Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Баспа құралдарының көмегімен дайындалатын құжаттарға қойылатын талаптары туралы баяндаңыз



бет19/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58
25. Баспа құралдарының көмегімен дайындалатын құжаттарға қойылатын талаптары туралы баяндаңыз.
Құжат мәтіні А4 және А5 пішінді бланкіде компьютер техникасының құрылғылары көмегімен мөлшері 14 Аrial немесе Тіmеs New Roman харіптерімен жоларалық бір интервалда басылады. Кейбір жағдайларда харіп мөлшері мен жоларалық интервал басқаша болуы да мүмкін. Басылымға дайындалатын құжат мәтіні жоларалық екі интервалмен басылады. Жазу машинкасында құжат мәтіні А4 пішінді бланкіде жоларалық бір жарым интервалмен, А5 пішінді бланкіде - жоларалық бір интервалмен басылады. Құжат мәтiнiн басқан кезде тыныс белгілерінен кейін аралық орын қалдырылады. Цифрлық тәсiлмен ресiмделген құжатта уақыт элементтерiн бөлетiн нүктеден кейiн аралық орын қалдырылмайды. Құжаттың бірнеше жолдан тұратын деректемелері жоларалық бiр интервалмен басылады. "Хат алушы", "бекiту белгiсi" және "келiсу белгiсi" деректемелерiндегi мекен-жай, "БЕКІТЕМІН" ("БЕКІТІЛДІ", "БЕКІТІЛГЕН") және "КЕЛІСІЛДІ" ("КЕЛIСКЕН", "КЕЛIСIЛГЕН") сөздері басқа құрамдас элементтерiнен жоларалық екi интервалда (компьютерлік техниканың баспа құрылғыларында) және жоларалық бір жарым интервалда (жазу машинкасында) бөлектенеді. Құжатты нөлдік белгіден ресімдеген кезде мәтіндік жиектің сол жақ шегiнен мынандай деректемелер басылады:
1) жоғары тұрған органның ресми атауы;
2) ұйымның ресми атауы;
3) құжаттың жасалған немесе басып шығарылған жерi;
4) қосымшаның бар-жоғы туралы белгі;
5) қойылған қолы;
6) келісу белгісі;
7) келісу бұрыштамасы;
8) орындаушы туралы белгі;
9) құжаттың орындалғаны және оның іске жіберілгені туралы белгі;
10) құжаттың электрондық көшірмесінің идентификаторы (сәйкестендiргiшi).
Мәтiндегi "ТЫҢДАЛДЫ", "СӨЗ СӨЙЛЕДІ", "ШЕШТІ", "ҚАУЛЫ ЕТТІ", "БҰЙЫРАМЫН" және тағы басқа сөздер осы үлгiде орналасады.
Құжат түрінің атауы, құжаттың тіркеу нөмірі және мәтінге қойылған тақырып ортаға қарай теңестіріледі. Құжат мәтінінiң бірінші жолы абзацтан басылады.
26. Ұйымдық-өкімдік құжаттар туралы баяндаңыз.
Ұйымдық-басқару құжаттарының негізгі ерекшелігі олардың ішкі құжаттары болып есептеледі.
Кәсіпорындарында шығарылатын ішкі құжат заңдық күші болған жағдайда ғана қызметкерлер үшін орындалуы міндетті болып саналады.
а) құжаттың осындай күші болуы үшін:
-құжаттағы ережелер заңнаманың талаптарына қатаң сәйкес келуі тиіс; -осы өкілеттіке ие кәсіпорын басқармасының бөлімінің лауазымды
тұлғалары осы құжатты дайындау керек;
-құжаттың деректемелері қабылданған нормаларға сәйкес болуы тиіс.
Егер осы нормалар сақталмаса, онда құжатты сот жарамсыз деп таниды.
Құжат жасаудың және сақтаудың кеңінен тараған шағын жүйесі ұйымдық-басқару (өкімдік) құжаттары болып табылады, оған мынадай топтар
кіреді:
-ұйымдық
-басқару
-жеке құрам бойынша құжаттар -қаржылық- есептік -ақпараттық-анықтамалық
Ұйымдық құжаттар:
1.Құрылым және штат саны
2.Штаттық кесте
3.Лауазымдық нұсқаулық
4.«Қызметкерлер туралы» ереже
5.Құрылтай құжаттары
Басқару:
1.Бұйрықтар
2.Өкімдер
3.Нұсқау
4.Шешім (Қаулы)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет