Көшеттердің санитарлық жағдайын жақсарту үшін өлген, құрып бара жатқан, ауру және зиянкестермен зақымдалған, сондай-ақ басқа да зақымдары бар ағаштар кесіледі, яғни таңдамалы санитарлық кесулер жүргізіледі.
Таңдамалы санитарлық кесулердің мақсаты ағаштардың жағдайын жақсарту, қауіпті жұқпалы аурулар мене зиянкестердің таралуын болдырмау.
Санитарлық кесу орманды орналастыру кезінде, орман патологиялық зерттеулерінің негізінде немесе орман патологиялық бақылауының нәтижелері бойынша жоспарланады.
Санитарлық кесудің уақыты санитарлық кесуге ағаштарды таңдау бойынша ұсыныстарға сәйкес анықталады және кесу билетінде көрсетіледі.
Санитарлық кесудің уақыты санитарлық кесуге ағаштарды таңдау бойынша ұсыныстарға сәйкес анықталады және кесу билетінде көрсетіледі.
Санитарлық кесу ағаштардың әлсіреуі және ормандардың мақсатты функцияларын бұзу процестерінің дамуына әкелмеуі керек.
Санитарлық кесуден кейін орманның тығыздығы орман алқаптарының оларды қорғау категорияларына сәйкес функцияларды орындау мүмкіндігі қамтамасыз етілетін шекті мәндерден төмен болмауы керек.
Санитарлық кесуге ағаштарды таңдау келесідей жүзеге асырылады.