Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет156/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

ТапсырмаМәтін бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады. Сөйлемдер және, 
әрі, да, де, та, те жалғауларының қатысуымен болуы шарт. Содан кейін бәрін қорытып
түйінді 1 сөйлемді топ мүшелерінің шешімімен түйіндеп, сол сөйлемді топ мүшелері көшіріп 
жазып алады. /Мұғалім ыңғайлас салаластың ережесімен тапсырма орындау барысында 
таныстырады. Жалғаулық шылауларын атап, салаластың бұл түрі жалғаулық-
ты/жалғаулықсыз жасалатыны туралы түсінік береді/.  
Дескриптор: 
– Берілген жалғауларды қолданады; 
Құрмалас сөйлем құрап жазады
– Түйінді сөзді табады.
Жоғарыда көрсетілген бұл әдістер оқушыларды жеке тұлғалық қасиеттерінің 
қалыптасуына, белсенді әрекет етуіне, өзара еркін қарым-қатынас жасауына, сыни тұрғыда 
ойлауына жол ашады.
Ағартушы-ғалым А. Байтұрсынов: «Әдіс деген қатып семіп қалған догма емес. Жақсы 
дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олқылықтың белгісі – бір ғана әдісті болу: шеберліктің 
белгісі – түрлі әдісті болу. Әдіс керектіктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы – жаман болмағы 
жұмсалатын орынның керек қылуына қарай», – дейді [4]. Түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеріп
оларды тиімді пайдалану, сабақты түрлендіріп өткізу үлкен нәтижеге жеткізетіндігі хақ. 
Құрмалас сөйлемді меңгертуде жоғарыда көрсетілген әдістерді ғана пайдалану жеткіліксіз. 
Басқа да көптеген интербелсенді әдістерді пайдаланып, сабақты әрі қызықты, әрі түсінікті, әрі 
нәтижелі қылып өткізуге әбден болады. Ол үшін мұғалімдер үнемі ізденіп, бала үшін жаңа, 
қызықты, пайдалы сабақ үлгілерін жасауы тиіс. Интербелсенді әдістер алуан түрлі. Оларды 
тек тиімді, оқу мақсатына сай пайдалана білу керек.
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика/пер. с. нем. 2-е издание, – Москва: Генезис, 
2005. – 231 с.
2. Әлімов А. Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер. – Астана, 2014.
3. Дәулетбекова Ж., Рауандина А., Дусимбаева М. Қазақ тілі 9 сынып оқулығы. – Алматы. Атамұра, 2019.
4. Байтұрсынов А. Тіл құрал. Сөйлем жүйесі мен түрлері/ Тіл тағылымы. – А., 1992.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет