Семейде – 499 566 десятина жер, Торғай –Орал ауданында -102 4412 десятина жер
тартып алынды. Барлығы 18 миллион десятина алынуға тиіс болатын. Алайда көп
ұзамай бұл цифрлар үкіметті қанағаттандырудан қалды. Қазақтардың жер пайдалану
нормаларын, оларды кеміту жағына қарай қайта қарау туралы жəне жаңа
экспедицияның зерттеу қажеттігі туралы мəселе қойылды. Щербина санағы
сеніңкіремей, əуелгі жылдары «артық» деп көрсетілген жердің 25 % -ін ғана қазақтан
алуға болды, экспедиция «артық» деп көрсеткен жер тез арада алынып болды. Соның
үшін тағы қазан түбінен шеміршек іздеп 1907-1911 жж. арасында переселен
мекемелерінің Кузнецовтарының жер кесіп алулары шыққан. Щербина есебі отарлау
жұмысына зор қызметін тигізді. Көрсетілген артық деген жерлері тез арады алынып
бітті. Отаршылдар қайтадан «артық жер» табуға кірісе бастады. Қорыта келгенде егер
Ф.А.Щербина экспедициясының деректері бойынша қазақ шаруашылықтары үшін
аймаққа жəне басқа жағдайларға қарай жер пайдаланудың ең төмен нормасы 110-209
десятина, ал ең көбі - 187-510 десятина болса, 1904-1908 жылдардағы қайта
ұйымдастырған экспедициялардың деректері бойынша олар тиісінше 70-125 десятина
жəне 119-219 десятина болды. Сөйтіп 36-40 %-дан 36-57% -ға дейін төмендетілдіү
Ресей империясының ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. кезіндегі қазақ шаруаларын орналастыруға
байланысты шаралары отарлық сипатта болғанында дау жоқ. Ф.Щербина жəне
басқалардың экспедицияларының нəтижесінде дала облыстарындағы қазақтардан
1893-1905 жж. 4074 180 десятина жер тартылып алынса, Жетісу жəне Сырдария
облыстарында 1906-1915 жж. 21206 187 десятина жер қоныстанушыларға берілді. Тек
1906-1915 жж. Дала өлкесіне 580,5 мың адам сырттан келіп қоныстанды.
Достарыңызбен бөлісу: