Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет23/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

 
Раев Д. 
философия ғылымдарының докторы, профессор
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 
 
АЙТҚАН СӨЗІН – АҚЫЛЫНЫҢ ӨЛШЕМІ ЕТКЕН ҒАЛЫМ-ТҰЛҒА 
 
Рақыш Сатұлын менің танып-білгенім 1981 жылдың сәуір айынан басталған еді. Мен ол 
кезде С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, философия және экономика 
факультетінің 5 курсында, бітіру алдындағы дипломдық жұмысын жазу үстінде болатынмын. 


42 
Сол жылы Рақыш Сатұлының тапсырысымен ғылыми коммунизм кафедрасының меңгерушісі, 
философия ғылымдарының докторы, профессор Абдрахманов Шәріп Абдрахмановичтің сұ-
рауымен және дипломдық жұмысымның ғылыми жетекшісі Бородиновтың ұсынысымен ка-
федраның келешек жас маманы ретінде менің кандитатурам өткен еді әрі мен оған келісім 
берген едім. Міне, сол 1981-1982 оқу жылының 22 қазан айынан бастап, Рақыш Сатұлы бас-
қарып отырған АПИИЯ-ға оқытушылық қызметке миністірліктің арнайы жолдамасымен кел-
ген болатынмын. Ол кезде қоғамдық ғылымдар кафедрасына қағида бойынша жергілікті 
бастауыш партия ұйымы коммунистік идеологиялық тексеріс пен сұрыптаудан өткізетін. Сол 
идеологиялық тексерістен кейін Рақыш Сатұлы өзіне шақырып, кафедраға қабылданғанымды 
айтып, жұмысыма сәттілік тілеген еді. Міне содан бастап Рақыш ағаның басшылығында 
қызмет жасадым. Сол ағаның батасымен бүгінге дейін 34 жылдың жүзі болды бір орында 
жұмыс жасап келеміз.
Осы жылдар аясында Рақыш Сатұлының оқытушылық пен ғалымдықты тең атқарған, оны 
кісілік пен азаматтық, көрегендік пен парасаттылық қасиетпен бекіте түскен, сабырлық пен 
ұстамдылық, бірсөзділік пен байыпты мінезбен шыңдай түскен, әділ де әділетті, ұстамды да 
ұқыпты, адамгершілігі мол тұлға деп толық айта аламыз. Мұны өзімен қызметтес болған 
әріптестері де, араласқан дос-жарандары да, сол кездегі жас мамандар да, тіпті ол кісінің 
дәрістерін тыңдаған аспиранттар мен студенттер де сезетін және адамгершілік мінезін әлі 
күнге дейін айтып жүреді.
Рақыш Сатұлының жас мамандарға деген қамқорын, әділдігі мен адамгершілігін ерекше 
айтып кеткім келеді. Өйткені, 1983-1984 оқу жылында Рақыш Сатұлының табандылығының, 
қамқорының арқасында 15 жас маман пәтер алды. Соның ішінде мен де болдым. Сонда үш 
жылдың ішінде пәтерге ие болған қуанышымыз мәңгі есімізде. Рақыш ағаның сол бір кісілік 
қамқорлығына алғысымыз шексіз.
Ғылыми салада тікелей қатынасымыз болмағанымен, институт басшысы ретінде оқу 
процесін ұйымдастыру, оны жетілдіру, кадрларды таңдау және оны дайындау, кафедра, 
деканат жұмыстарын бақылауда, студент жастарға патриоттық тәрбие беру жұмыстарын 
дұрыс жолға қоюда, жоғарыдағы мәселелер бойынша ректоратқа, парткомға, ғылыми кеңеске 
сұрақтар әзірлеп қоюда аса сергетік пен жауапкершілік, көрегендік танытып отыратыны 
есімізде. Қоғамдық ғылымдар кафедраларының бірлескен теориялық-әдіснамалық мәжілісте-
рінде жиі болып, рухани-идеологиялық тәрбиені бас назарда ұтайтын. Қоғамдық ғылымдар 
кафедрасы қызметкерлеріне үлкен сенім білдіріп, үміт артатын.
Тағы бір айта кететін жәйт – ол 1986 жылғы оқиғаға байланысты еді. Сондағы жастарға 
жасаған ағалық та, әкелік те, басшы ретіндегі жанашырлығы мен азаматтық мінезі әлі көз 
алдымызда. Сол тұста Рақыш Сатұлының ұстамдылық мінезі «айтқан сөзі – ақылдың өлшемі» 
болған деген ұстанымға жүгінген қасиеттің үлгісі болғанын көзіміз көрді.
Рақыш Сатұлы мерейтойыңыз құтты болсын! Ғұмырыңыз ұзақ, денсаулығыңыз мықты, 
мерейіңіз үстем болсын! Сабырлы да ұстамды мінезіңізбен ортамызда жүре беріңіз, 
шығармашылық табыс тілейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет