Румянцев басқарған экспедиция
Румянцев Петр Петрович (1870-1925)-тарихшы, экономист, Қазақстан тарихын
зерттеуші. 1890 жылдардан социал-демократ, 1903 жылдан большевик. Тверьде халық
еркіндігі үйірмесіне қатысады. Полиция үйірмені талқандаған соң Ақмолаға жер
аударылады (1884-1889) Сол кезде М.И. Брусневтің тобымен байланыс жасаған. 1890
жылы социал демократиялық қозғалысқа қатысады. РСДЖП 3-съезінің делегаты. 1905
ж. июньде РСДЖП-нің Воронеж комитетінің атынан ОК-тің Орыс бюросы құрамына
кірді. 1905-1907 жж. революция кезінде большевиктер жағында партиялық жұмыс
жүргізді. РСДЖП 6-съезінде В.И.Лениннің аграрлық мəселесі жөніндегі баяндамасын
қолдады. Реакция жылдарында, большевиктерден алшақтады. Одан кейінгі жылдары
Жетісудағы қазақ, қырғыз, орыс жəне ұйғыр халықтары арасынан шыққан
экспедицияны басқарды. Румянцевтің зерттеу тақырыбы қазақ хандықтары құрылған
кезден бастап, ХХ ғ. бас кезіне дейінгі қазақтардың тарихы болды. Ол қазақ
шаруаларын кедей шаруа, орта шаруа, бай шаруа деп үш топқа бөлді. Румянцевтің
қазақ қауымы жөніндегі зерттеулері, ол басқарған экспедицияның материалдары қазақ
тарихында құндылығын жоған жоқ. 1907-1910 жж. қоныс аудару басқармасы Жетісу
облысының 138 989 қазақ жəне 2700 қоныс аударушылар шаруашылықтарына тексеру
жүргізді, оны П.П. Румянцев басшылық еткен экспедиция жүргізген еді. Қазақ қоғамы
өмірінің кейбір əлеуметтік-экономикалық жақтары басқа да халықшылдар өкілдерінің
еңбектерінде көрсетілген. Соңғы жылдардағы тарихи əдебиеттер Алакөлдің
орналасқан жері туралы пікірталас жалғасып келеді. Көлдің картасын Аңырақай
шайқасынан кейн 180 жыл өткен соң ХІХ басында Ресей империясы қоныс аудару
басқармасының П.П. Румянцев басшылық еткен арнаулы ғылыми экспедициясы
жасаған. Ол өз қорытындысында «Алакөлдің суы тұзды-ащы, ал жағалаудан 15-20
шақырым ұзағанда тұши бастайды, былайша тұщы дерлік деп атап өткен» Қоныс
аударушылар қожалығының басқа да зерттеушілеріне сілтеме жасайтын белгілі
статистик П.П. Румянцевтің бақылауына қарағанда, қоныс аударған шаруалардың
əл-ауқатының өсуі немесе құлдырауы 18-20 жылдам кейін ғана шаруашылықтың
мезгіліне емес, қайта жалпы экономикалық жағдайларға байланысты болған. Бір
ғажабы қоныстандыру кезінде ақша сомасының мөлшері шаруашылықтың
қалыптасуында шешуші роль атқармаған. Мұнда басқа факторлар жəне бірінші кезекте,
əрбір адамның кəсіпкерлік қабілеті айқындаушы болған. Алайда жаңа жерге қоныс
аудару көпшілік жағдайда шаруаларға ерекше байлық əкелген жоқ. «Қоныс аудару
қорын» ұлғайту үшін ХХ ғ басында қазақ өлкесіне «зерттеу» үшін К. Паленнің,
В.Кузнецовтың, П.Румянцевтің жəне басқаларының басшылығымен арнаулы
экспедициялар жасақталды. Осының салдарынан шаруалардың жерді пайдалануының
бұрынғы нормалары одан бетер кемітілді. Егер 1893 жылдан 1903 жылға дейін, яғни 12
жылдық ішінде қазақ халқынан 4 миллион десятинадан ортығырақ жер тартып алынса,
7 жылдың ішінде, 1906 жыл мен 1912 жыл аралығында 17 миллион десятинадан астам
жер тартып алынды. 1903 жыл 10 июньде «Сырдария, Фергана жəне Самарканд
12
облыстарындағы қазыналық жерлерге өз еркімен қоныстандыру туралы» ережелер
бекітілді, бұл ережелерге сəйкес суару жүйелері мен су көздерін де қоса жергілікті
халықтың «басы артық» жерлерін алу көзделді. 1904-1905 жж. Патша үкіметі
Қазақстан территориясын қоныс аударылатын бес ауданға: Торғай-Орал, Ақмола,
Семей, Сырдария жəне Жетісу аудандарына бөлді. Осындай əрбір ауданда құрылған
қоныс аудару басқармаларына «Қоныс аудару қорын» жасау үшін жаңадан «басы артық
жер» табу міндеті жүктелді. ХХғ басынан былай қоныс аудару қозғалысы үдей түсті.
1896 жылдан 1905 жылғв дейін уақыттың ішінде ғана Ақмола, Торғай жəне Орал
облыстарында 234134 қоныс аударушы келіп, бұлардың ішінде 183285 адам
қоныстанып қалды. Столыпин заңдары күшіне кіргеннен кейін Қазақстанға қоныс
аударушылар толқыны одан сайын көбейе түсіп, 1907 жылдың өзінде ғана
қоныстанушылар 1906 жылдан екі еседей көп келді. Алты жылдың ішінде (1908 жыл
мен 1913 ж аралығында) Ақмола, Торғай, Орал жəне Семей қоныс аудару аудандарына
400327 адам қоныстанды. Қоныс аударушылар бəрінен көп Ақмола ауданына, одан
кейін ТорғайОрал ауданына қоныстанды. Сонымен бірге патша өкіметінің қоныс
аударту саясаты Қазақстанда аграрлық қайшылықтардың шиеленісуіне, еңбекші қазақ
бұқарасының жерсіз қалып, күйзелуіне əкеліп соқты.
13
|