1. Өзіңіз жайлы қысқаша ақпарат: Аты-жөніңіз, жасыңыз және тұрғылықты өңіріңіз, немен айналысасыз? Сәлеметсіз бе! Есімім Шағманова Еркеназ Дауренқызы, мен Абай облысы, Семей қаласынан боламын. Қазіргі таңда қазақ тілі әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша білім алудамын. 3 курс студентімін.
2. Киберқылмыс дегенді қалай түсінесіз? Қандай ассоциация қалыптасады? Киберқылмыс дегенді әлеуметтік желілер арқылы білемін. Яғни, адаммен бетпе бет жолықпай ақ қылмыс жасай алады. Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің нағыз шулап, дүркіреп тұрған заманы ғой. Ақпараттық түрлі соғыстар жүріп жатады. Сондай ақпараттық қылмыс жасау деп білем киберқылмыс дегенді.
3. Сіздің басыңыздан қандай киберқылмыс өтті? Сіз қандай іс-әрекеттерден кейін киберқылмыс жүзеге асырылады деп ойлайсыз? Осы жаз айында маған OLX қосымшасында өзімнің көйлектерімді сату керек болды. Екі көйлекті сатуға қоямын. Бірақ ондай сатуды бірінші рет істейтін болып тұрдым. Одан кейін маған хабарласқан адамдар болды. Сол қосымшадан бір апай жазды, орша жастағы. Орысша сөйлесіп, сататын болып шештім. Бірақ ол кісі покупканы КазПочта арқылы жасайтын болды, яғни ақшасын сонда салады да, тауарды бірден сол жақтан алады. Ол кісі Семей қаласынан болмады, ал мен негізі олай КазПочта арқылы сатып көрмегенмін немесе өзім де біреуден алмағанмын. Әдетте WhatsApp-қа жазатын. Қатты мән бермедім де солай істедім. Маған өзінің данныйлары жіберу керек болды, мен ол туралы аса қатты ойланбадым да. Мен негізі Kaspi арқылы перевод жасап, солай сатуды айтқан болатын. Бірақ та ол кісі маған мен осылай бірнеше рет жасағанмын, маған солай ыңғайлы болады деп көндірді. Одан кейін келісіп, ол кісі маған біл сілтеме жіберді. Сол арқылы кіріп, мен өзімнің реквизиттарымды жаздым. Маған ақшаны солай аударатын болды. Менде бірінші рет болған соң қатты мән бермедім, бірақ реквизиттерімді жазуға қорқақтадым. Өйткені, ол менің өзімнің картамның данныйлары болатын. Ол жерге жазғанда басынша ошибка болды. Ол үшін белгілі бір сумма керек болды, яғни ол картада 20 мың теңгедей тұру керек кем дегенде. Білмеймін, ондай ережелер қайдан шыққанын, бірақ КазПочтада бәлкім солай шығар деген ой болды менде. Содан кейін мен ақша салдым, данныйларымды жаздым, бастапқы уақытта аударылым жасалмады. Одан кейін екінші рет көрді, және сілтемені жібергенде ол жақта менімен сөйлесіп отырған адамдар болды. То есть, көмекші сияқты ретінде, менеджерлер. Қандай проблемалар бар, неге аударылым жасалмай жатыр деп. Ол да бір план болған екен оказывается. Одан кейін барып түнде 12-де бастапқы 20 мың теңгені де, кейін ошибка болып жасалынған ақшаны да снимать етіп алған. Общий где-то 42 мың теңгедей ақша кеткен. Сосын не істерімді білмедім, ОЛХ-та ана кісі де маған ответ қайтармай қалды. WhatsApp-ыма жазды ол кісі кейін, білмегендей. Сөйтсем алаяқтар екен. Кейін банкке барып счетымды заблокировать еттім. Сол жердегі кісілер де айтты, бұндай жағдайлар бұрын да болған. Ол ақша қайтаруға келмейді деп. Қайтаруға жіберген заявка да бармайды деді. Содан кейін жергілікті ҚҚО-на барып заявка жазған болатынмын. Кибермошенничество деп. Заявкамды қабылдады, бірақ ол біраз уақыт қаралды жұмыс. Ақша шынымен қайтарылмады. ОЛХ-тағы кісі де, қосымшада сөйлескен менеджер де жоқ болып кетті.