Рефлексивті есептерді жазу және таныстырылым сөздерін дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар Семей, 2013



Pdf көрінісі
бет13/55
Дата28.02.2023
өлшемі0,49 Mb.
#70432
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55
Байланысты:
rekomendacii po napisaniju refleksivnykh otchetov

Папка атауы
Таныстырылым атауы
Таныстырылым-
дар
1) 
Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімдік 
жоспарының таныстырылымы
2) 
Тізбектелген сабақтар топтамасына модульдер қалай 
және неліктен ықпалдастырылғаны туралы таныстыры-
лым (таныстырылымдағы модуль тақырыбы есептегі мо-
дуль тақырыбынан өзгеше болу керек) 
3) 
Бір сабақ бойынша толық рефлексия
4) 
Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс қалай енгізгені және 
басқарылғаны туралы рефлексивтік есеп
Үшінші (базалық) деңгей Бағдарламасы аясында тыңдаушылармен жұмыс істеу 
барысында таныстырылым сөздерін формативті және жиынтық бағалау мүмкіндігі 
болды. Соның нәтижесінде мынадай қорытындыға келдім.
Мұғалімдер таныстырылымға сөздерін дайындағанда келесі қателіктерді
жіберуге бейім: 
1. мұғалімдер өз тәжірибесін талдауға емес, сүреттеуге бейім, яғни бір нәрсенің 
ҚАЛАЙ өткенін көп айтып, НЕЛІКТЕН болды деген сұраққа жауап бермейді;
2. мұғалімдер тапсырма талаптарынан басқа таныстырылым жасайды;
3. мұғалімдер таныстырылым тақырыбына қатысты емес өзге нәрсені айтады;
4. мұғалімдер түсініксіз сөйлейді, бір тақырыптан басқаға ауысады;
5. мұғалімдер жалпы, нақты емес, бұлдыр сөйлемдерді пайдаланады, яғни 
мағынасыз сөйлейді;
6. мұғалімдер оқыту нәтижелерінің релеванттық және валидтік дәлелдемелерін 
келтірмейді;
7. мұғалімдер таныстырылымда сөйлейтін сөздерін жазбаша дайындамайды; 
8. мұғалімдер берілген уақытқа төселмеген
9. мұғалімдер басқа нәрсе айтып қоямын деп қорқады, өз білімдеріне
сенбеушілік танытады;
10. мұғалімдер ақырын, сенімсіз сөйлейді;
11. мұғалімдер аудиторияны игере алмайды. 


22
23
«Таныстырылым» дегенді мен былай тұсінемін. Ол- Microsoft Power Point 
бағдарламасының көмегімен жасалған таныстырылым слайдтары мен сөйлеушінің 
сөзі. Менің ойымша, таныстырылымға дайындықты сөйлейтін сөзден бастау ке-
рек. Өйткені бәріміз бірдей өзімізді «тиімді спикерлерге» жатқыза алмаймыз. Бірақ, 
сөйлеуге дайындалуда, қарапайым ережелерді сақтау және жүйелі түрде жаттығу 
жүргізу, сіздің «ең үздік спикерге» айналуыңызға мүмкіндік тұғызады! 
Соған байланысты таныстырылымды дайындау мен оны қорғауға бірнеше 
ұсыныс беремін. Бұл ұсыныстар үшінші (базалық) деңгейлі курс тыңдаушыларымен 
бірлесіп, сонымен қоса психологтар Стив Аллен (1988) « сөзді қалай дайындау ке-
рек» [3] мен Джоан Детц (2002) және олардың «Как написать речь и выступить» и 
«Как написать речь и выступить?» [4] атты еңбектері негізінде жасалған. Олар келесі 
сұрақтарға жауаптарды қамтиды: 
• Тиімді сөйлеуді қалай дайындау керек? 
• Таныстырылым слайдтарын жасау барысында нені ескеру қажет?
• Сөйлегенде өзіңді қалай ұстау керек? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет