Регистрационная карта статьи


Расчет стоимости публикации статьи



бет2/3
Дата28.09.2022
өлшемі23,48 Kb.
#40536
1   2   3
Байланысты:
Султанова Н.К.1

Расчет стоимости публикации статьи

Публикация четырех страниц статьи

400 руб.

Превышение четырех страниц: + 100 руб. за страницу (пятую, шестую, …) + 0 руб.

+ 0 руб.

Свидетельство о публикации статьи: + 200 руб. за свидетельство + 0 руб.

+ 0 руб.

Сертификат участника конференции: + 200 руб. за сертификат на одного автора + 0 руб.

+ 0 руб.

ИТОГО к оплате

= 400 руб.

СУЛТАНОВА Н.К., АХМЕТОВ С.Ж. БАЯХМЕТОВА. А.Т., АХМЕТОВА Ж.С.
ФОРМИРОВАНИЕ ТОЛЕРАНТНОСТИ СТУДЕНТОВ ЧЕРЕЗ ТРАДИЦИИ КАЗАХСКОГО НАРОДА


THE FORMATION OF TOLERANCE OF STUDENTS THROUGH THE TRADITION OF THE KAZAKH PEOPLE


В данной статье представлена информация об эффективности формирования качеств толерантности с помощью новых технологий о национальном менталитете, традициях, обычаях, культуре, мировоззрении казахского народа, формировании поведенческих навыков, доверия, знаний в национальной и межнациональной отношения
Бүгінгі күні оқу-тәрбие үрдісінде студенттерді толеранттылыққа тәрбиелеудің қажеттігі артып отыр десек онда осы қажеттілікті қанағаттандырудың бір жолы – барлық оқу орынында білім алатын студенттерді толеранттылыққа тәрбиелеу міндетін шешу болып саналады.
Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында «Елбасының этносаралық және конфессияаралық келісімінің теңдессіз үлгісі жас ұрпақтың толеранттылығын қалыптастырудың, олардың этностық және діни ерекшеліктерін түсіністікпен қарауының және құрметпен қабылдауының негізіне айналуы керек.» - деп көрсетілген .
Осыған орай, біз толеранттылық ұғымын әр қырынан қарастыруды жөн көрдік яғни, толеранттылық «адам даралығы көріністерінің өзіндік айқындау түрлері мен тәсілдеріміздің, әлеміміздің әр алуан бай мәдениетін сыйлауды, қабылдауды және түсінуді» білдіреді. Оған білімдер, ашық-жарқындылық, қарым-қатынас және ой, ар және сенім еркіндігі ықпал етеді.
Толеранттылық – әр алуан еркіндік. Бұл тек моральды борыш емес, сонымен қатар ол саяси әрі құқықтық қажеттілік.
Толеранттылық – барлық елдер үшін ең маңызды мәселе, еркін қоғам мен мемлекеттік тұрақтылықтың белгісі. «Толеранттылық» (лат. «tolerantia» - шыдам, төзім) басқалардың пікіріне, наным-сеніміне, жүріс-тұрысына, өмір сүру жағдайына түсіністікпен қарау, адамды сол қалпында қабылдау. Толеранттылық – интегралдық қасиет. Егер ол қалыптасқан болса, онда ол барлық өмірлік жағдайларда және барлық адамдарға қатысты көрініс табады. Жалпы толеранттылық дамыған елдерге тән құбылыс. Мұндай қасиет тұтас ұлттың басына бір күнде орнай салмайтыны белгілі. Бұл – халықтың сана-сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгендігінің айқын көрінісі.
Қазақстан халқының толеранттылығын көптеген мемлекеттер мен діни конфессиялар да мойындап, еліміздің тәжірибесіне қызығушылықтарын білдіруде. Мемлекетіміз ұлтаралық келісім мен бірлікті дамытуды басты саяси бағыт ретінде ұстанады. Барлық халықтар өркениетке бет бұрған бүгінгі әлемде адамаралық, этносаралық және конфессияаралық өзара түсіністік пен төзімділікті қалыптастыру қоғамның бейбіт те, орнықты дамуының кепілі ретінде бағаланды. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Жастар саясатын іске асыру қазақстандық патриотизмді, рухани-адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу, ұлттық сәйкестікті қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады» делінген болатын .
Толеранттылықты студент жастардың санасына енгізу және қалыптастыру, оны негізгі құндылықтардың біріне айналдыру білім беру жүйесінің маңызды міндеті болып табылады. Жоғары оқу орнында студенттердің бойында толеранттылық қасиеттерін қалыптастыру бойынша атқарылатын тәрбие жұмысының маңызы ерекше.
Студенттердің бойында толеранттылық қасиеттерді қалыптастырудың тиімділігі ұлттық және ұлтаралық қатынастардағы мінез-құлық дағдысының, сенімінің, білімінің қалыптасуы тұрғысынан қарастырылуы керек. Студенттерді толеранттылыққа тәрбиелеу ісінде топ кураторларының атқаратын жұмысы маңызды. Кураторлар топтағы студенттердің жас ерекшеліктерін, ұлттық жеке даралық қасиеттерін бағалап, әр түрлі дәстүрлі және дәстүрлі емес формадағы, яғни, дөңгелек үстелдер, дебат, диспут, студенттердің шығармашылық жұмыстарын көрсету, конкурстар, тренингтер өткізу әдістері арқылы әрбір студенттің топпен қарым-қатынасын ұйымдастыруға ықпал етеді.
Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында: «Жастардың төл мәдениеттен нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға – Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруы тиіс» деп көрсетілгендей пән сабақтарында оқытушы суденттерге қазақ халқының ұлттық менталитеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті, дүниетанымы жайлы жаңа технологияларды пайдалана отырып мәлімет береді. Сондай-ақ студенттерді басқа ұлт өкілдерінің де ұлттық-мәдени құндылықтарын, тарихын, әдет-ғұрыптарын сыйлауға тәрбиелейді. Жас ұрпаққа тіл үйрету негізінде қазақ халқының ұлттық мәдениеті жайлы баяндайтын тақырыптар өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері, мәдениетімен салыстыра отырып түсіндіріледі.
Толеранттылық педагогикасының теориялық негізін гуманистік құндылық ретіндегі толеранттылық туралы ұстанымды құрайды. Осыған орай толеранттылыққа тәрбиелеу – бұл адамның менталдық негізіне идеалдарды қалыптастыруды пайымдайтын; педагогикалық үрдістің әлеуметтік мәдени қызметтерін іске асыратын; құндылық бағдарының арасындағы және адам түсінігінің диалогы, адамдардың әртүрлі моралдік ұстаным, әртүрлі мәдениет, дәуір, дәстүр және инновацияның қиын жүйелі-құрылымды үрдісі. Білім беру саласы өзінің педагогикалық әдістері арқылы толеранттыққа тәрбиелеу сияқты өзекті мәселені шешуде жүйелілікті ескермеу адам өркениетінің болашағына оның физикалық және рухани прогресіне кері әсерін тигізеді.
Сондықтан ұлттық-мәдени құндылықтарды негізге ала отырып, оқыту үрдісінде және сабақтан тыс уақытта іс-шараларды өткізу барысында қазақ халқының салт-дәстүрі арқылы студенттердің толеранттылық қасиеттердің қалыптасуы жүзеге асырылады. Осындай іс-шаралар жүйелі және кешенді түрде іске асырылса, тәрбие жұмыстары мақсатына жетіп, нәтижелі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет