Байқаудың мақсаты – балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, еліміздің әдебиеті мен жазушылар шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
Міндеттері: - республикалық байқауға қатысу барысында оқушыларды кітап оқуға бейімдеу және оқу сауаттылығын арттыру;
- балалардың жылдам оқу, логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін қалыптастыру және сананың ашықтығын дамыту;
- туған елі туралы білімдерін жетілдіру және отансүйгіштік сезімін қалыптастыру;
- әлемнің танымал шығармаларымен таныстыру, балалардың таным көкжиегін кеңейту.
Қатысушылар:8-10 сынып оқушылары.
Байқауды өткізу тілі: қазақ тілі.
Байқаудың оқу-танымдық базасы:Байқауға оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқырмандардың жоғары бағасын алған классикалық шығармалары (кітаптар) іріктеледі. Кітаптарда ел тарихы, тұлғалар, адами құндылықтар, ұлттық және халықаралық дүниетанымдық бағыттар қамтылған.
Байқаудың оқу-танымдық базасы: оқушылар байқауға «Әдебиет порталы» интернет-жобасында жарияланған отандық және шетелдік әдеби кітаптар тізімі бойынша дайындалады (1-қосымша). 8 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар (Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» тарихи туындысының І кітабы жәнеДжек Лондонның «Теңіз қорқауы» романы).