267
естіген әңгімелері де ұмытылмайтын. Қайта бір кездесіп, дәл жауға шапқан пішіндерін
көрсем деген іште жүрген ынтықтығы да болатын.
Ал «Қарауыл биігі анау, жасырын жырасы мынау» деген Есембай-Найзатастар болса, ол
Абайдың өз ауылының аса мәлім қоныстары. Көктемде ауылдары келіп қонып, ұзақ уақыт
отырып, жайлап та кететін. Анау көрініп тұрған төскейдің сай-саласы, бие бауы, ауыл
қонысы, қой өрісі – барлығы да соншалық таныс, жақын. Тіпті, былтыр боқырауда, күзем
үстінде қалаға, оқуға кеткенде дәл осы қоныстан, Есембайдан кеткен болатын. Сонда тайға
шапқан, асық ойнаған құрбы балаларымен жаяу жарыс жасап, асыр салған ең соңғы бір
ыстық қоныс осы болатын. Қыс бойы ауылды, елді сағынғанда есінен кетпейтін соңғы
күндері дәл осы Есембайда өткен».
Берілген үзінді екі абзацтан тұрады. Бірінші абзацтың алғашқы сөйлемі кіріспе мәнге ие,
хабарлы сөйлем, бірақ бүкіл екі абзацқа қатысты жалпылауыш мағынада қолданылған. Өзінен
кейінгі екі абзацтың алғашқысында ұрылар сипатталса, одан кейінгісінде Есембай жырасы
суреттеледі. Екі абзац бір-бірімен параллель байланысқанымен, осы екі абзацтағы сөйлемдер
бір ырғақта, бір интонациялық тонда оқылады. Сөйлемдердің баяндау типі де бір формада
берілген.
Абзац – мәтіннің құрылымдық-мазмұндық ең кішкене бірлігі. Абзацты ерекше тыныс
белгісі ретінде қарауға болады. Диктант, мазмұндама, шығарма жазғанда абзацты ажыратпаса,
ол қате деп саналады. Себебі ол бүкіл мәтіннің мазмұнына қатысты.
Абзацтың шағын
тақырыбы болатынын жоғарыда келтірілген мысалдан байқалады: бірінші абзацтың
тақырыбы – ұры, ал екіншісінікі – Есембай.
Мұғалім оқушыларға талдауға беретін мәтіндерді іріктеп, мағынасы тереңдерін таңдайды.
Мектеп бағдарламасында тілдік бірліктерді мәтін деңгейінде қарастыруға бөлінген арнайы
сағаттар аз. Бірақ ҰБТ-да мәтін бойынша тапсырмалар кездеседі. Ал Назарбаевтың зияткерлік
мектебіне түсуге арналған тест тапсырмалары үш тілде де (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)
тілдік бірліктердің мәтін деңгейіндегі қызметін көрсетуден құралған.
Қазақ тілін орта мектептің өзінде құрылымдық деңгейде оқытудан мәтінге, яғни сөйлеу
әрекетінің нәтижесі ретінде оқытудың қажеттігін көрсетеді.
Тілдік бірліктерді мәтін негізінде оқыту мына бағыттарда жүргізіледі:
1. Мәтін – тілдің таным құралы ретіндегі функционалдық құбылыс.
2. Мәтін – қазақ мәдениетін білудің, үйренудің маңызды құралы.
3. Қазақ тілін оқып үйрену мәтін негізінде, яғни мәтін тілдің бірлігі ретінде
қарастырылады. Оның негізінде грамматикалық категорияларды, тілдік құбылыстарды тану
жүзеге асып, лингвистикалық ұғымдар жүйелі қалыптасады.
4. Мәтін – тілдік құралдарды пайдаланудың нәтижесі. Оның негізінде тілді оқып үйрену
үдерісте, әрекетте жүреді, тілдік бірліктердің сөйлеудегі
функционалдық заңдылықтарын
меңгереді.
5. Мәтін негізінде қатысымдық құзіреттілік қалыптасады.
6. Мәтін негізінде мектепте қазақ тілі мен әдебиеттің бірлігін қамтамасыз етеді. Оны
үйренудің маңызды екі бағытының: тіл жүйесін тану және әр түрлі жағдайларда тілдік
нормаларды меңгерудің қажетті синтезі жүзеге асады.
Мәтін негізінде тілдік бірліктерді оқып үйрену оны құрылымдық деңгейде оқытудан
құтқарады және ол өз кезегінде тілдік, лингвистикалық, қатысымдық құзіреттілікті
қалыптастыру үдерісінің тұтастығы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: