190
Синонимдік қатар құрайтын жұптардың біреуі тура мағынада қолданылса, екіншісі
ауыспалы мағынада қолданылады: көмей // көмекей. Көмей сөзі ауыспалы мағынада
жұмсалады, ал көмекей сөзі тек адамға қатысты тура мағынада жұмсалады.
Жаңа атау жасауға қабілетті, қабілетсіздігіне қарай өзгешеленеді:сапар// жол, сүрлеу //
жол. Сапар, сүрлеу сөздерінің көп жаңа атау туғызу мүмкіндіктері шектеулі болса, жол сөзінің
сөз тудыру мүмкіндігі мол [1, 10 ]. Демек, бұл аталған белгілер синонимдердің мағыналық
ерекшеліктерінің әр тарапты екендігін және олардың ұғымдық сипатының да әртүрлі екендігін
танытады. Тіліміздегі синоним сөздердің
жасалу жолдары- ның біразын, мағыналық
айырмашылықтарының дәрежесін, қолданылу аясын анықтап алуға осы жоғарыда аталған
белгілер көмектеседі [2, 15].
Синонимдер бір-бірінен мағыналық реңкі жағынан, стильдік мәні және басқадай сөздермен
өзара қарым-қатынасқа түсіп қолданылуы жағынан үш түрлі белгілері арқылы ажыратылады.
Синонимдік қатарлар зат есім, сын есім, етістік сынды сөз таптарынан жасалады. Әр сөз
табына тән сөздердің өзіндік ерекшеліктері мен мағыналық сипаты болатыны белгілі. Бір сөз
табына қатысты сөздердің сипаты барлық сөз табына тән заңдылықтар мен ерекшеліктерді
түгел қамтып көрсетіп бере алмайды. Себебі қазақ тіліндегі әрбір сөз табы лексикалық,
семантикалық, грамматикалық және сөйлемдегі атқаратын қызметіне қарай бір – бірінен
ерекшеленіп, бөлініп тұратындығы белгілі. Соның бірі зат
есімнен жасалған синонимдер
бойында бар қасиет басқа сөздер табынан табылуы да, табылмауы да ықтимал.
Зат есім синонимдердің жасалуы – семасиологияның ішкі заңдылықтарына байланысты
болады. Қазақ тіліндегі бірқыдыру зат есімдік синонимдер көбіне бір-бірінен мағыналық
реңктері арқылы ажыратылады. Зат есім синонимдерді мағыналық жағынан талдағандағы
басты міндет – олардың арасындағы жалпы ұқсастығын ғана көрсету емес, әрбір зат есім
синонимнің
басқада жоқ, тек өзіне ғана тән ерекшеліктерін де саралап көрсету болып
табылады. Сол арқылы зат есім синонимдердің айырушы семалары және бір-бірін
байланыстыратын ортақ семалары шығады. Енді осы зат есім синонимдердің өзара
семантикалық айырмашылықтарын практикалық тұрғыда айқындасақ. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: