9. Басқару органдарындағы ресми-кеңселік құжат . Хаттама туралы түсінікті талдап қорытыңыз.
Хаттама – жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау, шешім шығару мен қаулы қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. Мекеме жұмысының бағыты мен тыңдалған, қаралған мәселенің ерекшелігіне қарай жазылатын хаттамалар көп. Мысалы, мәжіліс хаттамасы, кеңес хаттамасы, тексеру хаттамасы, жауап алу хаттамасы т.б. Бұлардың әрқайсысының мазмұндық тұрғыдан алғанда ерекшелігі болғанымен, барлығының жазылуы мен рәсімделуінде көп өзгешелік жоқ. Хаттаманың дұрыс жазылуы мен рәсімделуіне ұйым хатшысы жауапты болады. Хаттама қысқаша да, толық түрде де жазылады. Толық жазылған хаттама алқалық ұйымның отырысы барысымен, қабылданған шешіммен жан-жақты танысуға мүмкіндік береді. Хаттаманы хатшы отырыс кезінде жүргізеді. Жиналысқа қатысушылардың сөздерін конспекті етіп жазып отырады. Кейбір жағдайларда стенография жасайды немесе диктофонға жазып алады. Хаттаманың күні (отырыс, мәжіліс) жиналыс өткен күн болып табылады, ал хаттаманың нөмірі алқалық орган отырысының реттік нөмірі болады (реттік нөмір жыл басынан басталады).
10. Кепілхат құжатының жазылу үлгісі туралы мәлімет жинақтаңыз.
Кепілхат – белгілі бір құндылықтардың (мүлік, зат, ақша т.б.) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп көрсетіп, келісімшарттың негізінде жасала- тын ісқағазының бір түрі. Кепілхаттың құқықтық дәрежесі жоғары, заңдық күші бар. Себебі, кепілхат міндетті түрде нотариалдық кеңседе нотариус жазбасымен рас- талады, мөр басылады. Кепілхат алушы, беруші және нотариалдық кеңсе үшін 3 дана етіп толтырылады. Кепілхаттың ерекшелігі:
Келісімшарт негізінде жасалынады. Даналары туралы мәлімет көрсетіледі.
Кепілдіктері көрсетіледі.
6 Құрылымы: Құжаттың атауы.
Күні, айы, жылы, жасалған орны.
Кепілхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені).
Кепілхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені).
Алынған заттың атауы (егер ақша болса, сомасы санмен де, жазба- ша да көрсетіледі).
Қайтарылатын нақты уақыты.
Затқа берілетін кепілдіктері.
Даналар туралы мәлімет.
Тараптардың қолы.
Нотариалдық кеңсенің жазбасы, қолы, мөрі.
Достарыңызбен бөлісу: |