Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі туралы өз пікіріңіз



бет37/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58
Байланысты:
ІС-ҚАҒАЗДАР ЕМТИХАН 26

54. Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі туралы өз пікіріңіз.
ҚОЛХАТ - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады. Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
- құжаттың аты;
- қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
- қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
- алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);
- қайтарылатын нақты уақыты;
- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;
- қолхат жазылған күн;
- тараптардың қолы;
- мекеме мөрі.
Сөздік:
қолхат- расписка
азамат- гражданин
мерзім-срок
кепілақы- задаток
қарыз- долг
ақша- деньги
уәде- обещание
қайтарып беру- вернуть, возвращать
алу-брать
кабылдап алу- принять.
55. Облыстық спорт және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен аймақтық жеңіл атлетикадан спартакиада өткізілмекші. Осы мәселеге орай барлық жағдайды ескеріп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы,
Сәтбаев көшесі, 15 үй
Тел. 2-72-39-62
Факс. 2-72-45-12
03.07.2023. №45
АҚПАРАТ ХАТ
Облыстық спорт және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 7 мамырында №7 мектепте аймақтық жеңіл атлетикадан спартакиада өткізіледі. Спартакиадаға барлық орта мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатыса алады.

Байланыс телефондары: 2-72-26-13, 2-72-55-95

Алматы қаласы
әкімінің орынбасары: (қолы) С. Сейдуманов


56. Қандай да бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты растайтын іс қағаздарға мысал келтіріңіз.
Растау хаты (письмо-подтверждение) – жіберілген хат немесе жеделхаттың (бандероль, тауар) алынғаны туралы хабарлайды.
Үлгі
2019 жылғы «19» қазан
«Асыл өнімдері» кәсіпорнының директоры
Сырлыханова Әсем
Мен «Асыл өнімдері» кәсіпорнының директоры Сырлыханова Әсем «Асыл өнімдері» кәсіпорнының акционері Жұмабекова Әселдің келісімшартқа сәйкес «Асыл өнімдері» кәсіпорнындағы айлық кірістің 50% алуға және сол кәсіпорынды басқаруға құқығы бар екенін растаймын.

«Асыл өнімдері» кәсіпорнының директоры _____________ ________________


(қолы) (аты-жөні)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет