Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейнгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. – Алматы, 2004.
2. Құрманова Н. Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы. Монография. – Астана. Мемлекеттік тілді
жеделдете оқыту республикалық орталығы, 2017.
3. Қараев Ж., Ешеева Ж. Программалап оқыту және оның компьютерді оқытуға пайдаланумен байланысы.
– Алматы, 1991.
4. Кәтенбаева Б. Ш. Тіл ұстарту жұмыстары бойынша методикалық нұсқаулар. – Алматы: Рауан, 1991.
5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.
6. Құтқожина Р., Қасабекова Қ. Қазақ тілі сабақтарына арналған дидактикалық материалдар. – Алматы:
Рауан, 2014.
Есембекова Ш.Т. педагогика ғ.м., аға оқытушы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЛИНГВОМӘДЕНИ КОНТЕКСТІҢ МАҢЫЗЫ Аңдатпа. Аталмыш мақалада ағылшын тілін оқытуда лингвомәдени контекстің маңыздылығы туралы
айтылады. Жаһандық өзгерістерге байланысты, ағылшын тілінің ғылым мен техниканың барлық саласына
енуіне байланысты оқушы тұлғасын таныс емес ақиқат пен бөтен мәдениетті қабылдау негізінде дамыту
бүгінгі таңда орта және жоғары оқу орындары мен мектеп алдында тұрған кезек күттірмес мәселе екені сөз
болады. Сонымен қатар тілді коммуникативтік мақсатта оқытуда грамматиканы тілді оқытудың басты
құралы емес, ал аспектісі ретінде қарастыру тиімді екені тілге тиек етілді. Ағылшын тілін оқытуда
лингвомәдени тәсілді тиімді жүзеге асыру үшін сөйлеу бірліктерін енгізуде, оны сөйлеу жағдаятпен
ажырамас бірлікте болатын вербалды қарым-қатынас, бейвербал қарым-қатынас, узус-пен бір жиынтықта
қатар қолдану қажеттілігі туралы біршама мағлұмат беріледі. Қазіргі заманауи өмір жағдайы шет тілін
үйренуде оны шынайы әрекетті табысты түрде жүзеге асыру әрі басқа мәдениетті тасымалдаушылармен
шынайы қарым-қатынас жасау құралы ретінде үйренуді талап етеді.