«Мектептегі тәжірибе» тапсырмасы бойынша бірлескен таныстырылым есебіне ұсыныстар Берілген есепке дайындалу барысында келесі ұсыныстарға назар аударуыңызды
сұраймын:
• Есептің тақырыбын жазыңыз. Портфолио мазмұнындағы есептердің
тақырыптарына назар аударыңыз(«Мектептегі тәжірибе кезіндегі орындауға
арналған тапсырмалар»).
• Келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіз: Неліктен мен есеп жазуда дәл осы
топтық таныстырылымға қатысуымды таңдадым? Тапсырманы талқылау
барысында идеяны іске асыру неліктен маңызды деп санаймын? Алдындағы
екі сұраққа жауап беруде өз көзқарасымды дәлелдей алдым ба?
• Тапсырма сұрақтарын талқылау барысында әріптестеріме ӨзІМнІҢ қандай
идеяларымды жеткізгім келді? Неліктен осы идеяларды? Мен қандай
мақсаттарды көздедім? Менің айтқан пікірлерімнен әріптестер не білгенін
қалай білдім?
• Талқылау барысында қандай әдебиеттерді келтірдім? Неліктен дәл осы
әдебиеттерге таңдау жасадым? Пайдасы болды ма?
• Тапсырмаларды орындау барысында менің және әріптестерімнің әр-түрлі
идеяларға қатысты реакциясы қандай болды? Қандай сұрақтар талқыланды?
• Топта кім спикер болды? Неліктен?
• Менің әріптестерімнің сезімдері қандай болды? Қандай комментарийлер
жасалды? Әріптестер қандай жағымды жақтарды атады? Қандай тілектер
болды? Қандай сұрақтар болды? Тренер қандай түсініктемелер берді?
Қандай сұрақтар қойды? Онымен келістім бе? Неге? Кері байланыс пайда-
лы болды ма? Неге?
• Қорытынды жасаңыз: жұмыс барысында сіз не үйрендіңіз?
• Сіздің есебіңіз үш критерийге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз: білу/түсіну,
қолдану, талдау (рефлексия).
Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс қалай енгізгені бойынша есепке ұсыныстар Осы есеп төңірегінде жұмыс істеу барысында тренер мен курс тыңдаушыларының
пікірлерінен ескеруге қажет келесі ұсыныстар пайда болды:
• Ойланыңыз, өзгерістер қандай деңгейде болды: сіз өзіңіз өзгердіңіз бе?
Неге және қалай? Сіздің оқытудағы тәсілдеріңіз өзгерді ме? Қалай және
неге? Сіздің оқушыларыңыз өзгерді ме? Қалай және неліктен? Олардың
ата-аналарының қатынасы өзгерді ме? Мектеп деңгейінде қандай да бір
өзгерістер енгіздіңіз бе? Мүмкін өзгерістер мектептен тыс жерлерге шықты
ма?
• Есептерді жазған кезде, көмек тигізетін, кластер жасап алуды ұсынамын.
(1 сурет)