Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Құжат мәтіні. Құжаттарды құрастыру туралы теориялық білімге талдау жасаңыз



бет58/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
ІС-ҚАҒАЗДАР ЕМТИХАН 26

90. Құжат мәтіні. Құжаттарды құрастыру туралы теориялық білімге талдау жасаңыз.
Құжаттардың жасалуына, олардың тіркелуіне, жіктелуіне, қозғалысына, есепке алынуы мен сақталуына байланысты жұмыстардың жиынтығы іс қағаздарын жүргізу деп аталады. Құжаттың мәтіні. Мәтін – құжаттың ең маңызды деректемесі. Ол негізгі екі бөлікке бөлінеді. Біріншісінде – құжатты толтыруға негіз болған жай көрсетіледі. Екіншісінде – қорытындылар, ұсыныстар, нұсқаулар мен өтініш тілектер жазылады. Тіпті, мәтін бір ғана тіркестен тұрғанда, оның бірінші бөлігінде құжатты жасаудың себебі немесе негіздемесі айтылып, екіншісінде, - шешім, нұсқау, өтініш хабарланады. • Мәтін азат жолдарға бөлінеді, қажет болғанда айдарларға бөлініп, тақырыпшалар қойылады. Бұл әсіресе баяндама, есеп беру, шолуларда қажет. • Басқа тізбелер МС белгіленген үлгілерге сәйкес қолданылады. • Мәтінге қойылатын талаптардың бірі – оның қысқа жазылуы. Хаттардың және басқа құжаттардың мәтіні бір аспауы қажет. Келісім – шарттардың көлемі шектелмейді. Мәтінді жазу 3 түрге бөлінеді: • Анкета түрінде • Кесте түрінде • Байланыстырушы немесе комбинациялық • Анкета түрінде сандық немесе сөздік ақпаратты жазған кезде, көбінесе жеке құрам құжаттарда қолданылады; • Кесте түріндегі мәтіндер жоспарлы, есептік, қаржылық; • Байланыстырушы мәтін еркін немесе ақпаратқа өзгеріс енгізу үшін тұрақты ақпарат пен пробелі бар трафарет негізінде жасалады. Құжаттарың өтуі тәртібінде және өңделу процесінде мейлінше бірізділік болуына күш салу қажет. Осы мақсатпен құжаттардың негізгі санаттары мен түрлерінің өтуі мен өңделуінің үлгі сұлбаларын жасау ұсынылады. Ұйымдастырушылық- құқықтық – жарғылар, ережелер, регламенттер, нұсқаулар, штат кестелері, өкімдік- қаулылар, бұйрықтар, өкімдер, шешімдер және басқалар, анықтамалы – ақпараттық – актілер, шарттар, баяндау және түсініктемелік хаттар, қорытындылар, пікірлер, тізбелер, хаттар , мәліметтер, келісімдер, тізімдер, анықтамалар, жоспарлы – есепті: жылдық, тоқсандық, айлық, басқа да жеке жоспарлар мен есептер, қызметкерлердің еңбек қызметін және оларды зейнетақымен қамтамасыз етуге аударылған ақша туралы мәліметтерді растайтын құжаттар. Соған байланысты топтастырылады.• Ұйымдастырушы құжаттар - Ұйым жарғысы, оның құрамы, штаттық кестесі, қағида, қызметтік нұсқаулар, ұйымның құрылтайшы құжаттары болып табылады. Мекеме мемлекеттік тіркеуге алынған сәттен бастап заңды тұлға болып саналады. Тіркеуге алынған мағлұматтар заңды тұлғаларды тіркейтін Мемлекеттік реестрге алынады. Мекеме жарғысы белгіленген тәртіп бойынша бекітіледі. Жарғыда мекеменің іс-әрекеті, негізгі бағыты, басқа бірлестіктер, жеке, заңды тұлғалармен қарым-қатынасы, құқықтары мен міндеттері жазылады. Жарғы мекеменің ұйымдық-құқықтығын, оның атын, мекен-жайын, басқару органын, бақылаушыларын, мекеменің қайта құрылуын, ісін тоқтатуын реттейді, растайды. Құрылтайшылардың келісім-шарттары мекеменің көздеген мақсатын, принциптерін, басқару органының құрамы мен мүмкіндіктерін, келісім-шарт уақытын белгілейді. Жарғы негізінде мекеменің құрылымдық жүйесімен жұмысшылар саны анықталады. Штат кестесінде қызметтік атаулар мен еңбекақылар көрсетіледі. Мекеменің бірнеше құрылымдық бөлімдері болған жағдайда құрылымдық бөлімшелердің құқықтық жағдайын айқындайтын, жауапкершілік міндеттерін, қызметтерін белгілейтін бағыттағы Ереже жасалады. Жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыру мекеме әкімшілігінің міндеттеріне жатады және ол ішкі тәртіп ережелеріне көрініс табады. Мекеменің өзіндік әрекетімен қызметтік бағыты негізінде бұл құжат Ішкі тәртіп ережелерінің типтік үлгісін басшылыққа ала отыра жасалады.
Штаттық кесте Өкімдік құжаттар - Кәсіпорын, ұйым, мекемелердің ағымдағы қызметі бұйрық-жарлық құжаттары арқылы реттеліп, басқарылып отырады. Ұйым әкімшеліктері өздерінің қызметтік іс-әрекеттерінде келесі өкімдік құжаттарды шығарады: бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер; кооперативті ұйымдар - шешім; қоғамдық ұйымдар - қаулы, өкім. Ұйымның қызметтік іс әрекеттерін шешу негізінде нормативті немесе жекелген актіні қабылдау қажеттілігінің барысында ұйымда қаулы, шешім, бұйрықтар шығарылады. Қаулы, шешім, бұйрықтардың орындалуын ұйымдастыру үшін өкім шығарылады. • Өкім – мемлекеттік басқарма органның актісі, мағынасы бойынша өкілетті құжат. Шешім – аса күрделі мәселелер жайында министрлік, ведомствалық немесе ғылыми мәжілістердің алқалы органдарымен қабылданатын құжат. Нұсқау – ақпараттық әдістемелік немесе ұйымдастырушылық сипатка ие құжат. Жарлық – басқарудын шұғыл мәселелері бойынша шығарылатын құқықтық акт. Бұйрық – мекеме алдында турған негізгі және оперативті міндеттерді шешу мақсатында мемлекеттік басқару ұйымдардың, сол мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлер мен оған қатысты ұйымдарға жазбаша түрде ұйым басшысының жеке басшылығымен берілетін құқықтық акт.
• Анықтама – ақпараттық құжаттардың ең көп таралған түрі -қызметтік хаттарды жазуда кең тараған формат түрі А4 болып қала береді.Төменде осы формат түріне жазылатын хат түрлеріне тоқталамыз. Қазіргі кезде хаттарды машинкамен басудан гөрі, компьютерде теріп жазу кең түрде тарауда. Қызметтік хаттарды басып шығару технологиясы өзгергенімен, оларды ждазу әдісі, безендірілуі, хат мазмұнын беру тәсілдері ондаған жылдар бойы қалыптасқан дәстүрінен көп өзгерген жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет