Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет153/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

 
Abstract. The article is written about the importance of interactive teaching methods in teaching complex 
sentences according to the new educational program. The Kazakh language lessons include the ways of teaching 
complex sentences. Also, covered the ways of developing of students’ critical thinking, making decisions, and 
discussion skills. The examples show that interactive methods can be used at every stage of the lesson. The article is 
based on A. Alimov’s methodological guidelines who made a great contribution to investigate of the interactive 
methods and provided with examples on the 9
th
grade Kazakh language textbook.
К. Фопель атап айтқандай, оқытудың дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда интерактивті 
оқытудың ерекшелігі сол, «онда қатысушылардың тек ақыл-ой қызметін дамытуға ғана назар 
аудармайды, сонымен қатар оның жеке пікірі, сезімі, білімі, мүддесі мен ұмтылысы тұтастай 
әрекетке тартылады» [1]. Шынымен де, интерактивті оқытуда барлық қатысушылар бір-
бірімен өзара ақпарат алмасады, проблемаларды бірлесіп шешеді және өзінің мінез-құлқын 
бағалайды. Негізгі мақсаттардың бірі – оқытудың қолайлы жағдайларын жасау болып 
табылады. Интерактивті оқытуды сабақ жүргізудің дәстүрлі түрлерімен салыстырғанда, 
оқытушы мен оқушының өзара байланысы өзгереді: педагогтың белсенділігі білім 
алушылардың белсенділігінен кем түсіп, педагог дайын білім бермей, тек қатысушыларды 
өзбетінше ізденуге итермелеп, ұйымдастырушы, бағыттаушы қызметін атқарады. Оқытудың 
интерактивті түрлері жоғары мотивацияны, шығармашылық пен қиял, коммуникабельділік, 
белсенді өмірлік ұстаным, командалық рух, даралық құндылық, еркіндік, өзін-өзі көрсету, 
қызметке акцент, өзара құрмет және демократиялылық қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.
Құрмалас сөйлемді интербелсенді оқу барысында оқушылар сыни ойлауға, шешім 
қабылдауға, күрделі проблемалар төңірегінде ой қозғауға, балама пікірлерді өлшеуге, 
пікірталасқа қатысуға, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Бұл үшін сабақтар 
жұптық және топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылып, түрлі зерттеу жобалары, рөлдік 
ойындар, шығармашылық жұмыстар қолдану тиімді. Оқушы оқу процесінің толық құқылы 
қатысушысы болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі көзі болып табылады.
Интербелсенді оқу/оқыту мектепте мынандай жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге 
асырылады: 


236 
– бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл сыныппен); 
– жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары; 
– оқу, рөлдік және өндірістік (іскерлік) ойындар; 
– пікірталастар; 
– ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет, құжаттар, 
мұражай т. б.); 
– шығармашылық жұмыстар; 
– жағдаяттар (ситуациялар) арқылы үйрену: нақты ситуацияларды талдау, кейс-стади; 
– презинтациялар; 
– компьютерлік оқу бағдарламалары; 
– тренингтер; 
– интервью; 
– сауалнама өткізіп, оның қорытындыларын талдау; 
– кез-келген оқу әрекеттерін кері байланыспен аяқтау т. б. [2] Осы көрсетілген жұмыс 
түрлерінің ішінен құрмалас сөйлемді оқытуда тиімдісін таңдап алу мұғалімнің шеберлігіне 
тікелей байланысты.
Қазақ тілі сабағында интербелсенді әдістерді сөйлесім әрекеттері: тыңдалым, айтылым, 
оқылым, жазылым дағдыларының әрқайсысында да пайдалана беруге болады. Сонымен қатар 
әдеби тіл нормасын меңгертуде де интербелсенді әдістер тиімді болып табылады. Әсіресе, 
құрмалас сөйлемді меңгертуде бұл әдіс әрі ыңғайлы, әрі нәтижелі болып табылады. Бұл 
интербелсенді әдістердің тиімділігін көрсету мақсатында төменде бірнеше мысал көрсетілген.
Жаңартылған білім беру жүйесі бойынша қазақ тілін меңгерту басқа пәндер сияқты оқу 
бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттарына сай жүргізілетіні белгілі. Лексикалық 
тақырып пен грамматикалық тақырыпты меңгерту қатар жүргізіледі. Яғни әдеби тіл нормасы 
– құрмалас сөйлем әр сабақта тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларымен бірге 
меңгертіліп отырылады.
Сөйлесім әрекетінің алғашқылары – тыңдалым мен айтылым. Қазақ тілін меңгертуде бұл 
екі әрекет бірге жүреді. Тыңдалым – дыбысталған мәтінді мағыналық тұрғыда қабылдауға 
бағытталған сөйлеу әрекетінің рецептивті түрі болса, ал айтылым – ауызша вербалды қарым-
қатынас арқылы жүзеге асырылатын тілдік әрекеттің өнімді түрі.
Тыңдалымды ұйымдастыру өте маңызды болып табылады. Тыңдалым тапсырмасын 
ұйымдастыруда: 
1. Мәтін тақырыпқа, оқушы жасына және тілдік деңгейіне сай таңдалуы қажет.
2. Оқушыға ой шақыру үшін тақырып туралы сұрақтар қойылады. Жаңа сөздер 
түсіндіріледі.
3. Мәтінді тыңдар алдында оқушылар алдымен мәтінге арналған тапсырманы және 
сұрақтарды оқып, талқылаулары қажет.
4. Тыңдалым мәтіні кемінде екі рет тыңдалуы керек.
5. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап берген соң, оқушылар жауаптарын жұпта не топта 
салыстыра алады.
6. Ашық сұрақтар арқылы оқушылар мәтіндегі ақпаратты өмірмен байланыстырып, өз 
ойын ортаға салады.
Тыңдалып дағдысын дамытуға арналған сабақты өткізудің негізгі мақсаттарының бірі – 
оқушыларды тиімді тыңдауға үйрету, яғни ақпаратты түсіну үшін онымен не істеу керек 
екенін үйрету болып табылады. Тыңдалым дағдысын дамытуда тапсырмалар мәтіналды, 
мәтінмен жұмыс кезіндегі тапсырмалар, мәтіннен кейінгі тапсырмалар деп бөлінеді. Солардың 
біріне мысал келтірейік.
Мысалы, құрмалас сөйлемді меңгертуде тыңдалымнан кейін оқушылардың оқу-танымдық 
іс-әрекетін белсендіру үшін дидактикалық ойындарды пайдалануға болады. Сол ойындардың 
бірі «Жалғасын тап» ойынын келесі тапсырмада пайдалануымызға болады.


237 
Мәтін. «Көрме аяқталған соң, көптің көкейінде «ЭКСПО елімізге не берді?» деген сауал 
туындады. Сарапшылар ЭКСПО-ның Қазақстан экономикасын дамытуға мультипликатив-
тік тұрғыдан оң әсер еткенін айтады. Туристік сектор жандана түсті және 
туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1, 8 есе артты. Кәсіпкерлік субъектілерінің 
саны 10%-тен аса көбейді де, елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1, 
2 есе өсті. Қазақстанның астанасы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды, «Болашақтың 
энергиясы» аясында озық идеялар мен технологиялардың дамуына түрткі болды» [3].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет