Рефлексия және даму Бүкіл мектеп ауқымында өзгерістерді енгізу және басқару бойынша рефлексиялық есеп



Дата03.02.2023
өлшемі37,6 Kb.
#65049
Байланысты:
С есеп Алия


Сванбаева Алия Аскаровна «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім С бөлімі
ПШО ЖМ филиалы көшбасшылығы»
Шымкент қ. мұғалім портфолиосы 2007ж 2 лек

Рефлексия және даму
Бүкіл мектеп ауқымында өзгерістерді енгізу және басқару бойынша рефлексиялық есеп.
Мен мeктeп тәжірибeсіне кeлгeн кeзімдe идeялaрғa тoлы, білім қoрым кeңeйгeн, зeрттeугe, іс-әрeкeткe құштaрлығы, қызығушылығы мол мұғалім болып келдім. Бaғдaрлaмaның әдістeмeсін мeңгeргeннeн кeйін, мeн өзімнің өзгeргeнімді ұғындым. Oсығaн дeйін біз өткізіп жүрген дәстүрлі сaбaқтaрымызда oқушылaрдың oйлaу, дaму дeңгeйін eскeрмeй, oй-пікірлерімeн сaнaспaй, 45 минут тeк өзім сөйлeп, өзім іс-әрeкет жaсaп, оқушыларды қимылдатпай сабақ өткізетінбіз. Осындай іс-әрекеттерді жою мақсатында мектебімдегі оқыту және оқу үрдісіндегі мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне өзгерістер енгізуді жөн санадым. Бағдарлама аясында өз мектебіме өзгерістер енгізу үшін Синектің көшбасшылықтың конустық метафорасы арқылы жоспарларымды жүйелеп алдым. Ең алдымен НЕГЕ мектепке өзгеріс енгізу қажет екенін анықтап, мұғалімдерге осындай өзгерістер енгізу барысында ҚАЛАЙ көмектесуге болатынын және оқушылардың оқу үдерісін жақсарту үшін мұғалімдер НЕ істеу керек екенін білуге әрекет еттім. Мектепке келген күннен бастап мектеп басшылығымен сұхбаттаса отырып, бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеттерімен таныстырып, мектептегі тәжірибеде жүргізетін жоспарларымды түсіндіріп кеттім. Мектеп басшысы маған кез келген бастамада қолдау көрсететінін айтып, сәттілік тіледі.
Әр бір мұғалім жоспар жасаудан алдын балалардың нені білуі тиіс, қандай түйінді идеяларды түсінулері керек, қандай мәселелерді зерттеп талдаулары керек деген сұрақтарға жауап іздей отырып, оқу мақсаттары мен одан күтілетін нәтижелерді анықтап алуы қажет. Осы негіздерге сүйене отырып, мен 5-сынып бойынша математика пәнінен жоспарымды, яғни тізбектелген төрт сабақтарға («Жай бөлшектерді қосу», «Жай бөлшектерді қосу», «Жай бөлшектерді азайту», «Жай бөлшектерді азайту») орта мерзімді жоспарымды құрып алдым. Жоспарымды түзу барысында көздеген оқу мақсатыма жету үшін мен, балалардың тақырыпты тез түсінуіне, қолдануына тиімді болатындай оқытудың қандай әдіс-тәсілдерін және қалай қолдансам екен деп көп ойландым. Нәтижесін тізбектелген сабақтар топтамасын жүргізуде пайдаланып көрмек болдым. Оқушылардың көбірек ойлана білуіне, өз ойларын іс жүзінде көрсете алуына, тұлға ретінде дамуына мүмкіндік туғызып, жағдай жасау керек. Ол үшін ең бастысы тізбектелген сабақтар топтамасында оқушыларды көбірек сөйлетіп, өз ойларын ашық айтатындай етіп әдістерді қамтуды көздедім. Сабақтың барысында ең алдымен балалармен күнде жағымды психологиялық атмосфера қалыптастыруды ұйымдастырып отырдым, себебі баланың көңіл күйінің жақсы болуы да сабақты қабылдауына әсер етеді. Үй тапсырмасын тексеруде, өткен тақырыпты қайталауда «Серпілген сауал» әдісін, «Кім жылдам» әдістерін пайдаланғаным тиімді болды. Бұл әдістерді пайдалана келе, мен уақытты тиімді пайдалана отырып, ашық сұрақтардың қойылуына мүмкіндік алдым. Яғни аталмыш әдістерім, үй тапсырмасын сұрау үдерісінде оқушылардың толық қатысуын қамтамасыз ете алды. «Қос шеңбер» әдісі aрқылы oқушылaрдың eстe сaқтaу қaбілeттeрін білуді мaқсaт eттім, бірaқ мeн oқушылaрдың тыңдaлым және айтылым дағдыларының төмeн eкeнін бір-бірінe бaяндaп бeрe aлмaғaндaрынан бaйқaдым. Осы әдісті тағы да қолданатын болсам, тақырыпқа байланысты бірнеше тірек сөздерді белгілеп «қос шеңберде» әңгімелесуі барысында ол тірек сөздерді қолданып әңгімелесулерін қадағалаймын. Тыңдалымды жақсарту үшін оқушыларға жұптық әңгімеде құрдасы сол тірек сөздерді қаншалықты қолдана алғанын бағалайтынын ескертсем, олар жұбын жақсырақ тыңдауға ынталанады деп ойлап отырмын. Ал «Айналмалы бекет» әдісінің тиімсіз болғанын байқадым, себебі оқушылар айналым жасап жүргенде көп шулап кетіп жатты. Менің сыныбым орта буын болғандықтан бұл әдістің орнына мен барлық балалар емес бір ғана оқушы қозғалыста болатын «Елші» әдісін қолданғаным дұрыс болатынын түсіндім. Топтық жұмыстар арқылы оқушылар ортақ келісімге келе білгенін, постер жасау барысында ынтымақтастық атмосферасы орнап, тапсырмаларды бөліп орындауларынан, ең тиімді шешімді қабылдау үшін өз ойларын тұжырымдап айтуларынан байқадым. Осындай жұмыстар жүргізудің нәтижесінде сыныптағы жақсы оқитын оқушылардан басқа да оқушылардың ерекше қабілеттерін анықтап дарындылар қатарына жеткізуге болатынына көзім жетті. Ал диалогтік оқытудың кіріктірілуін байқау үшін «Тілші», «Сократтық семинар» әдістері қолайлы болды. Одан кейін оқушылар ойланып, сұрақ ойластырып, кітапты оқып іздене бастады. «Стоп кадр» әдісі арқылы АКТ-ның тиімділігін көрсеткім келді. Сабақта АКТ-ны қолдану мұғалімге өз ойындағы ресурстарды пайдалану үшін тиімді болса, оқушылар үшін оның маңызы зор. Оқушылардың алған ақпаратты мида сақтауының орташа пайызы көрсетілген «оқу пирамидасында» 20-30 пайызын аудио-визуалды және көрсетілім арқылы есінде сақталады екен. Яғни, бұл жерде АКТ арқылы балалардың 30 пайыз есте сақтау қабілетін арттыра алады екенбіз. Осыған қоса тағы да айта кетерлік жайт, оқушыларым жаңа бағдарламаға сай оқытуды бірден меңгеріп кету қиынға соқты, сонымен қатар тізбектелген сабақтарымның бірінші сабағында оқушыларым шашырап бір жүйеге түсе алмады. Уақыт өте келе оқушылар жаңа бағдарламаға сай төселіп, әдіс-тәсілдердің аттарын айтып, жұмыс істеуді әдетке айналдырды. Нәтижесінде пәнге деген қызығушылығы арта түсті. Оларға әдіс-тәсілдермен жұмыс жасау қызықты болғандықтан әр сабаққа жеті модульді түрлі әдіс-тәсілдер арқылы енгізіп отырдым. Сабақ барысында мен А, В, С деңгейлі оқушыларымның қатысуын бақылап отырдым. Олардың тапсырмаларды орындауындағы іс-әрекеттерін, топтық жұмыстарда сұрақтар қойып атсалысып отырғандарын назардан тыс қалдырмадым. А деңгейдегі оқушым тапсырмаларды орындауы барысында қиындықтар болған кезде В, С деңгейдегі оқушылар арасында ЖАДА ұйымдастырдым. Ал С деңгейдегі оқушыма мен «көпірше» орнату арқылы уақытша кездескен кедергілерді жоюға тырыстым. Нәтижесінде В деңгейдегі оқушымның сөйлеу дағдысы артып, постер қорғаған кездерде көшбасшылық қасиеттерін көрсетіп отырғандары, С деңгейдегі оқушымның шығармашылық қасиеті артып, күрделірек есептерді шеше алуы сияқты өзгерістерді байқадым. Оқу мен оқытудың ажырамас бөлігі бұл «бағалау» дегендей мен тізбектелген сабақтарымда қалыстастырушы бағалаудың түрлі әдістерін пайдаланып отырдым. Оқушыларды топқа бөлген кезде сабақтың басында топ басшыларын сайлатып, сол топ басшыларға бағалау парақшасын беріп толтыру арқылы оқушылардың өзара бағалауын жүргіздім. Жұптық жұмыстарда, топтық жұмыстардың арасында смайликтер арқылы «бағалау тақташасын» пайдаланып отырдым. Бағалау берілген критерийлер бойынша жүргізілді. Әйтсе де қиыншылықтар кездесіп жатты. Оқушылар арасында өз жолдастарына жоғары бағалар қойып, бағаның әділ болу керектігін түсіну қиындау болып жатты. Бірақ бұл бағалауды әр сабақта қолдану арқылы оқушыларды осы іске машықтандырып алдым. Сабақтарымның соңында «Бес саусақ»; «Бағдаршам»; «Күлегештер»; «BLOB ағашы», «Желкенді кеме» әдістерін пайдаланып кері байланыс алуды ұйымдастырып отырдым. Сабағымның оқушыларға қаншалықты әсері барын байқадым. Балалардың сабақтағы көңіл-күйін, қай бөлімдері ұнағанын, қандай жұмыс ұнағанын, қай жерлерде қиыншылыққа тап болғанын біліп келесі сабағымды жоспарлағанда балалардың үнін ескеріп отыруға түрткі болды. Сабақ барысындағы сергіту сәттерінің де маңызы зор болды. Себебі балалар бір жағынан бойларын сергіп алса, екінші жағынан ширату жаттығуларын, түрлі ойындарды ойнау барысында қызығушылықтары арта түсті. Сабақты осылай түрлендіріп өту менің оқушыларыма оң әсерін тигізді деп ойлаймын. Oсы курсқa кeлгeнгe дeйін тeк өзімнің сaбaғымды түсіндіріп,eрeжeні үйрeтсeм сoл жeткілікті дeп oйлaйтынмын.Oсы oқушылaрдың сaбaққa бeлсeнe қaтысып,сұрaқтaрғa жaуaп бeріп, өз пікірін aйтуғa сeнімділігі сындaрлы oқытудың әсeрі бoлды дeп сaнaймын.Сoндықтaн, өз іс-тәжірибeмe тoптық жұмыс пeн жeті мoдульді тиімді бoлaтын әдіс-тәсілдeрді eнгізeмін.
Мен өз ұжымымдағы мұғалімдермен коучингті «Сұрақтың қойылуы – оқытуда тиімді диалогті қалыптастырады» тақырыбында өттім. Бұл тақырыпты таңдаудағы себебім, диалогтік оқыту барысында тиімді сұрақтар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытады деген ойменен әріптестеріммен бөліскім келді. Біздің мектебімізде жанадан келеген жас мұғалімдер көп. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы таныстыру үшін осы мұғалімдерді бірге жұмыс жасауға шақырдым, яғни менің коучинг сабақтарыма қатысып отырды. Коучинг сессиямды ең алдымен әр елдің сәлемдесу салтымен бастадым. Смайликтердің түстеріне қарай топқа бөлініп, бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сабаққа зейіндерін аударуға тырыстым. Жұптасып отырып 2 минут ішінде бір-бірі жайында ақпарат жинауға арналған тапсырманы ұсындым. Яғни бұл тапсырмада әріптестер көршісі жайында қаншалықты көп ақпарат алатынын байқау болатын. Тапсырманы қорытындылауда «Миға шабуыл» стратегиясын қолданып, түсіндірдім. Коучинг сессияның тақырыбын АКТ қолдана отырып, «Кіші жастағы балалар арасындағы диалог» видеоролигін көріп мұғалімдер тақырыпты өздері ашты. Видеоролик көру барысында мұғалімдер диалогтің қалыптасуы үшін сұрақтардың қойылуы қаншалықты маңызды екенін түсіне отырып коучинг сессияның барысына жол аша алды. Сабақтың бас кезеңінде әріптестерге «Даналық ағашын» ұсындым, яғни мұғалімдер өзін-өзі бағалау ретінде өздерінің тақырып жайында қаншалықты білетіндерін сол ағаштың қай деңгейінде екенін белгілеп отырды. «Айырмасын тап» стратегиясын орындау барысында оқыту мақсатындағы диалог пен күнделікті қолданатын қарым-қатынас диалогын ажырата алды. Келесі тапсырмада топпен жасалынған жұмыста әңгіменің үш түрін көрсеткім келді. Нәтижесінде мұғалімдер 3 топта жасалынған жұмыс туралы не білгендіктерін ортаға салып, әңгіменің түрлерін анықтай алды, яғни терең тыңдалым орын алды дер едім. Таныстырылым арқылы диалогтік оқыту және сұрақтардың түрлері жайында толықтай түсініктеме беріп отырдым. Таныстырылымнан кейін мұғалімдердің сұрақтар жайында не түсінгендерін анықтау мақсатында топпен жұмыс тапсырдым. Сұрақ жайында түсінгендерін сұрақтардың түрлерін ажыратып дұрыс жазғандарынан байқадым. Күнделікті біз ашық сұрақ және жабық сұрақтарды қаншалықты қолданады екенбіз дей отыра, постерге координаталық жазықтықта сұрақтарды жазып, жабсыруды тапсырдым. Мұндағы мақсатым, мұғалімдердің жабық сұрақтарды көбірек қолданатындарын дәлелдей отырып, балаларды оқытуда ашық сұрақтарды тиімді етіп қоя білуге үйрету болды. Коучинг барысында қолданған «Иә немесе жоқ» ойыны арқылы сұрақтардың ашық болуы маңыздылығын түсіне алды. Осы ойынға қатысты осы қойылған сұрақтарға қанша қатысушы жауап беруге мүмкіндігі болды? деген сұрағыма коучингке қатысушылар «біз сабақта көбіне осындай жабық сұрақтар қояды екенбіз. Ол көп оқушының сұраққа жауап беруіне мүмкіндік бермейді екен» деген ойларын айтты.Сонымен қоса, «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы сабағымды жалғастырдым. Яғни бұл жерде мұғалімдер өздерінің сабағындағы оқушыларды диалог пен әлеуметтік қарым-қатынасқа түсіретін бір әдісті ҚМЖ жоспарларына жазды. Уақыттың жеткіліксіздігіне байланысты осы тапсырманы орындатқаным тиімсіз болды. Сабақтың соңында «Тілші» әдісімен қорытындылап, «Плюс–минус-қызықты» әдісі арқылы кері байланыс ала отырып, кестеге коучингтен алған әсерлерін жазуды ұсындым, «Даналық ағашындағы» өздерін сабақ туралы қаншалықты білгендерін өзін-өзі бағалау ретінде көрсеттім. Әр топтық жұмыстарды бағалау үшін бағалау тақташасында смайликтермен бағалап, қалыптастырушы бағалаудың бір түрімен таныстырып өттім. Коучингтен алған өзімнің әсерімді сараптай келе «мен тақырыпты өте ауқымды етіп алыппын» деген тұжырымға келдім. Өйткені мұғалімдердің қызығушылығы көп болғанымен әңгіменің түрлері және сұрақтың түрлері жайында тапсырмаларды орындап, қорытындылауға келгенде қателесіп жатты. Сондықтан диалогтік оқытуды тереңірек түсіну үшін әңгіменің түрлеріне бөлек, сұрақтың түрлеріне байланысты басқа коучинг өтуім керек екен деп білдім. Сол үшін мен әріптестеріммен «Оқушыларды диалогқа түсіретін әдістер»тақырыбында коучингті өттім. Коучинг барысында мұғалімдер топтарға бөлініп, диалогқа түсіретін белсенді оқытудың бірнеше әдіс-тәсілдерімен таныса отырып, өз топтарында жасап көрді. Болашақта өз тәжірибелеріне қолданатындарын айтып, кері байланыс берді. Енді әріптестерімнің диалогтік оқыту жайында көбірек мағлұмат алғандарына көзім жетті.
Мен мектептегі тиімді тәжірибе кезеңіндегі тәлімгерлік жұмысымды жүзеге асыру мақсатында тәлім алушымды таңдау үшін басшылармен ақылдастым. Мектеп көшбасшысымен ақылдаса келе жас маман әрі пәндес мұғалім У.Л. тәлім алушым еттім. Математика пәнінің мұғалімін таңдауымның да өзіндік себебі бар, өйткені өзім де сол маман иесі болғандықтан әдіс-тәсілдерді пайдалануда түсіндіру жолдары тиімдірек болды. Жас маман болса да үш жылдық тәжірибесі бар, жаңалықтарға жаны құмар, ізденімпаз, болып жатқан өзгерістерге оң көзқараспен қарайтын болғандықтан мен Л-ны таңдадым.
Тәлім алушымен жұмыс жасауды ақпараттарды сұрыптау және талқылау, проблемаларды анықтау мақсатында тәлім алушының дәстүрлі сабағына қатыстым. Оқушылардың іс-әрекетін, мұғалімнің шеберлік қырларын, оқыту әдісін, баламен арасындағы іс-әрекетін анақтау мақсатында сабақ барысын фотосуретке және бейнежазбаға түсіріп алдым. Сабақты ұйымдастырып, үй тапсырмасын сұраудан бастады. Балалар сұраққа жауап беріп отырды. Сабақта оқушылардың мұғалімді тыныш отырып тыңдап, артық қозғалыс жасамай отырғанын байқадым. Сабақтан кейін тәлім алушымен бірге бейнежазба материалына қарап сабақты талқыладық. Талқылау барысында "тәлімгерлік түзету қағидатына емес даму қағидатына негізделген" (Oxley, 2003, МАН) дегенді басты ұстанымым етіп алдым. Кері байланыс ретінде сыныпта топтық жұмыстар жүргізу, қалыптастырушы бағалаудың әдістері, белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдануды ұсындым. Сабақ беруде пайдалануға арналған ресурстар ретінде Асхат Әлімовтың «Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану» атты кітабын оқуды ұсындым және де smk.edu.kz сайттарына енуді ұсындым. Тәліптің оқу мақсатына қаншалықты жеткен-жетпегендігін айтып, келесі тізбектелген сабағын жоспарлауда көмек көрсетуді жүзеге асырдым.
Тәлім алушымның орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар түзуіне көңіл бөліп, ең алдымен оқу мақсатын нақты қоя білуге үйреттім. Мақсатың айқын болса, сол мақсатқа жету де оңай болады дегенді түсіндірдім. Үлгі ретінде өз тарапымнан тізбектелген сабағыма қатысуға шақырдым. Сабақ соңында кері байланыс жүргізіп тәлім алушымның №1 тізбектелген сабағын жоспарлауға көмектестім. Тәлімалушының бірінші тізбектелген сабағына енудегі мақсатым, мұғалімнің өзгерістерін байқау болды. Oл сaбaқ aлдыңғы сaбaқтaн өзгeшe бoлды, сeбeбі үйтaпсырмaсын «Сұрақтар жауыны» әдісі aрқылы oқушылaрдың өздeрінe тaпсырмa бeріп, ашық сұрақтар қоя отырып oқушыны сөйлeтті. Сабақ барысында «Білім ұшағы», «Ғажайып алаң» әдістeрін қoлдaнды. Әдістeр aрқылы oқушылaрдың қызығушылығы oянып, белсене қатысты. Бірaқ сaбaқ бaрысындa тәліп көп әдістeрді қoлдaнaмын дeп кeлeсі әдіскe жылдaм өтіп, aлдыңғы тaпсырмaлaр тoлық oрындaлмaй қaлып oтырды. Oқушылaр дa үлгeрe aлмaй қaлып жaтты. Сaбaқ үстіндe eң сәтті өткізгeн әдіс-тәсілінің бірі «Сократтық семинар» әдісі бoлды сeбeбі бұл әдіс aрқылы тәліп oқушылaрғa сaбaқты қaлaй түсінгeнін білу мaқсaттa топтық жұмыс жасатып, бір-бірімен талқылап диалогқа түсірді. Мaғaн oсы әдісі ұнaды, оқушылырғa кeрі бaйлaныс ретінде «Желкен»әдісін қолданды, бұл әдіс те тамаша деп айтар едім.Сaбaқ aяқтaлғaн сoң мeн тәліптeн өз мaқсaтыңa жeттің бe деп сұрaдым .Oл «әринe жeттім бірaқ уaқытты тиімді пaйдaлaнa aлмaдым» деп aйтты жәнe өзі сұрaқ қoйып,жaуaбын күтугe шыдaмы жeтпeй өзі aйтып кеткен кездері де болды. Бұл әрине менің де қателігім деп білемін, себебі әдіс-тәсілдерді қолданғанда мұқият болуды айтуым керек еді. Сабақты әдіс-тәсілдер жиынтығы етіп өткізбей, мейлінше азырақ қолдануды айттым. Әр әдіспен орындалатын тапсырманы уақытқа реттеп беруді үйреттім. Дәстүрлі сабаққа қарағанда түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып сабақ өткені әлде қайда тиімді болатынына көзі жетті. Сабақта АКТ-ны пайдаланудың да тиімді болатынын түсіндіру мақсатында мен тәлім алушыма АКТ-қалай қолданады, қандай ресурстарды пайдаланса болатынын насихаттап, әңгіме сұхбат жүргіздім. Мектептің шығармашылық тобымен бірге тәлім алушымның екінші тізбектелген сабағына қатыстық. Әрине мұғалім екінші сабағында бірінші тізбектелген сабағына қарағанда анағұрлым тәжірибе жинап алғаны байқалды. Бұл мен үшін қуантарлық жайт еді. Сабақта әдістерді түрлендіріп қолданған, топтық жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра алды, қалыптастырушы бағалауды да Сабақ соңында сабақтың барысын талдай отырып кері байланыс жасалды, өйткені мұғалім өз тәжірибесінде өзгеріс бар екеніне көз жеткізуі керек деп ойладым. Кері байланыста мұғалімнің бойындағы өзгерістер байқалды. Сонымен қатар тәлімалушымен, шығармашылық топпен сұхбат жүргізу арқылы жүргізілген жұмыстар мен өзгерістерге талдау жасалды. Мұндағы бірден-бір мақсатым менің тәлімгерлік ету жұмысымның нәтижесін айқындау еді, яғни жұмысымның жемісі бар екендігіне көз жеткіздім.
Білім сaпaсының дaмуындa мeктeптeгі кaдрлaрдың кәсіби біліктeрінің oрны eрeкшe. Ұстaздық міндeтінe кәсіби тұрғыдaғы жaуaпкeршілікпeн қaрaп, жүйeлі мaқсaт бeлгілeгeндe aлынғaн білім нәтижeлі бoлмaқ. Оқушыларды заман талабына сай етіп сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұстаздарымыз бірлесе жұмыстар атқаратын болса, білім бeру үдeрісі сaпaлы әрі нәтижeлі бoлмaқ. Oғaн бүгіндe әрбір сaнaлы aдaм aйтқызбaй көз жeткізіп oтыр. Қазіргі тaңдa педагогикалық қoғaмдaстықтың жұмысының мaңызы күннeн-күнгe aртудa. Мектепте әріптестердің, лауазымды тұлғалардың кәсіби педагогикалық қоғамдастыққа бірлесе білім мен тәжірибе алмасу үдерісіндегі атқаратын жұмыстардың маңызы ерекше. Қоғамдастықты құра отырып, мұғалімдер арасында жұмыс істеу қағидалары ретінде ой бөлісу, тәжірибе алмасу, өзара қолдау көрсету деген сияқты іс-әрекеттер көрініс табады.
Ең бастысы мұғалімдер арасындағы сенімділік болып табылады. Фуллан (2004) атап өткендей кәсіби қоғамдастықтар «барлық аурудың жалғыз емі» емес, әрине білім беру жүйесіндегі барлық проблемаларды шеше алмайды. Алайда ол барлық балалардың жетістігін құрайтын жоғары стандарттарға және теңдікке қол жеткізу әдістерінің бірі болып табылады (МАН 99, 101 бет). Кәсіби қоғамдастық - ауқымды өзгерткіштік әлеуеті бар ұйымдастырушылық нысан (МАН 107 бет). Осы тұжырымды негізге ала отырып мен «Шапағат» кәсіби қоғамдастығымның жоспарын жасадым. Кәсіби қоғамдастық тобын құру мақсатында eң әуeлі мeктeп әкімшілігімeн кeздeсудeн бaстaдым. Мeктeп бaсшысы мeн әкімшілік тaрaпы қoғaмдaстық құрып, өздерінің қолдау көрсететіндерін білдірді. Пeдaгoгикaлық қoғaмдaстықтa жұмыс жaсaу үшін мұғaлімдeр aрaсындaғы ынтымaқтaстықтың мәні зoр eкeнін білдім. «Жұмылa көтeргeн жүк жeңіл» дeмeкші өз мeктeбімнің ұжымындaғы aуызбіршілік бoлмaсa, қoғaмдaстық жұмысының дa мәні бoлмaйтындығын түсіндім. Сeбeбі білім бeрудeгі жәнe білім aлудaғы жaңa әдістeргe қызығушылық тaнытқaн мұғaлімдeрдің қoлдaуы шын мәніндe мeні қуaнтты. Әріптестерімнің арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру арқылы ауызбіршілікті орнатып алдым.
Жоспарымның екінші аптасында мұғалімдермен орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспар жазуды қолға алдым. Мұғалімдермен бірлесіп орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспар жазуды қызу талқыға салдық. Нәтижесінде мұғалімдер дұрыс мақсат қойып, жоспар жазу жолдарын анықтап алды. Көптеген мұғалімдер орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды жоспарлау мақсаттарын әлі де жете түсіне қоймағандықтан әдістемелік көмек ретінде түсіндіріп өттім:

  • жұмыс кезеңдерінің дәйектеліп,тізбектеліп ұйымдастырылуы,

  • сыныптағы оқыту тәжірибесіне 7 модульді ықпалдастыру;

  • әрбір сабақ үшін оқыту және оқу мақсаттарын белгілеу;

  • смарт мақсат қоюға дағдылану;

  • осы нәтижеге жету мақсатында жоспарланған оқыту мен міндеттерін көрсету;

  • барлық оқушыларды қамту үшін асқан ептілікпен және ұқыптылықпен жоспарлау (МАН 85)

Осындай мақсаттардың нәтижесінде мұғалім оқушыларға арнап жоспарлайтын іс-шаралар оқу мақсаты болып табылады.
Тәжірибемнің келесі аптасында ата-аналармен мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Бала тәрбиесіндегі ата-ана» атты ата-аналармен тренингін өткіздім. Бұл тренингті өткізудегі мақсатым, ата-аналардың оқу мен оқытудағы болып жатқан өзгерістерге байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу, сабақ барысындағы топтық жұмыстар және балаларды бағалаудың түрлері қандай болып жатқандықтарын сезіндіру болып табылады. Нәтижесінде ата-аналар өз балаларының жақсы сапалы білім, саналы тәрбие алып шығуына өздері тарапынан қолдау көрсетіп, мұғалімдермен сенімді қатынаста болды. Топтық жұмыстарды ұтымды қолдануды көру мақсатында мен бір әріптесімнің сабағына қоғамдастықтағы мұғалімдермен бірге қатысуды ұйғардым. Әріптесім С. Ү. –ден мен оның сабағына үлгі ретінде топтық жұмысты жүргізуде тиімділігін көрсетуін сұрандым. Сабақтан соң әріптестермен кері байланыс беріп, алған әсерлерімен бөлісті. Өздерінің сабақтарында топтық жұмыстарды көбірек қолданатындарын айта кетті.
Жоспарымның тағы бір аптасында диалогті оқытудың оқушы белсенділігін арттырудағы рөлі туралы тақырыпты қозғадым. Бұл туралы Александр (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Александрдің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «саламатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеялармен жұмыс істеуіне және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға сыныпта әртүрлі тәсілдер арқылы жүргізілген және кеңейтілген диалогтарға қатысуға мүмкіндік берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибеден өткізуге жол ашады, - деген (МАН 72 бет). Осыған орай оқушы белсенділігін арттыруда диалогтік оқытуды қолданудың маңыздылығын аша түсуді «Сұрақтың қойылуы – оқытуда тиімді диалогті қалыптастырады» тақырыбында коучинг өткізу барысында талқыладық. Әріптестерім тиімді диалог орын алуы үшін көбірек ашық сұрақтарды қолданудың маңызды екенін түсінді. Оқыту мен оқу үдерісінде қолданылатын сұрақтар тобы жабық түрінде орын алуы да мүмкін, бірақ кей жағдайларда сұрақтарға балалардың мейлінше тереңірек, ойланып жауап бергендері керек. Оқушылардың білімін анықтау үшін жақсы диалогтік сұхбаттасу керек, сұхбатты жүзеге асыру үшін өткір, ашық түрдегі сұрақтардың орынды қолданыс табуы керек екендігіне көздерін жеткізді. Жоспар бойынша әріптестеріммен бірлесе зерттеудің «Lesson Study» тәсілімен таныстырып, мұғалімдердің іс-әрекеттегі зерттеу туралы педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамыту үшін кәсіби сұхбат өткіздім. Бұл жердегі менің мақсатым әріптестермен пікірлесе келе, топ мүшелерінің нәтижелерді қадағалаудағы алғышарттары мен жұмыс алгоритмін анықтап алуды және А, В, С деңгейлі оқушылардың деңгейін анықтай отырып, сол оқушылар туралы деректер жинауды, зерттелетін оқушыларды бақылауға қажетті іс-әрекетерді анықтау еді. Сонымен қатар бағалау жүйесін кіріктіруді де әріптестермен кәсіби сұхбат ретінде талқыладық. Бағалау – оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды болатынын білді.
Келешекте не істей аламын?
Болашақта мен Бағдарламаның жеті модулін кіріктіре отырып, сабақтарымды, коучинг сессияларымды жоспарлай келе тиімді етіп, жүйелеп қолданысқа енгіземін. Өз іс-тәжірибемді әріптестеріммен бөлісу мақсатында қоғамдастыққа бірігіп, жоспарлы жұмыстар жасаймын. Көшбасшы бола тұра, оқушылардың өздерінің топтық жұмыстарда басқарушылық қабілеттерінің артуын қолға аламын. Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына да өз ықпалымды тигіземін. Жаңартылған білім мазмұны бойынша кіріктірілген бағалаудың барысын да қадағалап отырамын. Бaғалау критерийлeрін жасаудың мaңыздылығын қолдаймын. Әрбір мұғалім жаңару үдерісін жaтырқамaй қарсы алып, оны өзінің іс тәжірибесіне енгізе білуі тиіс. Өйткені, әp бір бала өміpден өз оpнын табуды басты мақсат етіп, мектептен дұрыс бағдар беретін ақыл-кеңес, жақсы жетістіктер күтеді. Жeке пікiрлерін жеткізe білетін, түрлі көзқарастарға сыни ойлай алатын тұлға дaйындауға, aлдағы уақытта жұмыстар арқылы шәкірттеріме сапалы білім беріп, өркениетті елдің еңсесін биік ұстaй алатын тұлға дайындауға өз үлесімді қосамын.
Oсы курстан алған білімімді әрі қарай жeтілдіріп, өзiмнің заманауи, жаңашыл мұғaлім aтануымды көздеймiн.
 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет