Рефлексия оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындаудың



бет3/6
Дата12.05.2022
өлшемі25,15 Kb.
#34192
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҚТЖ-19 рефлексия (3)

5. «Мақсат ағашы». Оқушы алдына қандай мақсат қойды? Өз «ағашына» орналастыру.

6. «Сөз». Мұғалім балаларға қағаз беріп, бес минут ішінде оқылатын тақырыпқа қатысты сөздерді жазып шығуын сұрайды. Барлық оқушылар 5 минут ішінде тапсырманы орындап, неше сөз жазғандарын санайды. Олардың сөз саны деңгейлеріне қарай әр түрлі болады. (кейбіреулерін оқып беруге болады.)

7. «Ертегіні тап». Тірек сөздер арқылы ертегінің немесе әңгіменің атауын табу.

        Көңіл-күй және эмоциялық жағдай рефлексиясын топта қалыпты қарым-қатынас орнату үшін сабақтың басында және жұмыс соңында өткізген дұрыс. Ол үшін түрлі көңіл-күй белгіленген топшамалар, көңіл-күйді түс арқылы белгілеу, көркем бейнелі безендірулер (суреттер, сазды көрініс т.б.)

       Мысалы, әдеби шығармаларды талдау алдында Абайдың сазды әуендерін тыңдап, Ә.Қастеевтің көркем суреттері арқылы тақырыпқа енуге болады. Сабақты бұлай бастау мұғалім мен оқушыға қажетті көңіл-күйді қалыптастырады.

       Жұмыс істеу рефлексиясы оқу материалымен жүргізілген әдістер мен тәсілдерді түсініп, тың әдістер іздеуіне мүмкіндік береді. Рефлексиялық жұмыстың бұл түрі үй тапсырмасын тексеру және жоба қорғау кезінде өте тиімді. Бұл рефлексияны сабақ соңында «табыс баспалдағы», «өзіме хат», «жеделхат» тәсілдері арқылы қолдану оқушылардың сабақтың әр кезеңіндегі белсенділіктерін бағалауға мүмкіндік береді. Жеделхат, нұсқаулық, жадынама құру – оқылған материалдан маңызды ақпаратты іріктеу, оны қысқарған шағын түрінде ұсыну.

       Қойылған міндеттерді шешудің тиімділігін «балық қаңқасы», кластер, шоқжұлдыздар, тырнауыш т.б. түрінде көрсетуге болады.

       Оқу материалының мазмұны бойынша рефлексия өткен материалдың мазмұнын тану деңгейін анықтау үшін қолданылады. Аяқталмаған сөйлем, қанатты сөздер теру тәсілдері мен «мақсаттар ағашын» қолданып мақсатқа жету рефлексиясын, субъективті тәжірибені талдау тәсілін, ең танымал синквейн әдісін қолдану талданатын мәселені анықтауға, бұрынғы білімі мен жаңа білімін біріктіруге көмектеседі. Синквейн сырттай қарағанда өте қарапайым болғанмен, рефлексия үшін өте күшті құрал.

-Хокку (хайку) – 17 буыннан тұратын ұйқасы жоқ үш шумақ, ойын нақты жеткізу қабілеттілігін дамытады.

-Диаманта – 7 жолдан тұратын өлең түрі, бірінші және соңғы жолдары  қарама-қарсы мағынадағы ұғым болу керек.

        1, 7 жолдар – зат есімдер (антонимдер)

        2 – бірінші жолдағы зат есімге екі сын есім

        3 - бірінші жолдағы зат есімге үш етістік

        4 – зат есімдермен 2 сөз тіркесі

        5 – екінші зат есімге үш етістік

        6 - екінші зат есімге екі сын есім

Мысалы:

Қала


Үлкен, көне

Құрылады, өседі, өркендейді

Белгілі қала, кіші ауыл

Қайта өркендейді, дамиды, асырайды

Әдемі, көрікті

Ауыл


-ПОПС-формула – интерактивті тәсіл, құқықтану прфессоры Дэйвид Маккойд-Мэйсон құрған. Ағылшын тілінде ол PRES-formula болып жазылады. Орыс тіліне аударған «Азаматтық білім үшін» қауымдастығының вице-президенті, Санкт-Петербург құқық институтының бірінші проректоры Аркадий Гутников. ПОПС-формуласы бойынша жауап беру – шағын әрі шешендікпен берілетін жауап.

Оқушыларға ПОПС-формуласы бойынша төрт сөйлем жазу ұсыылады.

П – пікір

О – ойын түсіндіруі

П – пікір бойынша мысал, дерек

С – соңғы шешімі

Бұл тәсілде әр бөлім белгілі бір сөйлемдермен басталуы тиіс: 1.«Менің ойымша, ...»

2. «Себебі мен оны ... деп түсінемін»

3. «Оны мен мынадай ... деректермен, мысалдармен дәлелдеймін.»

4. «Осыған байланысты мен ... қорытындыға келдім».

Сөйтіп, санаулы ғана уақытта оқушының материалды қалай түсінгені, оны қалай бағалайтыны, қалай қорытындылайтыны  туралы ақпарат ала аламыз.  Ал ең бастысы, біз оқушыларға өз ойын, көзқарасын айтуына мүмкіндік береміз.

 Сабақ соңындағы рефлексия

        Әдетте сабақ соңында қалай жұмыс істегендері, не білгендері туралы талқылау, қорытынды жүргізіледі, яғни сабақтың басында қойылған мақсаттарға қосқан өз үлесі, белсенділігі, сыныптың жұмысының тиімділігі, алынған жұмыс түрлерінің пайдалылығы туралы баға береді.

1.Балалар шеңбер бойынша тақтадағы рефлексиялық сөйлемдерді таңдап алып, бір сөйлеммен жалғастырып өз ойын айтады:

Бүгін мен ... білдім.

... қызық болды

... қиын болды

Мен тапсырманы ... орындадым

Мен ...    екенін түсіндім

Енді мен ...

Мен ... сездім

Мен ... алдым.

Мен ... үйрендім

Мен ... жасай алдым

Мен ... байқап көремін

Сабақ маған өміріме қажет ... берді

Мен ... жасағым келеді

2. «Плюс-минус-қызықты». Бұл жаттығуды уақытқа қарай жазбаша да, ауызша да орындауға болады. Жазбаша орындау үшін үш бағаннан тұратын кестені толтыру керек. «П» - «плюс» - бағанына сабақта не ұнағанын жазады, жұмыс туралы ақпарат, өзіне қажетті нәрсе алғаны туралы жағымды әсерлері т.б. «М» - «минус» - бағанына сабақта не ұнамағаны, көңілсіздік, жағымсыз әсер қалдырған нәрселер мен оның ойынша қажеттілігі шамалы ақпараттар туралы жазады. «Қ» - «қызықты» - бағанына  сабақта алған қызықты деректер туралы жазып, әрі қарай не білгілері келетіні бойынша мұғалімге сұрақтарын жазады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет