Режиссура өнерінің ұлттық кескін-келбетті ұстап тұрудағы рөлі сараланды



бет2/7
Дата22.04.2022
өлшемі35,59 Kb.
#31875
1   2   3   4   5   6   7
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ театр тарихындағы режиссура өнерінің тууы, қалыптасуы және даму кезеңдері театртану ғылымында арнайы зерттеу нысанына алынған жоқ.

Бүгінге дейін қазақ режиссурасының тууы мен қалыптасуы және дамуына қатысты жазылған еңбектерді зерттеу өресі мен мазмұнына қарай бірнеше топқа жіктеуге болады. Бірінші топтағы зерттеулерге Ж.Аймауытовтың, М.Әуезовтың, С.Смағұловтың, І.Жансүгіров пен Ғ.Тоғжанұлының, Т.Жүргеновтың мақалаларын жатқызамыз. Бұл ғалымдардың еңбектерінде қазақ режиссурасы арнайы қарастырылмаса да, қазақ мәдениеті үшін жаңа өнер түрі болып есептелген театрдың тууы мен шаңырақ көтеруіне байланысты режиссердің қоғам мен мәдениеттегі орнын аңғаруға болады.

Екінші топтағы еңбектерге қазақ театр тарихын зерттеумен арнайы айналысқан театртанушы ғалымдар Н.Львовтың, Қ.Қуандықовтың, Б.Құндақбаевтың, Л.Богатенкованың, Қ.Мұхамеджановтың, Ә.Сығаевтың, А.Қадыровтың, К.Нұрпейісовтың, С.Қабдиеваның, Н.Шаукенбаеваның тарихи-талдаушылық бағытта жазылған ғылыми монографияларын, 6 режиссерлер А.Тоқпановтың, М.Байсеркеновтың, Р.Сейтметовтың кітаптарын жатқызамыз. Қазақ театрының тууы мен даму белестерінің әрқилы кезеңдерін зерттеген аталмыш ғалымдардың еңбектерінде спектакльдердің тақырыптық-идеялық ерекшеліктері мен актерлік ойындар жан-жақты талданды. Режиссура туралы спектакльдерді талдау барысында айтылып отырды. Сол сияқты қазақ театрының шаңырағын көтерісіп, уығын шанышқан ата буын сахна шеберлері Қ.Байсейітов, Қ.Жандарбеков, Ш.Жиенқұлова, С.Қожамқұлов, Қ.Бадыров, Қ.Қуанышбаев тағы да актерлердің естелік кітаптарынан өздерімен бірге жұмыс жасаған режиссерлер жайында кейбір мағлұматтарды алуға болады.

Үшінші топқа мерзімді газет-журнал беттеріне әр жылдарда жекелеген спектакльдер мен жекелеген режиссерлерге шығармашылық кескіндемелер жазып отырған театр сыншылары С.Мусинаның, С.Досановтың, Қ.Уәлиевтың, режиссерлер С.Шәріповтың, Ш.Аймановтың, жазушылар Н.Оразалин мен А.Нысаналинның, әдебиет сыншысы Ә.Бөпежанованың т.б. мақалаларында режиссерлік өнер спектакльдің тақырыптық мақсаты мен міндеттері аясында бағаланған.

Жинақтап айтқанда, қазақ режиссурасы туралы еңбектерде ұлттық сипатты режиссерлік өнердің бастау көздері, оның қалыптасуы мен даму кезеңдерін толық қамтып, жан-жақты саралап, бір жүйеге түсірген ғылыми еңбек жазылған жоқ.

-1915 жылдан 2005 жылдар аралығындағы кезеңді зерттеу нәтижесінде, оның дамуының басты тенденцияларын бейнелеп негізгі кезеңдерін анықтау;
7
-ХХ ғасырдың басында дүниеге келген театр өнерімен бірге жаңа мәдени эстетикалық жүйе пайда болды. Режиссер осы жаңа жүйенің негізін салған әлеуметтік феномен екенін ашу;
-режиссура өнерінің эволюциясын, ұлттық театрдың кескін-келбетін ұстап тұрудағы рөлін айқындау;
-кеңестік дәуірдің алғашқы жылдары қазақ театрының тууы мен қалыптасуына ерен үлес қосқан әдебиет пен мәдениет және қоғам қайраткерлерінің театрлық-эстетикалық көзқарастарын анықтау;
-қазақ театр тарихынан режиссураның алатын орнын бағамдау және театр мәдениеті мен эстетикасын көтерудегі рөлін саралау; сахнада жарық көрген пьесалардың ұлттық идея контекстіне бағындырылуының мәнін ашу;
-режиссерлердің шығармашылығын қоғамдық-саяси және мәдени өмір контексінде қарастыру;
-еуропалық үлгідегі театр жүйесінің қазақ театрына тигізген ықпалын ашу;
-орыс және өзге ұлт режиссерлерінің қазақ театр мәдениеті мен эстетикасын қалыптастыруға қосқан үлестерін саралау;
-режиссура өнерінің даму кезеңдерін дәстүр мен жаңашылдық арақатынасы негізінде қарастыру;
-қазіргі жаңару мен жаһандану үдерістерінің ауқымындағы қазақ театр режиссурасындағы басты бағыттарды анықтау;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет