4. Осы Техникалық регламентте «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы заңдарына сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады, оның ішінде: 1) жұмыртқа — ауыл шаруашылығы құстарынан алынған қауызы бар өнім; 2) диеталық жұмыртқалар - 0оС-тан 20оС-қа дейін температурада сақтау мерзімі 7 тәуліктен аспайтын тауық жұмыртқасы; 3) асханалық жұмыртқалар - 0оС-тан 20оС дейінгі температурада сақтау мерзімі 8-ден 25 тәулікке дейінді құрайтын тауық жұмыртқасы және минус 2оС-тан 0оС дейінгі температурада өндіруші кәсіпорында өнеркәсіптік тоңазытқыштарда 90 тәуліктен аспайтын уақыт бойы сақталған жұмыртқа; 4) жұмыртқа өнімдері - құрамында кем дегенде 50 % тұтас жұмыртқа, немесе тек сары уыз, жұмыртқа ақ уызы немесе жұмыртқа сары уызы мен ақ уызының қосындысы бар өнімдер; 5) қауызы жоқ тұтас жұмыртқалар (меланж) - қабылданған технологияларға сәйкес қауызында жарылған жұмыртқаның ішіндегі барлық заттан алынған гомогенді өнім; 6) жұмыртқаның сары уызы - қабылданған технологияларға сәйкес жарылған жұмыртқаның ішіндегі заттан сары уызды бөліп алу кезінде алынған гомогенді жұмыртқа өнімі; 7) жұмыртқаның ақ уызы - қабылданған технологияларға сәйкес жарылған жұмыртқаның ішіндегі заттан ақ уызды бөліп алу кезінде алынған гомогенді жұмыртқа өнімі; 8) сұйық жұмыртқа өнімі - қабылданған технологияларға сәйкес табиғи арақатынаста немесе ақ уыз бен сары уыздың әр түрлі пропорциясында ақ уыз бен сары уыздың қоспасын білдіретін, жұмыртқаны жарып және қауызынан бөліп алғаннан кейін алынған жұмыртқа өнімі; 9) мұздатылған жұмыртқа өнімі - сұйық жұмыртқа өнімін терең мұздатуды қоса алғанда, мұздату жолымен алынған және мұздатылған қалыпта сақталып тұратын өнім; 10) құрғақ жұмыртқа өнімі - ұнтақ тәріздес немесе түйіршіктелген өнімді алуға дейінгі сұйық жұмыртқа өнімін кептіру жолымен алынған жұмыртқа өнімі;