Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Сенімхат, онын құрылымы, мысал келтiрiнiз



бет29/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58
Байланысты:
ІС-ҚАҒАЗДАР ЕМТИХАН 26

41. Сенімхат, онын құрылымы, мысал келтiрiнiз.
Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттардың бірі- сенімхат. СЕНІМХАТ – сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті асыруға құқық беретін, олардың өзара келісімін куәландыратын құжат. Сенімхат мекеме атынан да, жеке адам атынан да беріледі. Ол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да түрлі әрекеттер жасауға сенім білдіріп, құқық береді. Ресми сенімхаттар мекеме бланкіне рәсімделеді. Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады. Егер сенімхат жеке адам тарапьшан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, колы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус сенімхат иесінін қолын растап, мөр басады.
Сенімхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі :
-құжат атауы.
- күні, айы, жылы, мекен-жайы.
- сенімхат беруші туралы толық мәлімет яғни аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі.
-сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет яғни аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі.
- алынғат заттың атауы яғни егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі.
- қайтарылатын нақты уақыты.
- қайтара алмаған жағдайдағы шарты.
- нотариалдық мекеме мөрі.
Сенімхат берілетін жағдайлар: Сенімхат кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалакы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы алу үшін, сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мүрагерлік күкык туралы куәлік алу үшін т. б. толып жатқан жағдайларда беріледі. Сенімхат 1 дана болып дайындалады. Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы 3 ай. Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы 3 жыл.Жарамдылық мерзімі жазбаша жазылуы керек.
Ү л г і:
Сенімхат 15 күнге берілді.
2007 жылғы 25 сәуір қолы
Осы сенімхатты 2007 жылғы 25 сәуірде мен, Досанова Айна, лицензия № 00255 "Айқын" нотариалдық кеңсенің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Ербол Алтайұлы қол қойды. Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, № 21 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.

Нотариус______қолы


мөр орны



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет