27. Сақтау мерзімі көрсетілген құжаттар тізбегі туралы баяндаңыз. Әр ұйымда іс қағаздарын жүргізуге хатшы немесе арнайы тағайындалған қызметкер жауап береді. Хатшы есепке алу – бақылау (учетно-контрольная карточка) карточкасында құжаттардың орындалу барысын белгілеуге міндетті. Орындаушылар оларға түскен құжаттардың сақталуы үшін жауапкершілік атқарады. Орындаушылар құжаттарды жабылатын үстелдерде, шкафтарда немесе сейфтерде сақтайды. Ағымды іс қағаздарын (текущие дела) орындаушылар сейфтерде немесе жабылатын шкафтарда сақталады. Шкафта онда сақталатын құжаттардың тізбесі болуы тиіс. Іс қағаздарын жүргізумен аяқталған іс (завершение дела) анықтамалық іс үшін бір жыл сақталуы тиіс, содан кейін ғана мұрағатқа тапсырылады. Қызметтік пайдалану үшін істер қол қою арқылы беріледі. Ал істен құжаттарды алуға тыйым салынады.
Сақтау мерзімі бойынша құжаттардың шамамен алынған тізбегі (перечень):
1)Тұрақты түрде сақталатын құжаттар: а) қаржы есебі, дебиторлық берешектер, жетіспеушіліктер, шығындар, ұрлап-жымқыру бойынша құжаттар (анықтамалар, актілер, міндеттемелер, жазысқан хаттар), негізгі қорларды қайта бағалау жөніндегі құжаттар.
2) 75-жылдан аз емес – жәрдемақыны, зейнетақыны т.б. қаржыға байланысты төлемдер, орындау қағаздары.
3) 5-жылдық – хаттар, дербес шоттар (лицевые счета) аудиторлық тексеріс құжаттары.
4) 3-жылдық – шарттардың тізімі, түгендеме құжаттары (по инвентаризации), тоқсандық мәліметтер, кепілдік хаттар.
5) 10-жылдық – өткізу, бөлу, тарату баланстары және оларға қосымша, түсінік жазбалар.
6) үйдің, ғимараттың құжаттары – есептен шыққанша.
28. Құжат, оның қызметі және құжаттау тәсілдері туралы баяндаңыз. «Құжат» термині латынның documentum – айғақ, куә деген сөзінен шығады. Бұл сөзбен тиісті тәсілмен рәсімделген және сондықтан да заңдық күші бар кез-келген жазба деректерді атайды. Құжат сөзінің бірнеше мағынасы кездеседі: 1) қандай да бір фактіні немесе бір нәрсеге құқықты растайтын іскерлік қағаз;2)құжат көрсетушінің жеке басын ресми куәлендіретін қағаз (паспорт, анықтама, куәлік);3) бір нәрсе туралы жазба айғақ (тарихи деректер немесе өндіріс немесе қызмет көрсету саласында жасалған келісімнің айғағы ретіндегі келісімшарттар).Құжаттар әр түрлі қызмет салаларында, білім салаларында, өмір салаларында пайдаланылады, көптеген ғылыми пәндердің зерттеу нысаны б.т., сондықтан да «құжат» ұғымының мазмұны көпқырлы және қай салада, қандай мақсатта пайдаланылатындығына байланысты анықталады. Іс қағаздарын жүргізу мына кезеңдерден тұрады: құжаттау және құжат айналымы. Құжаттау ұйымның жұмыс істеуі үшін қажетті құжаттар кешенін жасау процесі. Құжат айналымы мекеменің өзі жасаған және сырттан келген дайын құжаттармен жұмыс жүргізу. Құжатты мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның іс-әрекетінің бейнелеу негізі деп қарасақ, онда олар бір-бірімен өзара байланысты құжаттама жүйесінен тұрады. Мекеме құжаттарын құру және оларды өңдеу процесінің жиынтығын құжаттама жүйесі деп атайды.Шығу тегі, мақсаты, түрі, қызмет саласы бойынша өзара байланысты, ресімделуіне біріңғай талаптар қойылатын құжаттар жиынтығын құрайды. Құжаттау жүйесі құжаттарды әзірлеу, жасау, келісу, ресімдеу, құжаттаманың барлық түрлерін өңдеу процестерінен тұрады. Құжаттама жүйесінің мақсаты: құжаттау мен құжаттамаларды басқару процесін жетілдіру, басқару еңбегінің сапасын арттыру, мекеме, ұйым, кәсіпорында құжаттармен жұмыс істеудің талаптарын қалыптастыру. Құжаттама жүйесі белгілі бір талаптардан, құжат жасау нормаларынан тұрады. Бұл нормалар заңды актілермен белгіленген. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар іс қағаздарын жүргізу кезінде мынадый нормативтік құқықтық актілердің талаптарын басшылыққа алулары керек. Бірінші кезекте Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашада қабылданған № 107-II «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы, 2003 жылы 7-қаңтарда қабылданған № 370-II «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты 1042-2001 «Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар».