260
түсінуге бағыттасақ, онда білімнің тиімділігі әлдеқайда тез әрі көп өсер еді. Оның ойынша,
оларды ақиқатты тұлға санасымен байланыстырушы «көпір» ретінде қарастыра отырып, өзін-
өзі түсіну, мәтінді түсіну (оқу және ғылыми, саяси және әдеби), басқа адамдарды(бірінші
кезекте басқа мәдениет өкілін) түсінуге үйрету маңызды [1, 432].
Аталған мәселені жоғары оқу орны педагогикасында есепке алу соңғы жылдары білім
саласын гуманитаризяциялау мен гуманизациялаудың жалпы бағытының пайда болуына
әкеліп отыр. Оның нәтижесі білімді мәдениет контексінде қарастыру болып табылады. Шетел
тілін оқыту бойынша көптеген лингводидактикалық еңбектер тіл мен мәдениеттің терең
бірлікте екенін ашып көрсететін М. М. Бахтиннің мәдениет концепциясына сүйенеді.
Қоғамдық мәдени феномен ретінде шет тілінің ерекшелігі сол, ол тек қана басқа мәдениетті
тануға зор мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар өзінің ұлттық мәдениетінің
ерекшеліктерін ұғынуға, жалпы адами құндылықтармен тұлғаны «мәдениет диалогы»
контексінде тәрбиелеуге жол ашады.
«Мәдениет» ұғымының өзі өткен ғасырдың 70-жылдары-ақ шет тілін оқыту мазмұнының
компоненттерінің бірі бола бастады, оған мәдениет тек тілі оқытылатын елдің елтануы туралы
білім мен байланысты өз алдына бөлек, дербес бірлік болып келді. Дегенмен, бұл өзгерістерге
қарамастан, лингвомәдени аспектілерді қолдану аясы күнделікті
қарым-қатынас жағдаят
шеңберінде сәйкесті әлеуметтік өзін-өзі ұстау қалпы дағдысын дамытуға бағыттылған
прагматикалық мақсатпен ғана шектелді. Ол кезде шет тілін үйретудің басты принципі
ағылшын тілін меңгеру үдерісінде тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін оқу материалын
әдістемелік тұрғыдан ұйымдастыру болатын.
Ол жылдардың оқулықтарында басты орынды грамматикалық жаттығулар алатын. Себебі,
оқулық авторларының пікірінше сөйлем құрылысының ерекшелігін түсіну ғана ойдың
семантикасын түсінуге және өз сөйлемін дұрыс құрауға мүмкіндік береді.
90- жылдары жаһандық өзгерістерге байланысты, ағылшын тілінің ғылым мен техниканың
барлық саласына енуіне байланысты оқушы тұлғасын таныс емес ақиқат пен бөтен мәдениетті
қабылдау негізінде дамыту керектігіне қол жеткізілді.
Тілді шынайы сөйлеу – шығармашылық әрекет ретінде үйрену мәселесі (В. Гумбольдт),
лингвистиканың антропологиялық парадигмаға көшуінің алғы шарты болып табылады.
Соның негізінде жаңа гуманитарлық пән-лингвомәдениеттану пайда болды. Әлі күнге дейін
лингвомәдениеттанудың ортақ қабылданған анықтамасы, оның мәртебесі, зерттеу нысаны мен
әдістері жөнінде бірегей пікір жоқ. Осы ұғымды барынша толық ашып көрсететін
«лингвомәдениеттану мәдениет пен тілдің қызметінде өзара байланыс пен әрекеттестікті
зерттейтін, әрі осы екеуін тұтастай тілдік және тілдік емес
мәдени мазмұн бірлігінде
бейнелейтін синтездік типтегі кешенді ғылыми пән» деп В. В. Воробьев берген анықтама. Ол
түрлі халық өкілдерінің әлемді қабылдау ерекшелігін ескеріп отыру қажеттігін білдіреді [2,
331].
Қазіргі заманауи өмір жағдайы шет тілін үйренуде оны шынайы әрекетті табысты түрде
жүзеге асыру әрі басқа мәдениетті тасымалдаушылармен шынайы қарым-қатынас жасау
құралы ретінде үйренуді талап етеді. Ағылшын тілі де халықаралық тіл мәртебесіне ие және
мәдениетаралық коммуникацияға қажет тіл болып саналады. Бір жағынан ағылшын тіліндегі
мәдени дүниетаным көрінісін меңгеру оның нұсқаларының алуан түрлі болып келуімен
қиындық туғызады. Себебі олардың әрқайсысы коммуникативтік жағдаятта қолданылғанда
жалпы тілдік норма мен дәстүрлі ережелер түрінде қандай да бір инвариантты болып келеді.
Екінші жағынан ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің тәуелсіз тарихи дамуы тілдің барлық
лингвистикалық
аспектілерінде
ұлттық-детерминантты
компоненттер
түрінде
ерекшеліктердің пайда болуына әкеп соқтырады.
Көптеген отандық оқу орындарында қабылданған ағылшын тілінің британдық нұсқасы, сөз
жоқ, коммуникативтік тапсырмаларды шешудің тілдік және тілдік емес формаларының
британдық нормасын меңгеруді ұсынады.
Тілдік қатынас үлгісі ретінде әдетте нақты жағдаятқа сай келетін сөйлеу стилін,
грамматикалық құрылымды, сөйлемнің коммуникативтік
типін қөрсететін шетел тілі
261
дискурсы ұсынылады. Сонымен қатар, профессор Тер-Минасованың «Война и мир языков и
культур» кітабында келтірілген ғылыми деректер (мәліметтер) қарым-қатынастың 7%-ы тілдік
құралдардан, 38%-ы сөздің фонетикалық рәсімделуінен, 55%-ы тілдік емес құралдардан
жинақталатынын дәлелдейді.
Сонымен сөзбен тек қарым-қатынастың 7%-ы ғана жүзеге асырылады, ал 93%-ы біздің
мәліметті қалай жеткізуімізде жатыр. Қарым-қатынастың бейвербал түрінің ерекшелігі оқу
әдебиеттерінде ешқандай сипатқа ие болмаған [3, 286].
Тіл үйренушілердің назарын коммуникация барысында сөздердің қолданысына ерекше
мән беруін үйрету қажет. Себебі түрлі мәдениет өкілдерінің сөйлеу нормалары мен этикеті
бір-біріне ұқсамайды. Мысалы, бір нәрсеге келіспеушілікті, үзілді-кесілді қарсы болуды орыс
ұлты өкілдері «Нет, я не согласен» деп берсе, ағылшындар «Yes, that’s
rather an attractive idea,
but…. .» деп білдіреді, ал қазақтар «келіспеймін, келісе алмаймын» деп жеткізеді.
Сондай-ақ грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастырылған тіркес «What do you want?»
ағылшындар үшін жағымды реңкте айтылмайды, оның орнына «What would you like?» немесе
«Can I help you?» тіркестерін қолданған жөн.
Оқытудың тағы бір аспектісі сөйлеу әрекетінің мазмұнын құрайтын тематика.
Британдықтар тематикасында ауа-райы мен денсаулық жөнінде әңгімелесу үнемі өзекті.
Десекте, тәжірибе көрсетіп отырғандай мектепте де, жоғары оқу орнында да қарым-
қатынастың басты формасы «Шетел тілі» сабағы аясында ғана оқытылады, тілден тыс
мазмұнға жеткілікті көңіл бөлінбейді.
Шет тілін оқытуда лингвомәдени тәсілді тиімді жүзеге асыру үшін сөйлеу бірліктерін
енгізуде, оны сөйлеу жағдаятпен ажырамас бірлікте болатын вербалды қарым-қатынас,
бейвербал қарым-қатынас, узус-пен бір жиынтықта қатар қолдану керек.
Мысалы: Кездескенде айтылатын «How are you?» – I’m fine, thanks. And how are you? – Very
well, thank you» – фразасын үйреткенде оқытушы оқушының назарын:
– фонетикалық рәсімделуіне, фраза әуеніне;
– лексикалық рәсімделу ерекшелігіне (жауапта «fine» сөзін қайталауға болмайтынын);
– өз көңіл-күйін білдіруде шағым айтпайтын британдық коммуникацияның ерекшелігіне;
– сөйлесіп тұрғанда арақашықтықты сақтау керек екендігіне аудару керек.
Бұл мақсатқа жету үшін оқу үдерісін мәдениетаралық қарым-қатынас
ортасын құратын
аутентті материалдар негізінде әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.
Оқушыларды шынайы ағылшын тілді ортаға тарту жолдарының бірі ағылшын тілді елдердің
сөз қолдану ерекшелігін мүмкіндік туғызатын ағылшын-ағылшын сөздігі материалдарын
пайдалану болып табылады: «ethos»-fundamental principles, «to be ahead of» -to be better than,
«hothousing» -to intensely educate young children(as a plant in a hothouse gets intense heat), «to
lessen – to diminish», «to tap-to hit the finger», «well of – rich», «toddler» – a child aged
approximately 18 months-3 years)[4, 162].
Мультимедия технологиясын қолдану сөйлеу жағдаяттарын модельдеу, шынайы қарым-
қатынасты
ұйымдастыру, вербал және бейвербал қарым-қатынас түрлерінің ұлттық
ерекшеліктерін визуалды демонстрация арқылы елтану білімін оқу үдерісімен интеграциялау
мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Интернет қолжетімділігі аутентті мәтіндік, дыбыстық
ақпаратпен бейнеақпаратты қолдануға мүмкіндік береді. Өзін қоршаған әлем мен адамды
білуге және түсінуге жол ашатын e’mail жобалар бар [5, 512].
Интерактивті қарым-қатынас жүйесінде электронды поштамен жеке хат алмасу,
адресатпен шынайы диалог жүргізуге, өз ойыңды дәл,
анық жеткізуге, алған ақпаратты
қабылдауға және бастапқы мәліметті түзету мақсатында қосымша ақпарат сұрауға керемет
мүмкіндік береді.
Осылайша, шет тілін оқытудағы лингвомәдени контекст ана тілі мен үйретілетін тілдегі
сөйлеу бірліктері мен таңбаларының вербал және бейвербал рәсімделуін айырып көрсетуге
мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: