Оқу үрдісіндегі рефлексияның орны мен маңызы
Бүгінгі таңда дамыта оқыту идеясының оқу үрдісіне енуі мен жаңартылған оқу мазмұнының іс жүзінде асырылуы барысында рефлексияның оқу үрдісінде алатын орны арта түсті. Рефлексияның мәні-адамның өз білімін, алған білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау болып табылады.
Рефлексия – бұл:
-адамның өзін-өзі талдауы
-өз-өзімен сөйлесу
-замануи педагогикада өз қызметін және оның нәтижесін талдау
-ойлау туралы ойлау
-алған білімді талдау арқылы жаңа білім алу немесе білмегенді білуге жағдай туғызу.
«Рефлексия» сөзі латын тіліндегі «reflexio» - артқа қарау деген ұғымды білдіреді. Бүгінгі күн тәжірибесінде бұл оқу үрдісінде сабақта алған білім мен білік дағдыларына қорытынды жасап, талдау деуге болады. Жалпы алғанда рефлексия зерттеу секілді: адам өзінің ішкі дүниесін жан-жақты қарастыра отырып, өзін-өзі зерттейді. Бұл зерттеудің басты тақырыбы адамның өзі болып табылады. Адам өзінің жасап жатқан іс-әрекетін тоқтатып, өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіледі, өзімен –өзі сөйлесіп, өз әрекеттеріне талдау жасап, оларға баға береді, өзіне басқаның көзімен қарайды. Осыдан соң адам өзінің іс-әрекеттеріне өзгеріс енгізіп, кеткен кемшіліктерді түзейді, оларды алдағы уақытта қайталамаудың жолдарын қарастырады, алдағы уақытта қандай істер жасайтынын жоспарлайды.
Рефлексия- өзіндік тәжірибе, өзін-өзі танумен,өздігімен үйрену туралы ойлану болып табылады. Ол білім алушыларға өзінің үйрену әрекеттері және амалдарын айқындауға, нақтылауға, өзінің алдына қойған мақсат-міндеттерін тұжырымдауға, ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев өз кезінде «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір рет, ең болмаса айыңда бір өз –өзіңнен есеп ал!» деп айтқан болатын. Бұл сөздер қазіргі күнде де маңызды және өзекті.
Қазіргі таңда оқу үрдісінде , әр сабақта оқушыларды рефлексия жасауға үйрету керек. Өйткені бала рефлексия жасай алмаса, өз әрекеттерін түсіндіріп, оған талдау жасай отырып, бағалай алмаса, бала оқу әрекеттерін орындап қана қояды да, өзі жасаған оқу әрекеттерінің өзінің дамуындағы маңыздылығын түсінбейтін болады.
Басқаша айтатын болсақ, рефлексия жасай алмайтын бала өзінің бойында болып жатқан өзгерістерді де байқамайды.
Рефлексия жасау барысында оқушы өзінің қалай үйренгендігін талдай отырып, үйрену барысында жасаған қадамдармен іс-әрекеттерін түсінуге тырысады. Оқушы өзі атқарған әртүрлі әрекеттеріне талдау жасай отырып, алған нәтижелерін нақтылайды және оларды қалай жақсартуға болатынын ойластырады.
Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болып келеді.Рефлексия- сабақтың негізгі бөлігінің бірі болуға тиіс. Рефлексивтік іс-әрекет оқушының өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік бермек. Рефлексия –адамның өзі жасаған іс-әрекеттерінің мәнін түсінуі, ойлануы арқылы өзіне өзінің нені қалай жасағаны туралы нақты және анық есеп беруі деуге болды.
Педагогикалық практикада бастауыш сынып оқушылары өздері жасаған әрекеттерге ауызша баға беру, суреттер салу, сызбалар түрінде , кестелерді толтыру және т.б түрде рефлексивті жұмыс түрлерімен көрсете алады.
Оқу әрекетіндегі рефлексия-оқу әрекетін іске асырып, тұлғаның ойлау, қабылдау қабілетін жандандырады. Оқушы рефлексия жасау кезінде өз оқу әрекетінің тәсілін түсінеді, соның негізінде білімді саналы игере алады. Рефлексия – өзін-өзі танудың, түсінудің, тексеру мен бақылаудың, өзін бағалаудың басты тәсілі және ойлаудың негізгі құралы болып табылады.
Білімді саналы меңгеру және белсенді болу дамыта отырып оқытудың басты қағидаларының бірі. Ал оқушы білім алаудағы мақсатты саналы түрде түсінсе ғана, белесенді болады. Рефлексияны әр түрде жүзеге асыруға болады. ол сабақтың соңында, әр өткен тақырып соңында, сабақ кезеңдерінің арасында, қандай да бір тарау өткен соң да өткізуге болады. Рефлексияның түрлеріне тоқтайтын болсақ, олардың төмендегідей түрлері бар:
Достарыңызбен бөлісу: |