Режиссура өнерінің ұлттық кескін-келбетті ұстап тұрудағы рөлі сараланды


«Қазақ режиссура өнерінің тууы мен қалыптасуы» (1915-1939)



бет3/7
Дата22.04.2022
өлшемі35,59 Kb.
#31875
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
КІРІСПЕ (1)

8 2.1«Қазақ режиссура өнерінің тууы мен қалыптасуы» (1915-1939)

ХХ ғасыр басында ел өмірінде болып жатқан саяси-әлеуметтік оқиғалардың күрделілігіне қарамастан қазақтың оқыған жастары театр өнерінің ағартушылық болмысын айқын түсініп үлгірді. Олар театрдың өзіне тән басты ерекшелігі көзбен көру екендігін, бір спектакль арқылы сан мыңдаған көрермендердің рухын оятып, эстетикалық талғамдарын қалыптастыруға болатынын тура ұқты. Өздерінің идеясын көркемдік пішінге (формаға) түсіріп, түсінікті тілмен жеткізуге күш жұмсады. Халқын ояту үшін өлең тілімен, өнер тілімен ел-жұртын білім-ғылым жолына түсіруді мақсат еткен зиялыларымыз театр өнерін де сол ағартушылық жолда пайдалануды көздеді. Қазақ интеллегенциясы еуропа театры мен драматургиясы тарихына қызығушылық білдіріп, өз халқының тұрмысынан, салт-санасынан, фольклорынан соларға ұқсас пішіндерді іздеген және тапқан.

Орыс, татар труппаларымен араласа жүріп театр өнерінің қуатты күшін терең түсінген зиялыларымыз қазан төңкерісі орнамай тұрып-ақ Семей қаласында қазақ театрының шаңырағын көтеріп үлгірді. Театрмен бірге қазақ топырағында бұрын болып көрмеген режиссура өнері де туды. Оның басында қазақ халқының ұлы ойшылдарының бірі - жазушы, ақын, тұңғыш кәсіби драматург, публицист, сыншы, асқан шебер аудармашы, педагог, психолог – Жүсіпбек Аймауытов тұрды.

Жұмыста Ж.Аймауытовтың ұлттық театрдың бірінші режиссері болғанды туралы кеңінен сараланды. 1990 жылы жарыққа шыққан Ж.Аймауытовтың пьесалар жинағының [5, 14 ] алғы сөзінде Б.Құндақбайұлы 1915 жылдың 13 ақпанында Семейде қойылған “Біржан - Сара” айтысының инсценировкасын 9 жасап, сахнаға қойған режиссер Ж.Аймауытов екендігін және 2008 жылы “Әдебиет айдыны” газетінде басылған мақаласында: “Ж.Аймауытовтың режиссурасына оралсақ, қазақ топырағындағы тұңғыш спектакль 1915 жылы 13 ақпанда Семейде қойылды. Сахнаға қоятын пьеса болмағандықтан мұғалімдер семинариясының студенті Ж.Аймауытов әйгілі “Біржан-Сара” айтысының Қазанда басылған нұсқасын сахнаға бейімдеп (инсценировкалап), ұлттық топырақта көркемдік талапқа толық жауап берген тұңғыш спектакльдің қойылуы ерекше мәдени рухани құбылыс. Бұл ұлттық сахна өнерінің туған күні” [ 6 ] - деп ресми пікірін білдірді. Зерттеушінің бұл тұжырымы дүниежүзі театрларының тарихына сүйене отырып жасалған дәлелді пікір. Әлемдік театрдың туған жылы (б.д.д. 534 ж.) Дионис құдайдың құрметіне арналып қойылған афиндік Феспид ақынның (б.д.д. VІ ғ.) трагедиясынан [ 7, 14 ] басталғанын және сол ежелгі грек трагедиясы актер мен хор арасындағы диалогке құрылғаны белгілі. Сол сияқты дүниежүзіндегі барлық театрлардың туған күні өз жерінде алғаш қойылған спектакльден басталған. Театр сыншысы “Біз де енді қазақ театрының тарихын 1926 жылдан емес, 1915 жылдан бастағанымыз жөн. Тарихи да, ғылыми да шындық осы” [6]-деп қазақ театр тарихының әріден басталатынын тура көрсетті.

1915-1929 жылдардың аралығында Ж.Аймауытов режиссурасымен жарық көрген спектакльдерде оның актерлермен тыңғылықты жұмыс жасағандығы, яғни репетициялар жүргізгендігі, сонымен қоса сахнаның әрекет орны екендігін терең ескеріп, спектакль уақытын тура анықтай білгендігі де байқалады. Еуропалық үлгідегі театрдың ірге тасын өз қолымен қалап, оның сахнасына алғашқылардың бірі болып пьеса жазуы театр өнерін ғана емес, 10 қазақ әдебиетіндегі драматургия жанрының өрістеуіне де әсерін тигізді. Оның қаламынан туған пьесалар енді ғана жұмыс жасай бастаған театр үйірмелерінде және кейін ашылған кәсіби театр репертуарының негізін құрады.

Пьесаны идеялық жағынан талдау, жекелеген кейіпкерлерге мінездемелер беру, сол спектакльде ойнайтын актерлерді таңдау, жанрлық ерекшеліктерді анықтай алу, спектакль уақытын белгілеу (ырғақ пен екпін), кеңістікті пайдалану (мизансценалар), спектакльді безендіру тәрізді режиссерлік тұжырымдардың Ж.Аймауытовта болғандығына ол туралы жазылған зерттеулер мен естеліктерге сүйене отырып көз жеткіземіз. Ж.Аймауытов қазақ режиссерлік өнерінің негізін салушы әрі көшбасшысы деп нақты тұжырым жасаймыз. Ол өзімен қатар жүрген әріптестеріне мол тәлім берді. Кейін ұлттық театр ашылған кезде оның сахнасына спектакльдер қойғанын ескерсек, онда тура сол уақытта режиссурамен айналысуды бастаған Ж.Шанин, С.Қожамқұлов, Қ.Жандарбеков Ж.Аймауытовтың пьесамен, актерлермен қалай жұмыс жасағанын көздерімен көрген болып шығады. Бұдан оның соңынан ерген алғашқы буын режиссерлеріміз режиссураның әліпбиін Ж.Аймауытовтан үйренген деп батыл айта аламыз.

Театр режиссурасының негізін қаласқан көрнекті тұлғалардың бірі –

М.О.Әуезов. Белгілі театр сыншысы Қ.Қуандықов М.Әуезовтың театрмен шығармашылық байланысын ірі үш салаға топтастырған. «Бірінші мол арна-драматургиясы. Екінші арна-театр өнері жайында айтқан пікірлері, яғни эстетикалық көзқарасы. Үшінші арна-аудармалары және оның аударма 11
пьесаларды қазақ сахнасына шығарудағы түпкі мақсаттары» деп дұрыс болжам жасаған. [ 8, 3 ]
Шынында да М.Әуезовтың қазақ театрының репертуарын, сахна өнерінің ғылыми-теориялық, әдістемелік жүйесін қалыптастырдағы еңбегі мәңгілік дараланып тұрады. Нақтылап айтқанда, актер мен режиссер өнерінің шеберлік сырлары туралы ғылыми еңбектер жазған зерттеуші, спектакльдердің өнер туындысы тұғырына көтеріліп, көрермендерге жетуін дайындаушы педагог. Диссертацияда М.Әуезовтың пьесалардың көркемдік-идеялық мән сырын түсіндіруде актерлерге үлкен ақылшы болғаны шығарманың поэтикалық қуатын, философиялық және өмірлік астарын талдап түсіндірудегі шеберлігі көрсетілген. Ол режиссураны байыпты талдауларымен нығайтқан интерпретатор болғаны кеңінен қарастырылды.

Бұл тараушада қазақ театрының ірге тасын қаласқан С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқанов тағы басқа драматургтеріміздің режиссерлік және актерлік міндеттерді қатар атқарғаны жан-жақты талданды. Сонымен бірге қазақтың тұңғыш ұлттық театрын ұйымдастырушы, театр репертуарын молайтып, жақсартуға қаламгерлерді жұмылдырушы, шын мәнісіндегі бірінші ұлттық мәдениет қайраткері С.Садуақасовтың еселі еңбегі де зерттеу нысанына алынды.

Театрдың қоғамдағы орнын анықтауда да С.Садуақасов аса құнды пікірлер айтқан. Ол: «Кітап оқу үшін хат білу керек. Театрды көзі көретін, құлағы еститін адам ұға алады. Театр жанды кітап. Кітаптан театрдың өресі кең. Кітап жалғыз хат танитындардың қаруы, театр көпшіліктің қаруы» [9,12] - деген ойы театр табиғатын терең зерттеуден туған. Ұлы ойшыл енді ғана 12 шаңырақ көтерген кәсіби театрдың бұдан былайғы қазақ қоғамынан алатын орнының тым салмақты екендігіне мән берген. Театр ұлттың күллі болмыс бітімін сақтай отырып өркениетке жетелейтін мәдени ошақ деп түсінді. Сахнадан айтылған жанды сөздің күш-қуаты мыңдаған адамдарды сілкіндіріп, ұлттық ой-сананы сақтап тұратын киелі меккеге айналатынын, бұдан былайғы қазақ өмірінен би-шешендер сияқты басты рольді енді театрдың атқаратынын басқаларға ұқтыра алды. 13

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет