Бұл жаттығу мұғалімге сабаққа оқушылардың көзімен қарауға, әр оқушының көзқарасын талдауға мүмкіндік береді. Оқушылар үшін «П» және «Қ» бөлімдері маңызды болып табылады, себебі бұл жерде оларға қажет болуы мүмкін ақпараттар бар.
3. Сауалнама. Оқушыларға шағын сауалнама ұсынылады, сабақтың қай бөліміне назар аударылуы керегіне қарай оның толтырылу тәртібін өзгертуге болады. Оқушылардан өз жауаптарын түсіндіруін сұрауға болады.
1.Сабақта мен белсенді/бейтарап болдым
2.Сабақтағы өз іс-әрекетім ұнады/ұнамады
3.Сабақ маған қысқы/ұзақ боп көрінді
4.Мен сабақта шаршаған жоқпын/шаршадым
5.Менің көңіл-күйім жақсарды/нашарлап кетті
Рефлексияның осындай түрлері арқылы мұғалім кері байланыс орната алады, бұл сабақтың тиімділігін арттырып, білім сапасының көтерілуіне әкелетіні сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |