3. Байқаудың республикалық ұйымдастыру комитеті: 3.1. Байқаудың І кезеңін өткізу туралы сценарийін әзірлейді.
3.2. Байқаудың І кезеңінің тапсырмаларын дайындайды.
3.3. Байқаудың есебі мен ІІ кезеңге қатысатын жүлдегерлер тізімін дайындайды.
3.4. Байқаудың І кезеңі өтетін күнін бекітеді. Сынақ тапсырмаларын байқау өтетін күні таңертең тест сынағы басталғанға дейін 1 сағат уақыт қалғанда өңірлердегі Білім басқармасына жібереді.
ІІ кезеңнің(облыстық және республикалық маңызы бар қала)өткізілу тәртібі
1. Облыс және республикалық маңызы бар қалалар бойынша әрбір аудан ең жоғары нәтиже көрсеткен 3 оқушыдан қатыстырады
(8 сыныптан - 1 оқушы, 9 сыныптан - 1 оқушы, 10 сыныптан - 1 оқушы). 2. Байқаудың облыстық ұйымдастыру комитеті: 2.1. ІІ кезең қатысушыларының тізімін бекітеді.
2.2. Байқауды өткізу үшін орталық алаңды (мектепті) дайындауды жүзеге асырады. Байқауды өткізуге арналған кабинеттер мен марапаттау рәсіміне арналған акт залын әзірлейді.
2.3. БАҚ-та, әлеуметтік желілерде, облыстық және қалалық білім басқармаларының сайттарында байқау туралы ақпаратты жариялайды.
2.4. Байқаудың әділдігін қамтамасыз ету үшін білім басқармалары CD/DVD дискіге жазылатын бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етеді.
2.5. Қазылар алқасының құрамын анықтайды. Қазылар алқасының құрамына «педагог-шебер», «педагог-зерттеуші» біліктілік санатындағы мұғалімдер және жоғары білікті әдіскерлер кіреді. Байқаудың төрағалары облыстық ішкі саясат, білім басқармасының өкілдері, басшылары және облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы болуға тиіс. Қазылар алқасының құрамына байқаудың осы кезеңіне қатысатын оқушылардың мұғалімдері кірмейді. Қазылар алқасының құрамына кемінде 3 адам кіреді (тақ сан).
2.6. Байқаудың қорытындысы туралы хаттама әзірлейді және
ІІІ республикалық кезеңге ең жоғары нәтиже көрсеткен 3 оқушыны анықтайды (8 сыныптан - 1 оқушы, 9 сыныптан - 1 оқушы,
10 сыныптан - 1 оқушы). 2.7. Жүлдегерлерге диплом әзірлеуді іске асырады. Қазылар алқасының шешімі бойынша жоғарыда көрсетілген әрбір сынып категориясы негізінде 1 оқушы – І орынға, 2 оқушы – ІІ орынға, 3 оқушы – ІІІ орынға ие болып, дәрежелі дипломдар мен белсенді қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталады.
2.8. Қорытынды хаттама әзірлейді (2-қосымша)және республикалық ұйымдастыру комитетіне қажетті есептерді жолдайды (3-қосымша).