Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Азаматтық қарым- қатынасты реттейтін құжаттар. Кепілхат туралы пікіріңіз, мысал келтіріңіз



бет13/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58
15. Азаматтық қарым- қатынасты реттейтін құжаттар. Кепілхат туралы пікіріңіз, мысал келтіріңіз.
Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар: сенімхат, кепілхат, өтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі. Кепілхат – белгілі бір құндылықтардың (мүлік, зат, ақша т.б.) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп көрсетіп, келісімшарттың негізінде жасала- тын ісқағазының бір түрі. Кепілхаттың құқықтық дәрежесі жоғары, заңдық күші бар. Себебі, кепілхат міндетті түрде нотариалдық кеңседе нотариус жазбасымен рас- талады, мөр басылады. Кепілхат алушы, беруші және нотариалдық кеңсе үшін 3 дана етіп толтырылады.
Кепілхаттың ерекшелігі: Келісімшарт негізінде жасалынады. Даналары туралы мәлімет көрсетіледі. Кепілдіктері көрсетіледі. 6 Құрылымы:
1.Құжаттың атауы.
2.Күні, айы, жылы, жасалған орны.
3.Кепілхат беруші туралы толық мәлімет яғни аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені.
4.Кепілхат алушы туралы толық мәлімет яғни аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені.
5.Алынған заттың атауы егер ақша болса, сомасы санмен де, жазба- ша да көрсетіледі.
6.Қайтарылатын нақты уақыты.
7.Затқа берілетін кепілдіктері.
8.Даналар туралы мәлімет.
9.Тараптардың қолы.
10.Нотариалдық кеңсенің жазбасы, қолы, мөрі.


16. . Қазақстан Республикасында белгіленген құжат реквизиттеріне тоқталыңыз.
«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 Қаулысы бойынша құжат реквизиті бекітілген. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi қазақ тiлі болып табылады, қазақ тiлiмен тең орыс тiлi ресми түрде қолданылады. Мемлекеттiк емес ұйымдардың жұмысында қазақ тiлі және қажет болған кезде басқа тiлдер қолданылады. Құжаттар А4 (2010х297 миллиметр (бұдан әрі - мм), А5 (148х210мм) форматындағы таза ақ қағаз парақтарында жасалады және жиектері кемінде:
1) сол жағынан - 20 мм;
2) оң жағынан - 10 мм;
3) жоғары жағынан - 10 мм;
4) төменгі жағынан - 10 мм болады.
Екі жақты басып шығару үшін құжат парағының сыртқы жағының жиектері:
1) сол жағынан - 10 мм;
2) оң жағынан - 20 мм;
3) жоғары жағынан - 10 мм;
4) төменгі жағынан - 10 мм.
Әрбір бухгалтерлік құжат онда орындалған әрекеттер туралы керекті түсініктер алу үшін қажетті барлық қажетті мәліметтерден тұратындай етіп ресімделуі керек. Құжаттың құрамдасы болып табылатын осы мәліметтер реквизиттер деп аталады. Құжаттардың реквизиттері шаруашылық әрекеттердің сипатына байланысты болады. Әр түрлі әрекеттер үшін олар сан алуан болып келеді. Алайда көптеген құжаттарда кездесетін негізгі үлгі, оның ішінде олар ақпараттарды қағаз және машиналық тасушыларда және олар үшін міндетті болып табылатын реквизиттері бар. Міндетті реквизиттердің қатарына келесілер жатады:
1)Құжаттаың атауы (талап, лимит-алу картасы, аванстық есеп және т.б. ) және оның реттік нөмірі;
2)Құжат құрылған кәсіпорынның аты мен мекен-жайы;
3) Осы құжатпен ресімделген шаруашылық әрекетіне қатысушы тараптар;
4) Құжатты құру күні;
5) әрекеттің мазмұны мен оны орындау шарты, сонымен қатар оны орындауға негіздеме (келісім-шартқа сілтеме, наряд, бұйрық және т.б.);
6) әрекеттердің өлшем бірліктері, яғни оның ақшалай және заттай көрсеткіштеріндегі сандық көрсетілуі;
7) әрекетке және оның құжатта дұрыс ресімделуіне жауапты тұлғалардың қолтаңбасы. Құжаттар заңды күшіне ие болуы үшін, онда реквизиттер деп аталатын бірқатар элементтер болуы тиіс. Қағаз бетінде белгілі бір тәртіппеп орналасқан құжат реквизиттерінің жиынтығын формуляр деп атайды. Құжат формулярында онымен жедел жүмыс істеуге қажетті деректер болуы тиіс. Жалпы реквизиттерге жататыны: Республика елтаңбасының белгісі, эмблема, ұйымның аты мен мекен-жайы, телефон нөмірі, банкідегі счет нөмірі, құжат түрінің аты (бұйрық, хаттама т. б. ) жасалған орны немесе басылымы, мәтін тақырыбы текске қойған қолы. құжаттың орындалғаны туралы белгі. Аталған тізбелер толық емес, реквизитте ең көп дегенде 26 атау болуы мүмкін. Нақты құжаттарда олар көп болуы да немесе соның кейбіреулері болмауы да мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет