Қаламгерлер ішінде өмірлік тәжірибесінің көптігімен ерекшеленетін америкалық жазушы Джек Лондонның «Теңіз қорқауы» романы әлемнің көптеген тіліне аударылып, бірнеше рет экранизацияланған. XIX ғасыр соңындағы теңізшілер өмірінен сыр шертетін осынау романды оқығанда, өмірі кемеге мініп көрмеген адамның өзі Тынық мұхитын кесіп өткендей әсер алады. Кітап көпшілік оқырманға арналады.
Кітапта автор қазақ халқының басынан өткен ауыр кезеңдерге тоқталып, дәлірек айтқанда XII, XVIII ғасырлар аралығында орын алған оқиғаларды жазған. Әбіш Кекілбаев тарихи деректерге сүйеніп, оқырманға сол заманның шындығын, қазақтың тәуелсіздікке деген күресін қарапайым тілмен түсіндіруге тырысқан. Басты кейіпкерлердің прототиптері: Тәуке хан, Әбілқайыр хан, Бөкенбай батыр. Ал Тевкелевтің немесе бүкіл елдің атынан сөйлеген билер: Төле, Қазыбек, Әйтеке.
Роман таңғажайып оқиғаларға толы. Автор қазына іздеушілердің қатерлі сапары жайлы аса әсерлі баяндайды. Кемеліне келген әлемдегі ұлы империялардың бірі – ағылшын метраполиясы жаңа жерлерді игеруде, дәулет жинап, қазына толтыруда алдына жан салмағаны аян. Осы әлеуметтік дамудан туындаған сұраныс адам қиялын тербетіп, оны алыста қиын, қатерлі сапарға жүрексінбей аттанатын қылып тәрбиелейтін мәдениетке зәру еді. Басы бос, көкірегі арманға толы, жан-жағына еркін де азат көзқараспен қарап, дүниенің бар байлығын астына басуды ойлаған қоғамның сұранысына орай осы «Қазына аралы» сынды шығармалар дүниеге келді.