вируленттілік – патогенділіктің жоғары дәрежесі немесе сандық мөлшері, ол арнайы бірліктермен (DLM, DCL, LD 50) өлшенеді.
DLM (dosis letalis minima) – тірі микробтардың өлім туңызатын ең аз дозасы, жұқтырылған жануарлардың 80-90% өліммен аяқталады.
DCL (dosis certa letalis ) – сөзсіз өлім туғызатын дозасы. Жұқтырылған жануарлардың 100% өліммен аяқталады.
LD 50 – жануарлардың 50% өлім туғызатын доза.


Вируленттілік факторлар:

  • Адгезия – жабысу, ол микроютарда арнайы адгезиндердің (рецепторлардың), кірпікшелердің тейхой қышқылы (гр+бактерияларда) ЛПС және липопротеидтер (гр- бактериялар) сыртқы қабатында мембаналық ағуыздардың (капсула құрамындағы) болуымен байланысты.

  • Колонизация – шырышты қабаттарда жылдам өсіп-өніп, микробтық қабықша құрып, патологиялық процесс қоздыру қаблеттілігі .

  • Пенентрация – эпителиялық жасушалардың, лейкоциттердің немесе лимфоциттердің ішіне енуі.

  • Инвазия – шырышты қабаттар және дәнекерлік тіндер арқылы өтіп, аймақтық тіндерге таралу қабілеті.

  • Патогендік ферменттер – гиалуронидаза, нейроминидаза, коагулаза, фибринолизин, лейкоцидин, уреаза, лецитиназа, протеаза, ДНК-аза, дикарбоксилаза т.б.

  • Антифагоциттік белсенділік – фагоциттердің әсеріне қарсы тұру қабілеттілігі, ол көбінесе капсула түзетін бактерияларға тән (пневмококктар, оба таяқшасы, клебсиелла, т.б)


  • Агрессиндер – органимзнің қорғаныс күшін басып тастайтын және қоздырғыштың патогенділігін күшейтетін заттар

  • Токсиндер (ақуыздар, липополисахаридтер) – микроб жасушасының ішінде эндотоксин немесе сыртқы ортаға бөлініп шығатын экзотоксин улы заттар.

  • Экзотоксин – химиялық табиғаты бойынша – ақуыздар: термолабильді, органотропты, улық антигендік және иммуногенді қасиеті күшті: формолиннің әсерінен анатоксинге айналады.

  • Эндотоксин – химиялық табиғаты бойынша ППС термостабильді: органотроптылығы жоқ, улық, аентигендік және иммуногендік қасиеті төмен: формолиннің әсерінен анотоксинге айналмайды.

Әсер ету механизмі бойынша

  • Цитотоксиндер – субжасушалық деңгейде ақуыздардың синтезделуін тежейді (дифтериялық токсин)

  • Мембрано токсиндер – беткейлік мембраналардың өткізгіштігін күшейтеді, нәтижесінде жасушаның өзінше реттелуін бұзады (лейкоцидин, гемолизин т.б.)

  • Функционалдық тежегіштер (блокаторлар) – энтеротоксиндер (ішек инфекциялары), нейротоксиндер (ботулизм, сіреспе)
    Эксфолиатиндер (нәрестелердің күлдіреуік ауруын қоздырады) және эритрогендер (скарлатина кезінде бөртпе шығуға әсер етеді).

  • Инфекция көздері (источник):
    Ауру адам немесе жануарлар

  • Бактерия тасымалдаушылар
    Берілу факторлары:
    Тағамдар, топырақ, ауа, су, шаң, нәжіс, тұрмыстық заттар, жеміс-жидек, көкөніс, жәндіктер, медициналық саймандар т.б.

  • Жұғу жолдары:
    Трансплацентарлы (вертикальды) – қызамық
    Контактылы (жанасу) – тікелей жанасу – жыныстық жолмен жанама жол – тұрмыстық заттар арқылы
    Трансмиссивті– жәндіктер шаққанда (безгек)
    Фекальды-оральды (алиментарлы, тағамдық) – ауыз арқылы жұғу (іш сүзегі, гепатит А, полиомиелит)
    Ауалы-тамшылы (респираторлы) – тыныс алу жолдары арқылы жұғу (қызылша, тұмау)
    Парэнтеральды (ятрогенді) - әр түрлі инъекциялар кезінде жұғу (гепатит В, ЖИТС)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет