Режиссура өнерінің ұлттық кескін-келбетті ұстап тұрудағы рөлі сараланды



бет5/7
Дата22.04.2022
өлшемі35,59 Kb.
#31875
1   2   3   4   5   6   7
2.3 Ұлттық режиссураның эволюциясы 1940-60 жылдардағы қазақ режиссурасы талданды. Соның ішінде Москва ГИТИС-ін тәмамдап елге оралған А.Тоқпановтың М.Әуезов пен Л.Собольевтің «Абай» трагедиясын сахнаға қою барысында қазақ сахнасына әкелген соны жаңалықтары жан-жақты ашылды. Соның ішінде: 30-шы жылдардағы қазақ интеллегенциясының жаппай қырылып, репрессия оғына ұшырағаннан кейінгі қаралы жылдары Абайдай данамыздың сахналық бейнесінің жасалуы ұлттық мәдениетіміздегі елеулі оқиға еді. Театр репертуарының алтын қазығы болып тұрған Б.Майлиннің, Ж.Шаниннің, С.Сейфулиннің, І.Жансүгіровтың т.б. драматургтеріміздің пьесалары алынып тасталып, репертуар жұтаңдығы басталған кезде қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан философиялық түсінігін, оның әдебі мен адами қарым-қатынасын, ділі мен ұлттық дүниетанымдық ойының ерекшелігін көрсетіп берген Абай спектаклі халықтың еңсесін көтерді. Ұлттық құндылықтарымыздың жоғалмайтынын дәлелдеп берді. М.Әуезовтай ұлы ойшылдың қаламынан өрілген трагедия қаһармандарының мінез тереңдіктері, сөз саптаулары, шиеленіскен тартыстардың қисындылығы спектакльдің негізгі кілтіне айналды. Режиссердің Абай заманын жан-жақты зерттеп, адам тағдырларына терең үңілуі спектакльді театрдың кезеңдік қойылымына айналдырды. Абай бейнесін сомдаған Қ.Қуанышбаев, Керім-Ш.Айманов, Жиренше-Қ.Әділшінов, Зейнеп-Р.Қойшыбаева т.б. актерлер кейіпкержандылық ойын үдерісін көрсетті. Абайды ойнаған Қ.Қуанышбаев сахнаға шықпас бұрын ақынның поэзиясын, философиялық көзқарастарын, сазгерлігін, ол өмір сүрген ортаның тарихи шындығын, өскен, қалыптасқан ортасын жан-жақты зерттеді. Режиссер мен актер Абайды бейнелеуде сыртқы 16 портреттік грим мен ішкі сезім толғаныстарының үйлесе өрілуіне тарихи-этнографиялық дәлдік көріністеріне айрықша мән берді. А.Тоқпанов тарихи тақырыпта спектакль қоюдың өзіндік жолын салды. Қазақ кәсіби режиссерлерінің ішінде алғаш рет К.С.Станиславский жүйесімен спектакль қойып, қазақ актерлерінің жаңа қырларын жарқырата ашты. 17

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет