Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет126/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. – Алматы: Мектеп, 1970. – 282 б 
2. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі зат есімнің стилистикасы. - Алматы: Мектеп, 1976. – 105 б.
3. Бизақов С. Синонимдер сөздігі. – Алматы: Арыс, 2007. – 640 б.
4. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. – Алматы: Арыс, 2006, 3-том. Б – Б. – 744 б.
5. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. – Алматы: Арыс, 2007, 8-том. К – Қ. – 744 б.
6. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. – Алматы: Арыс, 2010, 13-том. С – Т. – 750 б.
7. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. – Алматы: Арыс, 2011, 10-том. Қ – М. – 750 б.
8. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. – Алматы: Арыс, 2011, 11-том. М – О. – 750 б.
9. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. – Алматы: Арыс, 2011, 14-том. Т – Ұ. – 798 б.
 
 
Каспихан Б.К.
1-курс магистранты 
Ғылыми жетекші: Салқынбай А.Б. 
ф ғ.д., профессор 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
 
А.С. АМАНЖОЛОВ ЖӘНЕ КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗУЫНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ 
 
Аңдатпа. Мақалада көне түркі жазуының шығу тегі туралы түркітанушылардың еңбектеріне шолу 
жасалады. Түркітану тарихындағы көне түркі жазуының генезисі туралы айтылған пікірлер жүйеленеді. 
Түркітанудағы еурапацентристік көзқарастар сыналып, көне түркі жазуының генезисі туралы А. С. 
Аманжолов теорияларының маңызы баяндалады. Көне түркі жазуының шығу тегі туралы А. С. 
Аманжоловтың іргелі еңбектерінің түркітанудағы орны сөз болады.
Түйін сөздер: көне түркі жазба ескерткіштері, көне түркі жазуының шығу тегі, түркітану тарихы, А. С. 
Аманжолов.
Көне түркі жазуының шығу тегі туралы алғашқы ойлар көне түркі ескерткіштері табыла 
бастаған кезден басталады. И.Н. Тасмағамбетов «Зримый образ великой культуры» атты 
баяндамасында көне түркі ескерткіштерін зерттеуді алты кезеңге бөледі: 1. Руникалық 
мәтіндер зерттеле басталған XVII-XVIII ғасырлар; 2. Руникалық жазудың оқылуын ашу үшін 
материалдар жинала басталған XIX ғасырдың басы; 3. Руникалық жазудың оқылуын ашу 1889 
жылда бастап; 4. 1909 жылдан басталады; 5. Соғысқа дейінгі кезеңде Кеңес одағында көне 
түркі ескерткіштерін зерттеу; 6. Соғыстан кейінгі кезеңдегі зерттелуі [1, 19].
И. Н. Тасмағамбетовтың хронологиялық тәртіпте шартты түрде бөлген осы алты кезеңде 
де көне түркі әліпбиінің шығу тегі басты тақырыптардың бірі болған. Руникалық 
ескерткіштердің зерттеле бастаған XVII-XVIII ғасырлардағы алғашқы кезеңінде руналық 


193 
жазудың кімдердікі екені туралы, қайдан шыққаны туралы алғашқы пікірлер айтылды. Сібірді 
алғашқы зерттеушілердің бірі Д. Г. Мессершмидт Енисей бойынан кездестірген руникалық 
ескерткіштерді солтүстік-батыс Еуропадағы эпиграфикалық ескерткіштермен байланысты-
рып, жазбалардың шығу тегін кельт, готтармен байланыстырады. Бұл пікірге Т. Байер де 
қосылады. П. С. Паллас XVIII ғасырдың 70-жылдары Енисей бойындағы жазба ескерткіштерді 
осы өңірде көне заманда готтар мекендеген деп, ескерткіштерді готтармен байланыстырады 
[2, 6].
1818 жылғы Г. Спасскийдің «Записки о сибирских древностях» еңбегінен басталатын 
екінші кезеңде Ж. П. Абель-Ремюза руникалық ескерткіштерді алғаш рет түркілермен 
байланыстырады, ғалым көне түркі жазуын үйсіндер ойлап тапқанын, ескерткіштердің 
түркілердікі, оның ішінде енисей қырғыздарыныкі екенін айтады. Г. И. Спасский руникалық 
жазуды моңғол немесе қалмақ тектес деп есептесе, Роммель грек-гот әліпбилерімен байланы-
сын айтады. Ю. Клапрот жазудың түркі тілінде екенін есептеп, шығу тегін көне грек әліпби-
лерімен байланыстырады. 1857 жылы Г. И. Спасский руникалық жазулардың шығу тегін 
славяндармен байланыстырады, М. А. Кастрен де бұл пікірге қосылады. Кейін келе Спасский 
өзі ұсынған гипотезасына күмәнмен қарап, жекелеген таңбалардың «сібір тайпаларының» 
рулық таңбаларымен сәйкестігіне назар аударады. Бұл ұқсастыққа А. Вамбери де назар 
аударған. А. А. Шифнер руникалық жазудың шығу тегін рулық таңбалармен байланыстырады.
Үшінші кезең жаңалықтарға толы болады. 1887-1890 жылдары руникалық жазудың шығу 
тегін угор-финдердің эпиграфикаларымен байланыстырып фин ғалымдары Оңтүстік Сібір мен 
Моңғолиядағы ескерткіштерді іздеп, зерттейді. Осы кезеңде үлкен ескерткіштердегі қытай 
мәтіндерінің оқылуының арқасында ескерткіштердің түркілерге тиесілі екені анықталады. 
1893 жылы 15 желтоқсанда дат ғалымы В. Томсен көне түркі жазуының құпиясын ашып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет