Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Қызметтен босату туралы бұйрық үлгісін жазыңыз



бет27/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58
38. Қызметтен босату туралы бұйрық үлгісін жазыңыз.
Ақмола облысы
Өртке қарсы қызмет
басқармасы
№ 2 БҰЙРЫҚ 15.02.2021ж.
Жұмыстан босату туралы
Өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты Айдар Сабыржанұлын 2007 жылдың 15 ақпаннан бастап атқаратын қызметінен босатылсын.
Басқарма бастығы
Ішкі қызмет полковнигі Б. Сабыров

39. Еңбек қатынасында жиі кездесетін құжаттар. Өтініштің үлгісін келтіріңіз.
Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Заңы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау құқықтарын және қорғау мақсатында олардың өтініштерін беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін заң болып табылады. Азаматтардың заңды тұлғалардың арыз - шағымдары міндетті түрде қабылданып, тіркелуге есепке алынуға және аталған заң шеңберіндегі бекітілген мерзімде қаралып, шешілуге тиіс. Субьектінің тікелей жазбаша өтініш жасаған арыз берушіге тіркелген күні мен уақыты,өтінішті қабылдаған адамның аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Тәртіптік кеңесіне азаматтардан әртүрлі арыз – шағымдар келіп түседі. Мысалы : зейнеткерлерге зейнетақы төлеудегі,баларға жәрдемақы бөлудегі, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет өтілін есептеудегі және тұрғын - үй ,жер телімін бөлудегі олқылықтар туралы т.б. көптеген жағдайларға байланысты өтініштер түсіп жатады. Сонымен қатар келіп түсетін өтініштердің бір бөлігі мекеме қызметкерлерінің лауазымды тұлғалардың (басшылардың) немесе әріптестерінің заңға қайшы іс-әрекеттері туралы жазылатын арызы болып табылады. Аталған Заңда кездестірілетін арыз,өтініш,сауал,ұсыныс үн қосу және шағым сияқты ұғымдар жеке-жеке мағынаны білдіреді. Өтініш - өтінішті қарайтын субьектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберілген жеке немесе ұжымдық жазбаша,ауызша не электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электронды құжат нысанындағы ұсыныс,арыз,шағым, сауал немесе үн қосуды айтады. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау өтініш сарқылы жүзеге арқылы жүзеге асырылады. Заң талаптарына сәйкес, өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынған. Өтініште қойылған мәселерді шешу құзіретіне кірмейтін субьектіге немесе лауазымды тұлғаға келіп түскен өтініш үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы арыз берушіге хабарлана отырып,тиісті субьектілерге жіберіледі.Қарау үшін өзге субьектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін өтініштер он бес күн ішінде қаралады. Қарау үшін өзге субьектілерден , лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеруді талап тететін өтініштер лауазымды тұлғаға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады. Бұл туралы күнтізбелік үш күн ішінде арыз иесіне хабарланады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастырудың, қабылдаудың тіркеудің және есепке алудың алудың жай күйі үшін субьектілердің басшылары мен лауазымды тұлғалар жауапты болады. Осындай жауапкершілік жүктелген мемлекеттік қызметкерлер тарапынан азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі бұзылмауы тиіс. Арыз адамның немесе басқа адамдардың өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда жәрдем көрсету туралы өтінішхаты не заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылуы, өтініштерді қарайтын субьектілердің лауазымды тұлғалардың жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарлама не олардың қызметін сынау. Арыз – азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке құқықтары бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру туралы талап-тілек айтылып, заңдық тұрғыда өз құқығын қорғау мақсатында жазылатын ісқағазы. Сауал - адамның жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылығын туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру. Шағым - адамның өзінің бұзылған құқықтарын,бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру, лауазымды тұлғалардың заңсыз іс- әрекеттерін немесе әрекетсіздігін жою,сондай-ақ субьектілерді заңсыз шешімдерінің күшін жою туралы талабы. Сұрау салу дегеніміз – өздерін толғантатын жеке немесе қоғамдық сипаттағы мәселелер жөнінде ақпарат алуға деген азаматтардың мұқтажын білдіретін өтініш. Ұсыныс дегеніміз - қандай да мемлекеттік органдардың,сондай –ақ ұйымдардың жұмысын жетілдірудің қажеттігіне назар аударуды,олардың алдына қойылған міндеттерді шешудің нақтылы жолдары мен тәсілдерін ұсынуды мақсат етіп қоятын өтініш түрі. Үн қосу дегеніміз - азаматтар сол арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатына,сондай – ақ қоғамдық мәні бар өзге де құбылыстар мен уақиғаларға өз көзқарасын білдіретін өтініштің түрі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет