185
коммуникативтік құрал ғана емес, психолингвистикалық
тұрғыдан ішкі сезімді, эмоцияны
жарыққа шығарудағы логиканың көрінісі.
Психология үшін сөйлеу – адам санасы мен психикасының терең механизмдері арқылы
реттелетін процесс. Сол процесте парцелляция құбылысының психикалық механизмдердегі
рөлін үш аспектіде зерттеуге болады:
1. сөйлеу іс-әрекетін оны құруды қолданылған тілдік жүйелерге
талдау мен олардың
қызметтері арқылы танымдық немесе эмоциялық процестерге ажырату;
2. сөйлеу қарым-қатынасы жүзеге асуы барысындағы психикалық күйді талдай келе, тілдік
бірліктерді темпераментке байланысты орналастыру;
3. сөйлеудің нәтижесін талдай келе, жеке тілдік құралдарға ажырату.
Ауызша сөйлеуде парцелляция құбылысын қолданудағы психологиялық процестер
механизмін талдау үшін драмалық шығармалардағы кейіпкерлер арасындағы диалогін мысал
етіп алдым:
Балжан. Қой, сен қызды емдету керек шығар.
Сәния. Емдету, неден емдету?
Балжан. «Махаббаттан!». Сайда саны жоқ, құмда ізі жоқ қағаздағы елеске есі дұрыс адам
ғашық бола ма? Әрі, мынадай қақап тұрған заманда!
Сөйлеуші бұл жерде қарым-қатынас барысында парцелляция құбылысын пайдалана
отырып, тыңдаушыны оған бағытталған ақпараттың дәлелділігіне сенімді екенін байқауға
болады (Мұндай заманда ғашық болуға болмайды). Сөйлеуші дәл осы бейнеге зейін аударту
мақсатында парцеллят құрылымды мақсатты түрде сөйлеуді қолданды. Ал осы психологиялық
процестердің байланыс-қатынастары мида жалпылай көрініс тауып, ол сөз ретінде жарыққа
шығуынан күрделі ойлау процесі жүзеге асты.
Сөйлеушінің қандай тілдік бірлікті таңдап алуына қарап, оның психикалық қалып-күйін
анықтауға болады. Оларға көңіл күй мен аффектіні жатқызуға болады. Көңіл күй – біршама
бәсең,
бірақ әжептәуір ұзағырақ, ал аффект – қысқа уақытқа созылса да, қатты көрінетін
эмоция түрі.
Мысалы:
Ахмет. Шалкезжан, әрине, сен маған күнің қарап қалып отырған жоқ...
Мен сен туралы
Достарыңызбен бөлісу: