Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


технология, викитехнология, подкаст, веб-форум, лингвистикалық корпус, электронды



Pdf көрінісі
бет163/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

технология, викитехнология, подкаст, веб-форум, лингвистикалық корпус, электронды 
сөздіктер, ақпараттық-анықтамалық Интернет-ресурстар, синхронды видео-интернет-
коммуникация құралдары мен навигаторлардың біразы қазақ тілін оқытуда да 


247 
қолданылады. Оның әрқайсысы өзінің керемет дидактикалық ерекшеліктерімен, әдістемелік 
қызметтерімен 
танымал. 
Тілді 
үйретуде 
қатысымның: 
әлеуметтік-тұрмыстық, 
әлеуметтік-мәдени, кәсіби білім және т. б саласын және тілдік тұлғаның сөйлеу шеберлігі мен 
дағдысын қалыптастыруда таптырмас құрал.
Бір мақала көлемінде аталған мобильді технологиялардың барлығына тоқталу мүмкін емес, 
сондықтан алғашқы үшеуін қарастырып, олардың тіл аспектісі мен сөйлеу әрекеті түрлерін 
дамытуға тигізетін ықпалына назар аударайық.
1. Электронды пошта – қолданушылар арасындағы жазбаша хабарламалар мен хат 
алмасатын Интернет-қызметтің бір түрі. Қазір әрбір екінші тұтынушы ақпарат алмасу үшін 
электронды поштаның көмегіне жүгінеді. Еліміз mail. ru әлеуметтік желісін ең көп 
пайдаланушы елдер арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында тұр екен. 
Қазақстанда бұл сайтты аптасына 5 млн. -ға жуық адам қолданады. Осыншама көп 
тұтынушылары бар майл. ру-дың бірнеше қазақша нұсқасы болғанымен, қазақ жастары ұялы 
телефонның көмегіне көбірек жүгінеді екен. Ал ұялы телефонда қазақ тіліне тән әріптер толық 
орналаспағандықтан, сол тілде хабарлама жазбайды. Бұл өз кезегінде қазақ тілінің қолданыс 
аясын шектейді. Дегенмен бұл олқылықтың да шешімі табылыпты. Интернеттегі қазақ тілінің 
қолданысына мүмкіндік беретін UTF-8 деген арнайы кодтың арқасында сайттарды қазақша 
ашуға мүмкіндік жасалыпты. Сондай-ақ nur. kz, www. yandex. kz және т. б. электронды 
поштаның қазіргі мүмкіндіктері жетерлік.
Электронды пошта арқылы хат алмасу әдетте екі адамның арасында жүреді, алайда адресат 
санын арттыруға болады. Тілдік тұлғаның жазылым әрекетін қалыптастыру үшін одан басқа 
да мүмкіндіктерін қарастыруға болады. Мысалы, телекоммуникациялық жобалар және т. б. 
елімізде, әлемде болып жатқан елеулі жаңалықтармен бөлісіп, пікір білдіру. Ол үшін 
студенттерге төмендегідей тапсырма беруге болады: 
– мәдени-танымдық материалдарды талдау, салыстыру, салғастыру; 
– өз елі, туған жері туралы ақпараттармен бөлісу; 
– ұлттық құндылықтар туралы диалогке түсу және т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет