120
мал қазақ халқы үшін – жесе асы, ішсе сусыны, мінсе көлігі, кисе киімі, тіпті ауруына шипа
болатын дәрісі де бола білген. Сол себепті адамның жағдайын малын сұрау арқылы білу тілдік
санасында қалыптасып кеткен.
Теңеу, ұқсату бұлар – сананың, ойдың жемісі. Теңеулер арқылы біз сол халықтың ойлау
жүйесі мен тілдік санасын анықтай аламыз. Қазақ халқының санасында өзіне ұнайтын, жақсы
көретін заттарды, құбылыстарды, адамдарды тіпті олардың іс-әрекеттерін малға теңеу кеңінен
таралған. Бұл да қазақ халқының санасында қалған ата-бабаларының шаруашылығы мен күн-
көрісінен сақталған тілдік бірліктері. Мысалы : қойдай жуас, түйедей шыдамды, ботадай көзі
мөлдіріп және т. б. . Сондай-ақ, малдың мүшелерін синекдоха ретінде ауыз екі сөйлеу тілінде
де, көркем шығармаларда да кездеседі. «Аман жүрсе болды, сізден қалған жалғыз
тұяқ еді,
көк көпірді бандылар жарып, үлкен шығын болды деп естіп едім» (О. Бөкеев, Өз отың.), «Бір
ғажабы, мал бағумен
мүйізіміз қарағайдай болған біздерден осылардың жұмысы жемісті
(«Лен. жас») және т. б. Бұл екі сөйлемде «тұяқ» деп малдың тұяғын емес, оның баласын немесе
ұрпағы жайлы айтып тұрса, екінші сөйлемде «мүйізі қарағайдай» деп малдың мүйізін емес,
адамның табысқа, атаққа жетуін жайлы айтып тұр.
Байлық ол – бір нәрсенің мол көзі, қоры, молшылық [7, 598 б. ]. Қазақ халқы үшін
байлықтың өлшемі малмен өлшенген. Мысалы:
«Халықтан
асқан болды
бай.
Байлығында
есеп жоқ,
Айдалып
бағып жайылды
Достарыңызбен бөлісу: