Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Талап арыз құрылымы туралы пікіріңізді тұжырымдаңыз



бет26/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58
Байланысты:
ІС-ҚАҒАЗДАР ЕМТИХАН 26

36. Талап арыз құрылымы туралы пікіріңізді тұжырымдаңыз.
Талап арыз– даулы құқықтық қарым-қатынасты шешу мақсатында аудандық не болмаса қалалық сот төрағасының атына жеке азаматтардың немесе заңды тұлғалардың атынан жазылатын іс қағазының бір түрі. Талап арызда көрсетілген деректер бойынша сот өкілдері іс қозғайды. Талап арыз жазуға негіз болып отырған жағдай іс жүзінде дәлелденген жағдайда заң бойынша шара қолданылады. Талап арызды жазушы, яғни сотқа шағымданушы тұлға талапкердеп аталады. Талапкер жеке тұлға да, заңды тұлға да болуы мүмкін. Талап арызда көрсетілген деректер бойынша жауап беретін азамат немесе заңды тұлға жауапкер деп аталады. Талап арыз негізінен төмендегідей мақсаттарда жазылады:
• Заңға қайшы іс-әрекетті тоқтату;
• Мүлікті қайтару;
• Шығындарды өтеу;
• Қоғамдық немесе ортақ мүліктерді пайдалануға кедергілерді жою;
• Алимент төлету;
• Келісімшартты жарамсыз деп табу;
• Ортақ меншікті бөлу;
Некені бұзу, т.б.
Талап арызда көрсетілетін негізгі мәліметтер:
Талап арыз жолданатын соттың аты;
Талапкер мен жауапкердің аттары мен мекен-жайлары;
Талап арыз жазуға негіз болып отырған жағдай;
Оларды растайтын дәлелдемелер;
Талапкердің қойып отырған талабы;
Егер талап арыз материалдық-құқықтық мәселеге қатысты болса, онда талаптың бағасы;
Қосымша тіркелетін құжаттар тізбесі.
37. Анықтама -ақпараттық құжаттар. Анықтама. Акт туралы пікіріңізді тұжырымдаңыз.
Анықтама– мазмұны белгілі бір фактіні, оқиғаны растайтын, дәлелдейтін, сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық іс қағазының бір түрі. Анықтама көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты бір ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы: тегі, аты-жөні, туған күні, туған жері, еңбек стажы, атқаратын қызметі, білім туралы мәлімет, мамандығы, т.б.Мекеме жетекшісі өз билігі мен өкілеттілігінің шеңберінде ғана анықтама беруге және оны растап қол қоюға құқы бар. Анықтама беруші жауапты адамның қолы ұйым мөрімен расталады. Кез келген анықтаманың тіркелген нөмірі, жауапты адамның қолы, мекеме мөрі болғанда ғана заңды күші болады. Анықтамадағы қызметтік сипаттағы мәліметті тиісті бөлім қызметкері тексереді. Мысалы: еңбекақы туралы мәліметті бухгалтерия бөлімінің қызметкері, белгілі бір мекемеде жұмыс істейтіндігі туралы мәліметті кадр бөлімінің қызметкері тексереді. Анықтама құрылымы төмендегідей:
1. Құжаттың аты.Мысалы: Анықтама.
2. Негізгі мәтін.Негізі мәтінде анықтаманың не үшін берілгендігі жазылады. Мысалы: Осы анықтама Қапалбекова Гүлназ Сатыбалдықызының Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Автоматика және басқару жүйесі технологиялары институтының күндізгі бөлімінің IV курс студенті екендігін растайды.
3. Анықтаманың қай ұйымға арналып берілгендігі туралы мәлімет.Мысалы: Анықтама темір жол және аэрофлот кассаларына көрсету үшін беріледі.
4. Анықтаманың жарамдылық мерзімі туралы мәлімет.Мысалы: 2007 жылдың 30 тамызына дейін жарамды. Анықтама берілген күннен бастап 3 айға дейін жарамды.5.Анықтама мәтінінде жазылған мәліметтің растығын жауапты ұйым жетекшісінің лауазымы, аты-жөні және қолы. Мысалы:Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, профессор Тұрсынова Гүлбаршын Тұрсынқызы. Акт– бірнеше лауазымды адамдардың белгілі бір фактіні немесе оқиғаны растап қол қоятын құжаттың бір түрі. Актіні жеке адам (тексеруші- ревизор, сарапшы-аудитор, инспектор) толтыруы мүмкін.Актілер кәсіпорынның немесе оның бөлімшелерінің және жеке лауазымды адамдардың қызметін тексеру қорытындысы бойынша, мүлікті не құжатты қабылдау-өткізу, объектіні немесе тауар-ақшалық бағалы заттарды қабылдау кезінде жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет