45
анықтайды. Осылайша, оқу құралында ғалымның өзі жіктеген сабақтас құрмаластың түрлері
және олардың жасалу жолдарына, мағыналық түрлеріне талдау берілген.
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді функционадық аспектіде қарайтын болсақ, ғалымның
сөйлемдерді осылайша мағыналық топтастыруы қазақ тілінің
функционалды синтаксиске бет
бұруы дейміз. Оқу құралы қазақ тілі синтаксисін функционалдық-
семантикалық және
құрылымдық – семантикалық бағытта оқытуға арналады. Синтаксистік бірліктердің түзілу
механизмдері және олардың функциясын түсіну үшін екі бағыт та маңызды. Алайда, оларды
екі қырынан қарастыру – назар аударылмай келе жатқан мә- селелердің бірі. Синтаксисте
барлық грамматикалық
формаларды сипаттай отырып, құрылымдық синтаксисті жазуға
болады. Синтаксисте сондай – ақ, осы формалар арқылы берілетін барлық мағыналарды жазып
шығуға болады. Форма және мағына бір- бірімен тығыз байланысты, олардың бөлінуі шартты
түрде ғана, синтаксистік құбылыстарды формадан мағынаға немесе мағынадан формаға қарай
сипаттауға болады. Студенттер үшін сипаттаудың екі түрі де маңызды – формадан мағынаға
қарай сипаттау- синтаксистік конструкциялар жүйесінде
тілді оқуға көмектеседі, ал
мағынадан формаға қарай сипаттау- тілді мағыналар жүйесі арқылы меңгертуге көмектеседі.
Сөзімізді қорытындылайтын болсақ, профессор Р. Әмір
ғылыми көпшілікке жаңалығы бар,
құрмалас сөйлемдерді функционадық аспектіде қарастырған оқу құралын ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: