Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет154/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Тапсырма. Мәтін тыңдатылып болғаннан кейін, мәтін мазмұнына байланысты жай 
сөйлемдер беріледі. «Жалғасын тап» әдісі бойынша сол жай сөйлемдерді құрмалас 
сөйлемдерге айналдыру қажет.
Дискриптор. Беріген сөйлемнің жалғасын тауып жазады. Құрмалас сөйлемнің жасалу 
жолын түсіндіреді. Құрмалас сөйлемнің түрін ажыратады.
Келесі сөйлесім әркеті оқылым-рецептивті дағдысы. Оқылым – жазба тілдегі мәтінді түсіну, 
мәтін тілін сөздер деңгейінде және тұтастай мәтін деңгейінде түсіну болып табылады. Карелл 
(1998) оқушылар үшін оқылым әдіс-тәсілдерін білу ғана емес, сондай-ақ сәйкес келетін әдіс 
тәсілдерді таңдай білу де маңызды екенін атап көрсетеді.
Құрмалас сөйлемді меңгертуде оқылым дағдысы бойынша тапсырма берген кезде 
интербелсенді әдістің тиімді, нәтижелі болатын түрін таңдап алу қажет. Бұл ретте оқылым 
кезіндегі тапсырмаға «Insert» әдісін пайдалануға болады. Insert оқу және жазба арқылы 
сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдісі, мәтінмен, жаңа ақпаратпен жұмыс жасағанда 
қолданылады. Бұл әдістемеде көбінесе тиімді оқу технологиясы деп аталады. Іnsert әдісін жаңа 
білімді игеру сабақтарына, түзету сабағына немесе жаңа білім мен дағдыларды жаңарту 
сабағына жақсы сәйкес келеді. Әдіс білім алушыдан пассивті емес, мұқият оқуды талап етеді. 
Егер бұрын ол мәтіндегі түсініксіз сәттерді жіберіп алған болса, онда Insert әдісі сізге назар 
аударуға, мәтіннің әр жолын мұқият қарап оқуға сұрайды. Теориялық материалдың үлкен 
көлемінде өңдеу қажет болған кезде Insert өте тиімді.
Сабақта «Insert» әдісін қолдану әдісі: оқушылар мәтінді арнайы белгішелермен белгілеп 
оқиды: 
V – мен бұл ақпаратты білемін; 
+ – бұл мен үшін жаңа ақпарат; 
– – мен басқаша ойладым, бұл менің білгеніме қарама-қайшы; 
? – мен мұны түсінбедім, бізге нақтылау түсіндірулер қажет.
Мәтін. «Алматыда саумалдан шоколадтың 8 түрін жасайтын өндіріс орны ашылды. 
Мамандардың айтуынша, бұл – қауіпсіз тағам өндіру бағытындағы теңдесі жоқ инновация-
лық жаңалық. Өйткені осындай отандық брендті жасап шығару үшін Қазақ тағамтану 
академиясының президенті Төрегелді Шарманов көптеген ғалым-технологтармен бірлесіп, 
арнайы зерттеулер жүргізген. Тынымсыз ізденістің нәтижесінде Жер шарындағы теңдесі 
жоқ шоколад дайындап шығарды.
Қазақ тағамтану академиясының мамандары ойлап тапқан шоколадтың құрамында 
транс май қышқылдары, қаныққан майлар мен холестерин жоқ. «Шарман» шоколадын жеген 
адам шөлдемейді, себебі оның құрамында Кубадан әкелінген какаоның жоғары сұрыптары 
бар. Ал қант қосылмаған тәттінің бұл түрі әлемде ешбір мемлекетте шықпай, тек бізде 
өндірілуі де үлкен жетістік.
Қант – адамның ең қауіпті жауы. Біздің мақсатымыз – сол қантты араластырмай 
шоколад шығару...» [3].  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет