Өзіңіз жайлы қысқаша ақпарат: Аты-жөніңіз, жасыңыз және тұрғылықты өңіріңіз, немен айналысасыз?
Сәлеметсіз бе! Менің атым Қалиекпер Ақбота, жасым 22-де, тұрғылықты өңірім Алматы қаласы. Қазір магистратура 1 курс студентімін.
Киберқылмыс дегенді қалай түсінесіз?
Киберқылмыс – цифрлық әлемдегі жеке ақпараттарымызды тәркілеу, взламывать. Оған есеп-шоттар мен жеке ақпараттарымыз кіреді.
Киберқылмыс сөзін естігенде қандай ассоциация қалыптасады?
Есеп-шоттарды бұзу, есепшоттан ақшаны заңсыз түрде шешіп алу.
Сіз қандай іс-әрекеттерден кейін киберқылмыс жүзеге асырылады деп ойлайсыз? Жалпы өзімнің оқиғамды айта кетін болсам. Былтыр қыс мезгілінде менің есепшотыма белгілі бір сома көлемінде ақша түскен болатын, одан кейін белгісіз номерден звонок келді. Ол жерде бейтаныс адам: сіздің шотыңызға ақша түсті, ол ақша бізге қажет деді. Шатасып кеттік, по ошибке кетіп қалды. Ақшаны қайта салып жібересіз бе деп реквизиттарды айтқан. Ол жерде киберқылмыс екенін анық түсінбегендіктен, артық ойсыз сол ақшаны қайтадан жіберген болатынмын. Біраз уақыттан кейін менің шотымнан ақшалар шешіле бастады, сол кезде киберқылмысқа тап болғаныма көзім жетті.
Оны білген кезде кімге бірінші хабарладыңыз?
Ең алдымен, есепшотым тіркелген банкке хабарластым. Банк қызметкеріне қоңырау шалып, болған жағдайды т.сіндіріп айттым. Одан кейін ҚҚО-на жүгінген болатынмын, бірақ ҚҚО қызметкерлері менің шешіп алынған сомам үлкен емстігін айтып, ондай кезде көмектесе алмайтынын түсіндіріп айтқан болатын.
Сіздің ойыңызша ҚҚО-ы үшін киберқылмыс мәселесі қаншалықты маңызды, әрі қауіпті қылмыс ретінде саналады?Менің ойымша, киберқылмысты дәстүрлі қылмыс ретінде жаза беру керек. Бірақ қазіргі таңда ҚҚО киберқылмысқа онша қатты серьезно қарамайды, сол үшін киберқылмысты дәстүрлі қылмыс ретінде жазалау керек деп өздері ойламайды.