238
Сөйлесім әрекетінің келесі түрі – жазылым дағдысы. Жазылым – бұл оқушылардан
үйлесімді мәтін құру үшін көптеген күрделі дағдыларды меңгеруді талап ететін міндет.
Дегенмен, оқушылар өздерінің меңгерген білімін үнемі көрсете бермейді. Жазылым үрдісін
жоспар-нобай-түзету-жетілдіру түрінде модельдей отырып, әрі оқушыларға осы ретпен
жұмыс істеуге жағдай жасай отырып, мұғалімдер оқушыларға кідіріс жасап, жазылым
жаттығуы үшін талап ететін барлық дағдыларға тоқталып, ойлануға мүмкіндік беретін
жағымды ахуал қалыптастырады.
Құрмалас сөйлемді оқыту барысында, жазылым кезінде «Бір сөйлеммен түйіндеу әдісін»
пайдалануға болады.
Мәтін. «Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ, азаматтардың
құқығы мен бостандығының сақталуына жете маңыз беріліп келеді. Конституциямыздың 1-
бабында адам құқықтарын сақтау нормасы бекітілді де, 30 бап түгелдей азаматтардың
құқықтарына, бостандықтары мен мүдделеріне арналады. Бұл демократиялық ашық
қоғамда өмірдегі барлық құндылықтардың ішінде адам құқығы мен бостандығы ғана
маңызды болып саналатындығын білдіреді. Демек, адам құқығы мен бостандығын сақтау
тетіктерін іске асыруға, олардың орындалуына кепілдік беруді күшейтуге ерекше назар
аударылады. Ал бұл мәселелердің шын мәнінде қалай жүзеге асып жатқандығын Президент
жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия жұмысынан байқауға болады. Ол –
еліміздің адам құқықтары жөніндегі алғашқы мамандандырылған ұлттық мекеме...» [3].
Достарыңызбен бөлісу: