Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет160/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Бірінші деңгейде оқушы:
 Сауатты жазып, оқып, айтуға дағдыланады; 
 Тіл білімінің әр саласынан өтілген материалдарды жүйелі түрде түсініп, ғылыми тілде 
баяндауға машықтанады; 
 Сөйлеу мәнері белгілі жүйеге түсіп, әуезді сөйлеуге үйренеді; 
 Өзі талдап тұрған сөздің құрамын, құрылысын, буынын, дыбыстардың өзіндік 
ерекшелігін дұрыс ажыратып, жолдастарына, мұғалімге нанымды түрде жеткізуге 
бейімделеді; 
 Тыңдаушы оқушылар да назар қойып, жолдасының жауабын мұқият тыңдауға 
дағдыланады.  
Екінші деңгей. Тілдік бірліктерді қысқаша жазылым бойынша талдап, айтылым бойынша 
толық ауызша сатылай кешенді талдау.  
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясының бұл деңгейінде оқушы талдауды ауызша 
толық баяндап, жазуда талдаудың қысқа түрін қолданады. Дұрыс баяндауға қажет толық үлгісі, 
сөйлем құрылысы алдыңғы сатыда толық қамтылып, үйретілген. Сондықтан оқушы кез келген 
сөзді көрсетілген жүйе бойынша баяндауға машықтанады. Сондай-ақ алдыңғы деңгейде де, 
бұл деңгейде және кейінгі деңгейлерде де тыңдалым үнемі жүзеге асырылып отырады. 
Тыңдалым арқылы баяндаушы оқушының жауабын сыныптағы барлық оқушы мұқият 
тыңдайды, талдау барысында жіберілген кемшілікті байқайды, оны түзетуге әрекет жасайды. 
Тыңдалымды дұрыс жолға қою арқылы мұғалім оқушыны мұқият тыңдауға, тез шешім 
қабылдауға, дұрыс жауапты іркіліссіз айтуға баулиды. Осы арқылы оқушыларды бірте-бірте 
іскерлік қарым-қатынасқа баулиды.
Үшінші деңгей. Тілдік бірліктерді жазылым бойынша ықшамдау принципімен өрнектеу, 
айтылым бойынша ауызша толық сатылай кешенді талдау.
Бұл деңгейде де тілдік қатынастың бірінші – айтылым; екінші – жазылым; үшінші – 
тыңдалым әрекеттері қатар іске асады. Бұл талдау – күрделілігімен ерекшеленеді. Мұнда 
бірнеше сөз немесе сөйлем алынып, әр саты бойынша ұқсас ұғымдар жинақталып, талдау 
арқылы дәлелдеме жұмысы жүргізіледі. Сондай-ақ талдаудың бұл деңгейіндегі көзделетін 
мақсат оқушыларды ой ұшқырлығына баулу, танымдық дүниесін байыту.
Төртінші деңгей. Тілдік бірліктерді жазылым бойынша символдар арқылы ықшамдау 
принципімен өрнектеу, айтылым бойынша ауызша толық талдау.
Бұл деңгейде оқушылардың алдыңғы игерген білім-білік, дағдыларын жинақтап, сауатты 
әңгіме әдісі қолданылады.
Әңгіме әдісі туралы ғалым Т. А. Ильина былай дейді: «Әңгіме дегеніміз – бұл оқытудың 
сұрақ-жауап әдісі. Ол оқу процесінің барлық буындарында қолданылады» [5].
Оқушылар өткен сабақтардағы машықтарын пайдалана отырып, талдау барысында ойын 
дамытуға, өтілген материалды еске түсіруге, ұқсас ұғымдарды жинақтауға, салыстыруға, 
сауатты баяндауға әрекет етеді. Әр оқушының ойлау дербестігі, әңгіменің қажетті желісін 
сақтау және талдау жұмысын дараландыру қамтамасыз етіледі. Осы арқылы мұғалім оқушыны 
жеке шығармашылық жұмыстарға баулу мүмкіндігіне жол ашады.
Бесінші деңгей. Диалог арқылы талдау.


245 
Бесінші деңгейдегі талдау үлгілері көбінесе ауызша орындалады. Бұл талдау арқылы 
аңғарымпаздыққа, әріптесінің жауабын мұқият тыңдауға, ойын әрі жалғастырып кетуге 
машықтанады. Әрі мұндағы іс-әрекет көбіне ойын түрінде жүргізіледі.
Алтыншы деңгей. Жат жазу.
Ертеректе мектеп тәжірибесінде үш-төрт шумақ өлеңді жаттатып, оны жатқа жаздыру 
мұғалімдер тәжірибесінде жиі қолданылатын. Мұндағы, көздеген мақсат: біріншіден, 
оқушылардың өлеңді жадында ұзақ сақтауы үшін; екіншіден, орфографиялық қателерді 
жібермеуге төселдіру үшін; үшіншіден, тыныс белгіні дұрыс қою және қандай жағдайда қай 
тыныс белгіні қою керектігін саналы түрде меңгерту үшін.
Жетінші деңгей. Уақытқа талдау: а) өте жылдам – 3 минутта; ә) жылдам – 5 минутта; б) 
баяу – 7 минутта.
Бүгінгі қоғам автоматтандыру кезеңінде өмір сүріп жатыр. Сондықтан білім беруде де 
жылдамдық, қарқынды оқыту, техникалық, аудио-видео құралдарды кеңінен қолдану өріс 
алуда.
Алдыңғы деңгейлерде жұмыс өз дәрежесінде, жауапкершілікпен, тиянақты жүргізілсе, бұл 
деңгейдегі талдау өз нәтижесін береді.
Тіл білімінің әр саласын он деңгей бойынша талдап, жаттыққан, дағдыланған, 
машықтанған оқушыларға бір сөйлемді сатылай кешенді талдау, уақытқа талдау және тест 
сұрақтарына жауап беру көп қиындық келтірмейді. Өйткені, оқушылар бұған дейін қазақ 
тілінің әр саласынан терең теориялық білім алып, талдаудың түрлі амал-тәсілдерін жете 
меңгерген. Сондықтан оқушылар грамматикалық кез келген тақырыпты ғылыми тілде баяндап, 
практикалық тұрғыдан түрлі жұмыстарды жоғары деңгейде орындайды.
Сегізінші деңгей. Компьютерлік талдау.
Компьютер арқылы оқыту мұғалімнен жаңа ақпараттық технологияларды жете меңгеруді, 
педагогика-психология ғылымдарымен жан-жақты қарулануды, оқу-үрдісін ұйымдастырудың 
технологы болуды талап етеді.
Тоғызыншы деңгей. Ашық тест.
Тест жұмысы – оқушылардың игерген білімін тексеру мен бағалау, танымдық әрекетін, 
ізденімпаздық деңгейін, оқу әрекетіндегі әдістер мен тәсілдердің тиімділігін анықтау жолы 
ретінде қарастырылады. Бұл – оқушының білімін, біліктері мен дағдыларын тексеріп, 
бағалауда, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілеттерін анықтаудағы ең тиімді әдіс.
Оныншы деңгей. Шығармашылық жұмыс.  
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығын өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде 
дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай 
білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, адамның рухани күшін 
нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі.
Қорыта келе, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Н. А. Оразахынованың 
«Сатылай кешенді талдау» технологиясы – ұлттық құндылықтарымызды бағалай білуге, оның 
білім көкжиегінде кең таралуына ықпал етіп, күнделікті өмірде қолданылу аясын жақсартуға 
бағыттайтын оқыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет