Республикалық балалар оқулары байқауын өткізу ережесі астана қаласы


Байқаудың республикалық ұйымдастыру комитеті



бет4/8
Дата08.09.2023
өлшемі69,6 Kb.
#106766
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2. Байқау ЕРЕЖЕСІ

3. Байқаудың республикалық ұйымдастыру комитеті:
3.1. Байқаудың ІІ кезеңін өткізу туралы сценарийін әзірлейді.
3.2. Байқаудың ІІ кезеңінің тапсырмаларын дайындайды.
3.3. Байқаудың қорытындылары бойынша хаттамаларды жинастырады және ІІІ кезеңге қатысатын оқушылардың тізімін әзірлейді.
3.4. Байқаудың ІІ кезеңі өтетін күнін бекітеді. Сынақ тапсырмаларын байқау өтетін күні таңертең тест сынағы басталғанға дейін 1 сағат уақыт қалғанда өңірлердегі Білім басқармасына жібереді.
ІІІ кезеңнің (республикалық) өткізілу тәртібі


1. Республикалық сайысқа Қазақстанның кемінде 17 облыс пен
3 республикалық маңызы бар қаласынан ең жоғары ұпай жинаған
3 оқушыдан қатысады (8 сыныптан - 1 оқушы, 9 сыныптан - 1 оқушы, 10 сыныптан - 1 оқушы).
2. Байқаудың облыстық ұйымдастыру комитеті:
2.1. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған оқушылар мен жетекшілерді белгіленген күні және іс-шара өтетін мекенжайға алып келуін қамтамасыз етеді.
2.2. БАҚ-та, әлеуметтік желілерде, облыстық және қалалық білім басқармаларының сайттарында байқаудың қорытындылары туралы ақпаратты жариялайды.
3. Байқаудың республикалық ұйымдастыру комитеті:
3.1. Байқаудың ІІІ кезеңін өткізу туралы сценарийін әзірлейді.
3.2. Тапсырмалар мәтінінің соңғы нұсқасын әзірлейді.
3.3. Қазылар алқасының құрамын және тәуелсіз комиссияның тізімін әзірлейді. Олардың құрамына кемінде 3 кіреді.
3.4. Байқау қорытындылары бойынша хаттама әзірлейді және
І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздарын анықтайды.
3.5. БАҚ-та және әлеуметтік желілерде байқаудың қорытындылары туралы ақпаратты жариялауды қамтамасыз етеді.
3.6. Республикалық кезең жеңімпаздары үшін марапаттау рәсімін ұйымдастырады.


Байқау жеңімпаздарын марапаттау тәртібі
1. Байқаудың облыстық ұйымдастыру комитеті:
1.1. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған оқушылар мен жетекшілерді белгіленген күні және іс-шара өтетін мекенжайға алып келуін қамтамасыз етеді.
1.2. Республикалық ұйымдастыру комитетіне қажетті есепті жолдайды.
1.3. Республикалық балалар оқулары байқауының марапаттау рәсіміне өңірлерден келетін қатысушылардың келу-кету, тұру шығындарын өздері қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет